Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет55/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
Биологиялық рөлі
ФМН екіншілік дегидрогеназаларға жатады, себебі тотыққан субстраттың рөлін органикалық қышқылдар емес, тотықсызданған НАДН орындайды. ФАД қа тәуелді ФП біріншілік дегидрогеназаларға жатады, себебі олар субстраттан тікелей сутек атомдарын үзіп алады. Аэробты дегидрогеназалардың электрондарының донорлары – анаэробты дегидрогеназалар, ал акцепторлары -хинондар, цитохромдар , оттек болып табылады.


ФП(ФАД)тың өкілдері

    1. Сукцинатдегидрогеназа (СДГ) –сукцинаттан(янтар қышқылы) сутек атомдарын үзіп алып фумараттың (фумар қышқылы)түзілуін катализдейді:



    1. Ксантиноксидаза–молибдені бар оксидоредуктаза, гипоксантинді ксантинге дейін және ары қарай ксантинді зәр қышқылына дейін тотықтыруды тездетеді, нәтижесінде қосымша сутек пероксиді түзіледі:

гипоксантин + O2 + H2O ↔ ксантин + H2O2
ксантин + O2 + H2O ↔ зәр қышқылы + H2O2
Сутек флавопротеиндерден бірден оттекке берілуі мүмкін, сол кезде сутек пероксиді түзіледі. Сутек пероксиді каталазаның әсерінен су мен оттекке дейін ыдырайды. Сондықтан мұндай флавин ферменттерін аэробты дегидрогеназаларға жатқызады және оксидазалар деп атайды. Бұл топтың ферменттеріне полифенолоксидаза, аскорбинатоксидаза, глюкозоксидазаларды жатқызады. Биогендік аминдердің оксидазалары: моноаминооксидаза (МАО), диаминооксидаза (ДАО), полиаминооксидазалар да осы топқа жатады.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1.ФЛАВИНДІК ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР



    1. бір компонентті

    2. екі компонентті

2. ФЛАВИНГЕ ТӘУЕЛДІ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ



  1. 1) В1 – тиамин

  2. 2) В2 – рибофлавин

  3. 3) РР – никотин қышқылы

  4. 4) С – аскорбин қышқылы


3. АЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ

    1. лиазалар

    2. гидролазалар

    3. трансферазалар

    4. оксидоредуктазалар

4. ФЛАВИНМОНОНУКЛЕОТИД ДЕГЕН



  1. В2 витамині құрамында болады

  2. НАДқа электрондарын береді

  3. НАДНтан сутекті алудың акцепторы

  4. малатдегидрогеназалардың коферменті

5. СУТЕК АТОМДАРЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ АКЦЕПТОРЫ БОЛАТЫН ФАД ТЫҢ КОМПОНЕНТІ



    1. рибоза

    2. аденин

    3. фосфат

    4. рибофлавин

    5. изоаллоксазин сақинасы

6. АКЦЕПТОР РЕТІНДЕ ОТТЕКТІ ПАЙДАЛАНАТЫН ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ КОФЕРМЕНТІ



    1. пиридоксальфосфат

    2. флавинадениндинуклеотид

    3. тетрагидрофоль қышқылы

    4. никотинамидадениндинуклеотид

    5. никотинамидадениндинуклеотидфосфат

7. ЭЛЕКТРОНДАР МЕН ПРОТОНДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСАТЫН КОФЕРМЕНТ



    1. гем.

    2. ФАД.

    3. ФМН

    4. гем + Сu2+

8. ҚҰРАМЫНДА ФАД БАР ТЫНЫСАЛУ ТІЗБЕГІНЕ ҚАТЫСАТЫН ФЕРМЕНТ



    1. цитохромоксидаза

    2. малатдегидрогеназа

    3. КоQH2-дегидрогеназа

    4. сукцинатдегидрогеназа

9. АЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗЫАЛАР



  1. НАД+ және ФАД

  2. ФАД және ФМН

  3. НSКоА және ФАД

  4. НАД+ және НАДФ+

10. ТЫНЫСАЛУ ТІЗБЕГІНДЕ ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ БІРІНШІЛІК АКЦЕПТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ



  1. НАД

  2. ФАД

  3. ФМН

  4. убихинон

  5. цитохром В

11.ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҮЗІЛУІН КАТАЛИЗДЕЙДІ



  1. уреаза

  2. уриказа

  3. ксантиноксидаза

  4. адениндезаминаза

12. КСАНТИНОКСИДАЗАЛАР



  1. субстраттардың гидролизін катализдейді

  2. оттектің қатысымен тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді

  3. аэробты ортада тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді

  4. электрондардың тасымалдануын ғана тездетеді

  5. аралық тотықтырғышқа субстраттан сутектің және электрондардың үзілу реакцияларын тездетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет