Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela



бет61/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155
Байланысты:
zoo

Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela
Өте ұсақ теңіз формалары, оларға ішектің болмауы, оның рөлін ас қорыту паренхимасының атқаруы, протонефридияның болмауы, нерв талшықтарының денеге беткейі орналасуы, жыныс жүйесінің қарапайымдылық ерекшелігі тән. Статоцистасы бар. Кейбір Acoela паренхимасында симбиоздық тіршілік ететін бір клеткалы балдырлар, зоохлореллалар болады.
Өкілі: Convoluta convoluta теңіз жағалауының кәдімгі формасы, көптеген зерттеулер объектісі (57, A - сурет).
Макростомидтер отряды - Macrostomida. Тұщы су және теңіздің ұсақ турбелляриялары. Қалта тәрізді ішегі болады. Жыныс жүйесі қарапайым. Өзінен үлкен жемтікті жұта алатын жыртқыштар. Негізгі туыстары: Macrostomum және Microstomum. Microstomum lineare тізбек түзу арқылы жыныссыз көбейеді.
Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida. Теңіз жағалауындағы құмда тіршілік етеді. Қапшық тәрізді ішегі және жұтқыншакта орналасқан жұп хитинді жақтары бар. Отрядтың ерекшелігі - тері эпителиясында кірпікше емес, талшықтары бар. Қарапайым түрлерінде нерв жүйесі беткейі орналасқан, протонефридия және біріккен сарыуыз бездері болмайды. Өкілі: Gnathostomula paradoxa (57, Б - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет