Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет111/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155
Байланысты:
zoo

Классификациясы. Көпқылтандылар класы екі класс тармағына бөлінеді: кезбешілер немесе еркін жүзушілер - Errantia және отырғыштар немесе бекініп тіршілік ететіндер - Sedentaria.
КЕЗБЕШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ERRANTIA
Бас қалақшалары және параподиялары жақсы дамыған, сегменттері гомономды, нефридиялары метамерлі орналасқан, көбінесе еркін жүзіп немесе жорғалап жүретін жыртқыштар. Теңіз жағалауларында, литораль аймағында мекендейді, 1 метрден 8 метрге дейін тереңдікте кездеседі, ал Alciope vanadis - планктонды, мөлдір полихет. Негізгі тұқымдастары: Aphroditidae, Phyllodocidae, Tomopteridae, Syllidae, Nereidae, Eunicidae.
Polygordiidae, Protodrilidae тұқымдасының өкілдері су түбін қазып, ал Dinophilidae - жіп тәрізді балдырлардың арасында тіршілік етеді. Денелері өте ұсақ, қарапайым құрылысты. Бұлар алғашқы полихеттерге (Archiannelida) жатады.
Myzostomida тобындағы полихеттер тікентерілілердің (теңіз жұлдызы, теңіз лалагүлі) паразиттері. Кезбешілер көбіне ащылау суларда мекендейді, әсіресе Жерорта, Қара теңіз түбінде. Nereis-тер (Nereis diversicola) 1940 жылдары Азов теңізінен Каспий теңізіне жерсіндіріліп (акклиматизацияланып), олар жаңа ортаға бейімделіп кең тараған. Бұлардың балықтарға қорек ретінде маңызы зор.
ОТЫРҒЫШТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA
Бас қалақшалары және параподиялары нашар дамыған, кейде редукцияға ұшыраған, сегменттері гетерономды, нефридиялары және желбезектері дененің алдыңғы сегменттерінде орналасқан, ін қазып немесе түтікше, "үйшік" жасап, солардың ішінде тіршілік етеді, ұсақ организмдермен, детритпен қоректенетін жануарлар. Негізгі тұқымдастары: Arenicolidae, Chaetopreridae, Serpulidae, Sabellidae. Қүм құрттары (Arenicola marina), ұзындығы 30 см-ге дейін, құмға ін салып, қалғандары терісі шығаратын заттардан жасалынған мүйізді, ізбесті түтікшенің ішінде тіршілік етеді. Отырғыштар теңіз формалары, тек Manayukia baicalensis (Sabellidae тұқымдасынан) тұщы суларда кездеседі. Байқал көлінде табылған.
БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA
Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродита, жыныс сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA
Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм-ден 3 метрге дейін (Megascolides australis-та). Сегменттері біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында - простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады (96, А-сурет). Кең, жақсы дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ мезентериімен бөлінген. Аркд мезентериясы жоқ. Іш қуысы целотелимен астарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет