Казақстан республикасының денсаулық сақтау


квантталған мәтін тест тапсырмасымен



бет56/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау



14 квантталған мәтін тест тапсырмасымен




Убихинон – кофермент (KoQ10)




Убихинонның құрылымы

Убихинон(KoQ10) химиялық табиғаты жағынан 6-орында изопреннің қалдығы бар (10 молекуласы) 2,3-диметокси-5-метил-1,4-бензохинонға жатады. KoQ дың апоферменті жоқ.



Убихинонның таралуы
KoQ кеңінен таралған кофермент, сондықтан оның екінші аты «убихинон» («бәр жерде жүретін хинон дегенді білдіреді»). Убихинон суда ерімейді, майда ериді, яғни липофильдік қасиет көрсетеді.


Әсер ету механизмі
КоQ қайтымды тотыға және тотықсыздана алатын болғандықтан флавопротеидтерден цитохромдарға электрондарды тасымалдайтын тізбектегі байланыстырушы бөлік болып табылады. KoQ флавиндік дегидрогеназаларды тотықтырады да өзі тотықсызданады. Тотыққан коферменттің (КоQ) екі оттегісіне екі сутек атомдары қосылғанда, ол тотықсызданған күйге, яғни гидрохинондық КоQH2 ге айналады.



Тотықсызданған убихинондағы сутек атомдары 2 протон мен 2 электронға ыдырайды:


KoQ + ФПН2 → KoQН2 + ФП
тотыққан тотықсызданған

KoQН2 → KoQ + 2Н+ + 2е-




KoQдың биологиялық рөлі
KoQ антиоксидантқа жатады , басқа антиоксиданттардан айырмашылығы, ағзада қайта түзіле алады. Сонымен қатар KoQ Е витамині α –токоферолдың антиоксиданттық белсенділігін арттырады.
KoQ дың антиоксиданттық әсері оның тотықсызданған (КoQH2) күйімен сипатталады. KoQ дың тотықсызданған түрінің белсенділігі тотыққан түріне қарағанда үш есе жоғары. Тотықсызданған КoQмен бос радикалдарды бейтараптаудағы реакцияны былай көрсетуге болады:
2LOO• + Кo QH2 → 2LООН + КoQ


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1.УБИХИНОННЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ



  1. бензохинон

  2. изопренді тізбек

  3. апофермент

  4. диметокси-радикалдары

  5. метил - радикалы

2. СУДА ЕРІМЕЙДІ



    1. никотинамид

    2. рибофлавин

    3. С витамині

    4. убихинон

3. УБИХИНОН ТУЫНДЫСЫ



    1. бензолдың

    2. хинонның

    3. изопреннің

    4. нафтохинонның

    5. бензохинонның

4. ФМН-ДГ НЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АКЦЕПТОРЫ



    1. убихинон

    2. оттек

    3. цитохромВ

    4. цитохромС

5. KоQ ТОТЫҚТЫРАДЫ



    1. цитохромдарды

    2. монооксигеназаларды

    3. пиридиндік дегидрогеназаларды

    4. флавиндік дегидрогеназаларды

6. ТЫНЫСАЛУ ТІЗБЕГІНДЕ УБИХИНОННЫҢ ТОТЫҒУЫН КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТ



    1. Цитохром В

    2. КоQH2-дегидрогеназа.

    3. НАДH- дегидрогеназа.

    4. Сукцинатдегидрогеназа

7.К02 ТАН ЭЛЕКТРОНДАРДЫ АЛАТЫН АКЦЕПТОР



    1. убихинон

    2. оттек

    3. цитохромВ

    4. цитохромС

8. ЭЛЕКТРОНДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСАДЫ



    1. KoQ

    2. ФП

    3. Цха

    4. монооксигеназалар

9. KOQ ДЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ ӘСЕРІ


1) Е витаминінің белсенділігін қалпына келтіруге
2) оттектің активті формасын жоюға
3) КoQH2дың тотықсызданған формасы арқылы
4) радикалдарды бейтараптауға
СЕБЕПШІ

10. ТІЗБЕКТІ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАҢЫЗ


АНТИОКСИДАНТТЫҚ ӘСЕР КӨРСЕТЕТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ БІРІ
1) амилаза
2) пепсин
3) убихинон
БҰЛ ФЕРМЕНТТІҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ
1) лигаза
2) трансфераза
3) оксидоредуктаза
ОСЫ КЛАСТЫҢ КОФЕРМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ
1) КоQ
2) биотин
3) пиридоксальфат
БҰЛ КОФЕРМЕНТТЕРДІҢ БІРІНІҢ АПОФЕРМЕНТІ ЖОҚ
1) гем
2) убихинон
3) НАД+
15 квантталған мәтін тест тапсырмасымен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет