Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет129/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155
Байланысты:
zoo

Ac қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің (Decapoda - отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өскіндер ұсақталған қоректік заттарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Олар түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті қапшық түрінде болады (Amphipoda және Isopoda отрядтарында). Өзен шаянының екі қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген ұсақ түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға барады. Шаяңдардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок, көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың бауыры фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қоректік заттарды қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы мен ортаңғы ішектің арасындағы корреляцияны, яғни өзара байланысты, тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосалқысы нашар дамыса, солғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі, бүкіл ішектің 1/20 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады (100, Б-сурет). Кейбір паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады (102-сурет). Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе П-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет