4)strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі. Мысалы:
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include
#include
#include
main ()
{char str1[21];
strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?");
puts(str1);
strcpy(str1,"Тамаша!");
puts(str1);
getch();
}
5) strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset(str,ch) функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.
7) strtod(str1,str2) функциясы берілген қатарды double типті санға ауыстырады.
8) strchr(str,c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.
9) strrev(str) функциясы берілген қатардың барлық символдарын керісінше бейнелейді.
10) strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген символын 1-ші қатардан іздейді.
Бақылау сұрақтары
Тіркестік айнымалылардың сипатталу тәсілдері қандай?
Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады?
Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады?
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
Си тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар? Оларды қалай пайдаланады және олар қалай жазылады?
|