ІЗБЕСТІ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - CALCAREA НЕМЕСЕ CALCISPONGIA
Қаңқасы көмір қышқыл ізбесті инелерінен (спикулаларынан) құралған, олар өте ұсак, бір, үш немесе төрт осьті, бір-бірімен байланыссыз бос орналасқан. Тек қана теңіздердің таяз жерлерінде жеке немесе колония ТУЗІП тіршілік етеді. Денесі ұсақ, түтік, цилиндр, күбі тәрізді. Құрылысы аскон, сикон, лейкон типті. Жиі кездесетін Sycon, Leuconia, Leucosolenia, Sycetta-туыстары.
ШЫНЫЛЫ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - HYALOSPONG1A
Кремнезем инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан) құралған, негізінен үш осьті немесе алты сәулелі, бір-бірімен өзара байланысты тор тәрізді қаңқасы болады. Теңіздердің терең жерлерінде ғана жеке тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см-ге дейін, түтік, қап, бокал тәрізді. Құрылысы сикон типтес, талшықты қалталары ірі, ұзын болып келеді (34-сурет).
Кластың ерекшелігі - мезоглея қабаты нашар дамыған, барлық клеткаларының мембраналары жартылай ерігендіктен цитоплазмалары өзара жалғасып - синцития деп аталатын құрылым түзейді.
Euplectella туысына жататын кейбір түрлерінің биіктігі 1 м шамасында, ал оның су түбіне қадалатын инелерінің ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Жиі кездесетін Euplectella және Hyalonema туыстары (33-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |