Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет48/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
Пептидазалар


Пептидазалар (пептидгидролазалар)
Пептидгидрозалар 2 топшаға бөлінеді:
- эндопептидазалар - белок молекуласының ішкі пептидтік байланыстарын үзеді, соның нәтижесінде полипептидтер түзіледі;
- экзопептидазалар –полипептидтердің шетіндегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді, оларды жеке амин қышқылдарына дейін ыдыратады.


Эндопептидазалар
Өкілдері: пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер.


Пепсин
Пепсин – асқазанның ең негізгі жасушаларымен активсіз пепсиноген түрінде бөлінеді. Тұз қышқылының әсерінен пепсиногеннен полипептид бөлініп, пепсиноген пепсинге айналады. Бастапқы түрде полипептид ерекше ингибитордың рөлін атқарады.


Трипсин
Трипсин ұйқы безі сөлінде активсіз түрде бөлінеді. Энтеропептидазаның әсерінен активтенеді. Диаминомонокарбон қышқылдары- аргинин мен лизин түзетін пептидтік байланыстарды ыдыратады.


Химотрипсин
Химотрипсин ұйқы безі сөлінде химотрипсиноген түрінде түзіледі. Трипсиннің көмегімен активтенеді. Химотрипсиндер әртүрлі молекулалық массаға және ферментативті активтілікке ие. Химотрипсин циклді амин қышқылдарының карбоксилді топтарынан түзілген пептидтік байланыстарды ыдыратады.


Катепсиндер
Катепсиндер – жасушалық ферменттер, асқорыту сөлдерінде кездеспейді. Қышқылдық ортада қабыну кезінде, жасуша жойылғанда активтенеді.


Экзопептидазалар
Өкілдері: аминопептидазалар, карбоксипептидазалар, дипептидазалар.


Аминопептидазалар

Аминопептидазалар жасушада және ішек сөлінде кездеседі, полипептидтің «N» шетінен аминқышқылдарын бөліп алады. Химиялық құрамы бойынша жай белоктар, олардың активаторлары түрлі металдар болып табылады.




Карбоксипептидазалар

Карбоксипептидазалар екікомпонентті ферменттер, коферментінің құрамында мырыш бар.Жасушаларда және ұйқы безі сөлінде кездеседі. Ұйқы безінде прокарбоксипептидаза түрінде түзіліп, трипсинмен белсендендіріледі, полипептидтердің «С» шетінен амитнқышқылдарын бөліп шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет