«Казанка орта мектебі» кмм «бекітемін» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет3/3
Дата24.09.2023
өлшемі53,68 Kb.
#182248
1   2   3
Байланысты:
«Еңбек елдің көркі, ер елдің көркі» тәрбие сағатыыы
1 нұсқа. Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Қысқа мерзімді жоспар №33 сабақ, 1 нұсқа. Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Қысқа мерзімді жоспар №33 сабақ
Сынып жетекшісі: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.

Иә, оқушылар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.



Қорытынды:
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен студенттер, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен.
Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет