КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA
Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда тіршілік етеді. Кейбіреулері теңізде де кездеседі. Денелері шар тәрізді (5-сурет). Цитоплазма екіге бөлінген: тығыз ұсақ түйіршікті ішкі эндоплазмаға және вакуольді сыртқы эктоплазмаға. Орталық капсуласы және минеральды қаңқасы болмайды, тек кейбір теңізде тіршілік ететін түрлерінде кремнеземнен құралған тор тәрізді қаңқалары болады. Жыныссыз жолмен көбейеді, кейбіреулері ғана жынысты жолмен көбейеді. Түрлері өте аз. Негізгі өкілдері - Actinosphaerium eichhorni, Actinophrys sol.
Достарыңызбен бөлісу: |