Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178
sillabus madeniettanu (3), Н С аулар растырушы а а о ытушы М атаева С. А
IV

ҚАТЫНАС
-
ТАСЫМАЛ
 
КӨЛІКТЕРІ
 
Қазақ петроглифтерінің ерекше тобын жалпы бейнелеу өнерінде өте сирек кездесетін 
бейнелердің бірі — қатынас-тасымал көліктері құрайды. Олар қазақ петроглифтерінде су колігі — 
қайық-кемелер және құрлық көлігі — арбалар бейнесінде берілген. 
КДИЫҚТАР. КЕМЕЛЕР. Қайық-кемелер сонау бағзы замандардан бері адамзат омірінде өте 
үлкен рөл атқарып келе жатқан көлік түрі. Оны адамдар қатынас, тасымал қүралы және озен- көлдерден 
су жәндіктерін аулау үшін пайдаланған. 
Қазақ петроглифтерінде кездесетін теңіз көлігі суреттерде көшпелі қазақ түрмысына жат 
қайықтар мен екі, үш, төрт мачталы желкенді кемелер түрінде берілген (56; 83—87; 90-суретгер). 
Жекелей де және бірінің артынан бірі жүзіп келе жатқан олар негізінен теңізге жақын орналасқан 
қорымдардағы мазар (мысалға, Түпқараған түбегіндегі Толекбай мазары), сағанатам (және Үстірттегі 
Бесбүлақ қоры-мының сағанатамдары) сияқты қайтыс болған адамның басына тұрғызылған 
ескерткіш-қүрылыстардың қабырғаларына салынған. Бүдан біз қайтыс болған адамның тірі кезінде 
теңізде жүзіп, бір жағынан балық және т.б. теңіз жәндіктерін аулағанын корсек, екінші жағынан, 
кемелерді тонап, қарақшылық кәсіппен айналы-сқанын көреміз. Соңғысы туралы XIX ғ. өмір сүрген 
орыс саяхатшысы Г. С. Карелин 


84-сурет 




80 


88-сурет 
81 
өзінің "Путешествия по Каспийскому морю" атты еңбегінде жазған (Карелин, 1883, 154 б.). 
АРБАЛАР. 
Арба — жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы түрғын жай 
ретінде пайдалануға арналған колік түрі. 
Б. з. д. III- пайда болып, алғашында тек әскери көлік ретінде қолданылған доңгелекті көлік — 
арбалардың (Чайлд, 1956; Новоженов, 1994 және т. б.) Қазақстан территориясындағы ең көне бейнесі б. 
з. д. ІІ-мыңжылдықтың бірінші жартысына жатады (Самашев, 1992, 145—151 бб.). 
Қазақ петроглифтерінде арбаның екі түрі берілген. Біріншісі адам тасымал-дайтын екі дөңгелекті 
(88; 89-суреттер) болса, ал екіншісі төрт дөңгелекті жүк көлігі (90-сурет). Олар суреттерде екі түрлі 
жагдайда: жобада (үстінен) (88-сурет) және қырын пішінде кескінделген (89; 90-суреттер). Осы 
суреттердегі арбаларға жегілген жануар — жылқы. Арба айдаушы адамдар қос дөңгелекті арбада 
жегілген жылқы-лардың үстінде бейнеленсе, ал торт дөңгелектіде адам арбаның алдыңғы жағында 
отыр. 


90-сурет 
89-сурет 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет