Кейс қабылдаған: Орындағандар



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,12 Kb.
#79986
1   2   3   4
Байланысты:
финансы 1-семинар
финансы 1-семинар
Кейс № 1(алимент жайлы)
Күйеуімен ажырасқаннан кейін Сымбат одан екі жыл бойы жеті жасар қызына алимент алды. Содан кейін ол балаға ақша жіберуді тоқтатты және басқа көмек көрсетпеді. Қызы жиырма жасқа толғанда Сымбат бұрынғы күйеуінен жоғары оқу орнында қызының оқуын төлеу қажеттілігіне байланысты өткен барлық уақыт үшін (2001 жылдан бастап) алимент бойынша берешекті, сондай-ақ алимент төлеу мерзімін өткізіп алған барлық уақыт үшін пайыздарды өндіріп алу туралы сот актілерін орындау департаментіне жүгінді.
Сұрақ:
Сымбат қызына алимент бойынша берешек, сондай-ақ алимент төлеудің барлық мерзімі үшін пайыздар алу үшін құқығы бар ма
ЖАУАБЫ
Бұл жағдайда, егер Сымбат бұрынғы күйеуінен балаға алимент өндіріп алу туралы сот шешімі немесе оны төлеу туралы келісімі бар болса, "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 169-бабын басшылыққа алу керек, ол өткен кезеңге алимент алу мүмкіндігін қарастырады, бірақ атқарушылық құжат немесе тиісті нотариалды куәландырылған келісім ұсынылғанға дейінгі үш жылдық мерзім ішінде. Алайда, егер алименттерді ұстап қалу оларды төлеуге міндетті адамды іздестіруге байланысты жүргізілмесе, алименттерді өндіріп алу бала кәмелетке толғанға дейін нақты берешегінің бүкіл кезеңі үшін жүргізіледі. Аталған Кодекстің 138-бабында көзделген, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаға сот тәртібімен алимент өндіріп алуға мүмкіндік беретін тағы бір тармақты ескерген жөн.
Алименттік төлемдердің мерзімі өткен уақыты үшін проценттер төлеу заңнамада көзделмеген. Алайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес берешек сомасына тұрақсыздық айыбы есептелуі мүмкін. Осы бап ақша міндеттемесін орындамау не оларды төлеу мерзімін өткізіп алу немесе оларды негізсіз алу нәтижесінде басқаның ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдаланғаны немесе басқа тұлғаның есебінен ақша жинағаны үшін санкцияларды белгілейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері ақша міндеттемесі немесе оның тиісті бөлігі орындалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негізге алына отырып есептеледі. Соттың шешімі тұрақсыздық айыбын және оның мөлшерін алу үшін негіз болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет