Ас қорыту жүйесі дененің простомиум сегментінде орналасқан ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, өңештен (кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь тесігінен тұрады (96, Б-сурет). Жауын құртының (Lumbricus terrestris) өңешіне үш жұп ерекше ізбесті бездер (моррен бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және қандағы жиналған карбонаттарды шығару қызметін атқарады. Ізбест безінің сұйығынан өңешке өтеді де, гумин кышқылдарының әсерін әлсіретеді (нейтрализациялайды).
Ортаңғы ішектің арқа жақ қабырғасында ішегіне терең енген тифлозоль деп аталатын қатпарлар ұзына бойлай орналасқан. Олар ішектің бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олигохеттердің негізгі қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.
Достарыңызбен бөлісу: |