Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Өнімді  қабаттардың  тұщы  сулармен  суланған  бөлігін  анықтау



Pdf көрінісі
бет71/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Өнімді  қабаттардың  тұщы  сулармен  суланған  бөлігін  анықтау

.

Мұнай  ұңғымаларын  игерудің  белгілі  бір  сатысында, қабаттар  тоғытылған



тұщы сумен сулана бастайды. Қабаттардың тұщы сулармен суланғанын, келесі

əдістермен  анықтауға  болады: шегенделмеген  жəне  полимерден  жасалған




64

арнайы  құбырлармен  қоршалған  ұңғымаларында  электрлік  əдіс; болат

құбырлармен  шегенделген  ұңғымаларда  радиометрия  жəне  термометрия

əдістері.

Шегенделмеген  ұңғымаларда  минерализацияланған  сумен  өнімді

қабаттың  сулануын  көрінерлік  кедергі  жəне  индукциялық  əдістер  көмегімен

анықтайды, оларда  су түсіп жатқан интервалдағы қабаттың меншікті кедергісі

біршама  төмендейді. Қабат  тұщы  сумен  суланған  кезде  суланған

интервалдарды  анықтау  кедергі  əдісімен  шешілмейді. Қабаттың  тұщы  сумен

сулануын  өзіндік  поляризация  əдісінің  қисығымен  анықтауға  болады. Өнімді

қабаттың суланған бөлігін саздарда «нолдік сызықтың»

U

cn

потенциалдарының

көрсеткіштерінің  теріс  жағына  жəне  тұщы  сумен  суланған  интервалында

потенциалдар  шамасының



  U

cn

  көрсеткіші  оң  жағына  ауытқуы  бойынша

белгіленеді (14.8 сурет).

14.8 сурет– тұщы  сумен  суланған

қабаттарды бөлу.

14.9 сурет – активтелген сұйықтықты тоғытқаннан

кейін

H

I

g

 өлшеу арқылы суланған қабатты табу.



Өнімді қабаттардың  тоғытылған  тұщы сумен суланған бөліктерін, келесі

əдістер көмегімен анықтайды:

1. Изотоптар  əдісінде, қабаттың  мұнайлы  жəне  сулы  бөлігіне  таңдап

кіретін  сұйықтық  тоғытылады. Бұл  құрамында  калций  жəне  магний  иондары

бар  сұйықтықты, қабатқа  тоғыту  кезінде  сумен  реакцияласу  нəтижелерінде

ерітіндіден  коллекторлар  қуыстарын  бітейтін  нафтенді  қышқылдардың

калцийлік  жəне  магнилік  тұздары  пайда  болады. Осының  арқасында  сулы

қабатқа  активтелген  ерітіндінің  өтуі  терең  болмайды.

Қабаттың  мұнайлы

бөлігіне активтелген сұйықтық көп мөлшерде жəне тереңірек өтеді, өйткені су

құрамында калций жəне магний иондары көп емес (14.9-сурет). Активтелген су

қабаттың  суланған  бөлігіне  қарқынды  өтеді, алактивтелген  мұнай  қабаттың

мұнайлы бөлігіне өтеді. Активтелген суды тоғыту кезінде гамма-белсенділіктің

жоғары  көрсеткіштерімен  сулы  қабаттар, ал  активті  мұнай  тоғытылған  кезде-

қабаттың мұнайлы бөлігі көрсетіледі.

2. Ультра  дыбыс  мəліметтері  бойынша, мұнайлы  жəне  сулы

коллекторларда  қабат  сұйықтығының  минерализациясына  қарамастан,

акустикалық  параметрлерінің  көрсеткіштері  бір-бірінен  ерекшеленетінін




65

бекітті. Қабаттың  қанығу  сипатын  бағалау  кезінде  негізгі  параметрлері  болып

амплетуда түріндегі сигналдардың  басылуы немесе  қабат бойынша  екі базалы

өлшеуде  тіркелген, бойлық  толқынның  энергиясы  есептелінеді. Көбінесе

төменгі жиілікті əдістер қолайлы.

3. Қышқылдар  енгізілген  əдістер  бойынша.  Қабаттың  сулы  жəне

мұнайлы  бөлігінде  қышқыл  мен  сутек  мөлшері  əр  түрлі  жəне  бұл  əр  түрлілік

15-17% құрайды. Қабаттың  қышқыл  енгізілген  бөлігі, гамма-сəулелену

диаграммаларында теріс аномалиялармен ерекшеленеді.

4. Қабатты  сынамалау  бойынша. Қабаттың  қаныққан  бөлігінің  түрін,

сұйықтықтан  алынған  үлгілерді  көмірсутекті  газдардың  кешенді  құрамы

бойынша  анықтайды. Тұщы  сумен  суланған  коллекторлар  құрамында  метан

мөлшері- 65%, ал мұнайлы коллекторларда-60% төмен.

5. Сезгіштігі  жоғары  термометрия  əдісі. Мұнайды  сумен  ығыстыру

кезінде 

тоғытылатын 

жəне 

қабаттық 



су 

температураларының

айырмашылығынан қабаттың температурасы өзгереді.

Əдетте, тоғытылатын  су  температурасы  қабаттан  төмен, сондықтан

суланған  қабат  термограммасын  геотермиямен  салыстыру  кезінде, олардың

аномалиялары теріс болады (14.10 сурет).

14.10 сурет – Термометрия əдісімен суланған

қабаттарды анықтау.



1 –

 сулы құмтас;



2 –

саздар,


h –

 тоғытылған

сумен суланған қабат бөлігі; Г

геотермиялық градиент қисығы

14.11сурет – Шегенделген ұңғымадағы

Термометрия əдісі.

Жұмыс  жасап  тұрған  жəне  тоқтатылған  ұңғымаларда  сулы, мұнайлы,

газды  интервалдарды  бөлу  үшін, сезгіштігі  жоғары  термометрия  əдісінде

дроссельдік  эффект (Джоуль  томсон  эффетісі) тиімді. Бұл  эффект  кезінде

температура  Δt келесі  өрнекпен  анықталады: Δt = ξ

t

Δp,    мұнда    Δр  =  р



п

  -  р


3

  –


қабатқа  депрессия;  р

п

,  р



3

 – қабат  жəне  забой (ұңғыма  түбі) қысымы; ξ

t

  –


Джоуль – Томсон коэффициенті, ұңғыма түбіндегі  температураны  (t'

3

 мен t"



3

)

жəне  қабаттың  екі  режимде  жұмыс  жасау  кезіндегі  қысымды  өлшеуге



негізделген, келесі  формуламен  есептелген  ξ

t

=(t'



3

  —  t"


3

)/(p'


3

—p

"



з

). Қабаттың

қанығу  сипатын  анықтауға  негізделген  қабат  сұйықтықтарының  ξ

t

коэффициентері əр түрлі:   су үшін 0,0235-10 -



5

,  мұнай үшін (0,01-0,06) 10

-5

, газ



66

үшін [(-0,25)-0,4) 10

-5

° С/Па. Есептеулер  қабатқа 2*10



-6

  Па  депрессия  жасау

кезіндедросселдік эффект əсерінен  температура мұнай-газ жапсарында 5,8 ден

9,2


0

С, су-мұнай  жапсарында 0,33тен 0,73

0

С  жəне  газ-су  жапсарында 5,47 ден



8,47

0

С  өзгереді.  Ұңғыманы  тоқтатқанға  дейінгі  жұмыс  жасайтын  қабаттарда



температуралық аномалияның қалыптасуы, тоқтатылған ұңғымаларда мұнайлы

жəне  сулы  қабаттарды  бөлуге  мүмкіндік  береді. Геотермиялық  градиентке

қатысты  температураның  оң  аномалиялары  бойынша-мұнайлы  интервал, ал

теріс  аномалиялары  бойынша –сулы  интервалдарды  анықтауға  болады.

Мұнайлы жəне сулы қабаттарға қарсы максималды температуралық эффект алу

үшін, сезгіштігі жоғары термометрия əдісіменұңғыманы тоқтатқаннан кейін 2-3

тəуліктен  асырмай  зерттеу  жүргізу  керек. Сезгіштігі  жоғары  термометрия

кезінде сезгіштігі 0,02

0

С термометр қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет