Ұңғыманы торпедалау.
Торпедалау деп - ұңғымадағы жарылысты
айтамыз. Торпедалауды бұрғылау процессі кезіндегі əртүрлі қиыншылықтарды,
яғни қатты тау жынысы, темір заттар немесе қашаудың қысылып қалуы жəне
фильтрлерді тазалау, ескі мұнай-газ кен орындарын қайта жандандыру сияқты
жұмыстарда қолданады. Ядролық жарылыс кезінде тау жыныстарында миллион
атмосфера қысым тудырады. Тау жыныстарының жартысы газға айналады. Тау
жыныстарында көп деген 100м ге дейін ұзындыққа өтетін жіңішке жарылымдар
пайда болады. Нəтижесінде тау жыныстарының өткізгіштігі жоғарлап,
ұңғымада мұнай жəне газ дебиті артады.
Бірақта ұңғымада ядролық жұмыстар жасаудың жақсы нəтижелерінен
басқа да, жер асты суларын радиоактивті элементтермен улайтын теріс
залалдары бар
Достарыңызбен бөлісу: |