Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет32/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155
Байланысты:
zoo

ГУБКАЛАР (SPONGIA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ
Губкалар көп клеткалы жануарлардың ішіндегі ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың клеткалары дифференцияланбай бір-біріне ауысып отыруы, нағыз эктодерма және энтодерма қабаттарының қалыптаспауы, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, нерв жүйелерінің, жоқтығы колонияларының жеке особьтарға бөлінбеуі, регенерациялық қабілеттілігінің күштілігі, ең соңында даму сатысында ұрық қабаттарының ауысып отыруы - губкалардың аса қарапайым жәндіктер екендігін дәлелдейді.
Осындай ерекшеліктеріне сүйене отырып губкалардың шығу тегі жөнінде бірнеше жорамал пікірлер айтылған. Солардың ішінде Д. М. Федотов (1966) және басқалары - губкалар колониялы жағалы талшықты (Choanoflagellata) қарапайымдылардан пайда болған деп жорамалдайды. Оған дәлел - губкалардың және жағалы талшықты Choanoflagellata қарапайымдылардың клеткаларының құрылысының ұқсастығы. Екеуінің де клеткаларының талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Жаға бір-біріне тығыз жанасып орналасқан таяқшалардан тұрады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық, қорек заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар, ұсақ қарапайымдылар) жағаға жабысып, бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуольдеріне өтіп қорытылады. Сонымен, қарапайымдылардың талшықты жағалы клеткалары және губкалардың талшықты жағалы хоаноцит клеткалары құрылыстарына сәйкес қорек заттарды ұстау және қорыту қызметін атқарады.
Екіншіден - губкалардың даму сатысындағы паренхимула личинкасы, өзінің құрылысы жағынан И. И. Мечниковтың гипотетикалық "фагоцителласына" ұқсас болуына байланысты "фагоцителла" субстратқа бекініп губкаларға бастама берді деп жорамалдайды. Фагоцителланың сыртқы қабаты ұсақ клеткалардан қалыптаскан және кинобласт деп аталады, ал ішкі қабаты ірі клеткалардан қалыптасып фагоцитобласт деп аталады. Губкаларда бәрі керісінше. Олардың личинкасы - паренхимула субстратқа бекінгесін оның сыртқы ұсақ талшықты клеткалары ішіне қарай енеді де, іштегі ірі клеткалары сыртқа шығады, осыдан кейін личинка ересек губкаға айналады. Осы өзгерістер В. Н. Беклемишевтің (1964) пікірі бойынша, олардың личинкасының және ересек түрінің тіршілік ету жағдайларына байланысты. Личинка суда еркін жүзіп жүрген жағдайда ұсақ талшықты клеткалары қозғалу, яғни кинетикалық қызметін атқарады, ал ересек түрі субстратка бекініп жылжымай тіршілік еткен жағдайда ұсақ талшықты клеткалары денесінің ішіне өтіп, еңді суды сүзу және сумен бірге келген ұсақ қорек заттарды ұстап, қоректену қызметін атқарады. Губкалардың осы ерекшеліктері бекініп тіршілік етуіне байланысты пайда болған бейімділік болуы керек.
Көп ғалымдардың пікірлері бойынша, губкалар төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың орта тегінен өте ертеде бөлініп шығып, басқаша бағытта эволюциялық өзгерістерге ұшыраған болуы мүмкін деп жорамалдайды. Осы соңғы болжамды дұрыс деуге болады, себебі губкалардың, паренхимула личин­касы құрылысы жағынан ішекқуыстылардың плануласына ұқсас келеді. Бұл белгі губкалардың және ішеккуыстылардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет