Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


Тыныс алу жэне қан айналу мүшелері



бет58/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155
Байланысты:
zoo

Тыныс алу жэне қан айналу мүшелері турбеллярилерде жоқ. Суда еріген оттегі денесіне бүкіл терісі арқылы өтеді. Бұл жерде турбелляридің денесінің ұзын болуының маңызы зор.
Нерв жүйесі бас нерв түйіні (ганглиясы) және одан тарайтын нерв бағаналарынан тұрады. Нерв түйіні немесе ми нерв клеткаларының жиынтығынан құралған және ол он және сол жақ ганглиялардан тұрады. Ми - нерв жүйесінің басқарушы орталығы - организмнің іс-әрекетінің негізі, одан дене бойына таралатын нерв талшықтары басталады. Турбелляриялардың нерв жүйесінің құрылысы әр түрлі болғандықтан оның эволюциясын класс деңгейіңде ғана түсінуге болады. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеіа) нерв жұйесі ішек қуыстыларға ұқсас, яғни дененің бетіне өте жақын - шырмалған диффузия тәріздес орналасады. Кішкене ми ганглиі құрттың алдыңғы бөліміндегі орналасқан статоцистті нервпен қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесінің дамуы басты үш бағытпен жүреді. Әуелі тері астындағы нерв жиынтығы түзіледі, соның арқасында нерв бағаналары мен олардын көлденең өсінділері айқындалады. Сонымен қатар статоцистті нервтендіретін кішкене ми бірте-бірте үлкейіп бүкіл денені реттеуші негізгі орталыққа айналады. Келесі кезеңде жүйе паренхиманың қалың қабатына енеді. Мұны ми мен бағаналарды сыртқы орта әсерінен қорғаудағы маңызды бейімделушілік деп қарастыруға болады. Соңында нерв жиынтығынан 5-6 жұп ұзына бойлық бағаналар жіктеліп шығады, ал олар эволюция процесі нәтижесінде екі немесе бір жұпқа дейін азаяды. Қалған бағаналар жақсы дамыған және жуан. Біз бұл жерде гомологтық мүшелердің олигомеризациясын көреміз. Барлық ұзын бағаналар көлденең сақиналы өсінділермен жалғасқан, сол себептен нерв жүйесі тор пішіндес болады. Басқа да құрттарға тән мүндай құрылысты нерв жүйесі ортогон деп аталады (54-сурет).
Көп тарамды ішекті турбелляриде (Polycladida отряды) ми дененің алдыңғы бөлімінен ығысып, орталық бөлікте орналасқан. Үш тарамды ішекті турбелляриде (Tricladida отряды), түзу ішектілерде (Rhabdocoela отряды) және басқа да турбеллярилерде бас ганглиясы алдыңғы полюске жақын орналасқан.
Ганглияның орналасуына байланысты шығатын нервтер де әр түрлі. Көп тарамды ішекті турбеллярилерде олар көп мөлшерде жұлдыз тәрізді болып жан-жаққа /11 жүп/ тарайды. Көршілес бағаналардың арасында жіңішке қосқыш өсінділер болады, олар түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайды. Көп тарамды ішекті турбелляридің нерв жүйесі радиальды түрде орналасқан. Ең соңғы екі нерв бағанасы басқасынан жақсы дамып, нерв жүйесіне екі жақты симметриялы сипат береді. Үш тарамды ішектілерде мидан бірнеше бағаналар шығады, бірақ солардан қос құрсақ нерв бағанасы ерекшеленетін болғандықтан, оларда екі жақты симметриясы айқын білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет