Әдістемелік бірлестікте болатын құжаттар реттілігі: Әдістемелік бірлестік жұмысы қалыпты болуы үшін келесі құжаттар реті болуы керек:
1.Нормативтік құқықтық құжаттар:
әдістемелік бірлестік құру туралы бұйрық;
Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық;
Әдістемелік бірлестіктің жалпы ережесі;
Әдістемелік бірлестіктің міндеттемелері мен жүктемелері.
2. Әдістемелік жұмыс
өткен оқу жылының сараптамасы;
жаңа оқу жылының бағыттары мен міндеттері, мақсаты;
мұғалімдер туралы толық мәлімет;
жаңа оқу жылының жылдық жоспары;
айлық,апталық, жылдық жоспары;
дарынды балалар мен, үлгерімі төмен балалармен, үйде оқытылатын балалармен жұмыс жоспары;
жас маманмен жұмыс жоспары;
пән апталықтарының жұмыс жоспары;
ӘБ мүшелерінің өз мамандығы бойынша қажеттілігі;
ӘБ тәжірибелі мұғалімің жұмысын насихаттау;
ӘБ мүшелерінің өзіндік білімін көтеру тақырыбы жайлы мәлімет;
Аттестациядан өтуші мұғаліммен ағымдық жұмыс жоспары;
Сызбалар.
3. Бағдарламалар:
авторлық бағдарламалар, үйірмелер мен факультативтер бағдарламалары.
оқу жоспары туралы ақпарат, пәндердің оқу жылының әдістемелік –нұсқаулығы;
күнтізбелік – тақырыптық жоспарлар.
4. Мектепішілік бақылау
ақпараттық және аналитикалық анықтамалар;
диагностикалар.
Әдістемелік бірлестік жетекшісінде мынадай құжаттар мен материалдар болуы керек:
Жылдық жоспар
Отырыс хаттамалары
ТЗЖ бағдарламалары
Білім сапасы мен сабақтың жүргізілу жағдайының аналитикалық бақылау материалдары болуы керек: білім деңгейлері, диагностика