Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida. Денесі жапырақ немесе тақта тәрізді. Жыныс жүйесіне көптеген аталық тұқым бездерінің, екі жұмыртқа безі мен көптеген сарыуыз таратқыштарының болуы тән. Ішегі үш тарамды. Көбіне тұщы су формалары. Өкілдері Dendrocoelum lacteum, Euplanaria genocephala, Polycelis nigra. Кейбір Tricladida-лар теңіздерде өмір сүреді. Тропикалық түрлері, мысалы Bipalium stimpsoni су өсімдіктер жапырақтарының астында, ылғалды жерлерде кездеседі. Құрлықта кездесетін Tricladida-лар кейде 30 см-ге дейін жете алады. Әсіресе үш тармақты ішекті турбеллярилерге Байкал көлі бай. Сондағы трикладидалардың мөлшері үлкен болады және олар бірнеше жүз метрге дейінгі тереңдікте кездеседі.