|
|
бет | 30/30 | Дата | 23.12.2021 | өлшемі | 210,53 Kb. | | #103244 |
| Байланысты: УМК сист прог | Қосымша әрекеттер жұмыс істеп тұрған файлдарды анықтау, ішкі Ассемблерді іске қосу сияқты әрекеттерді орындайды.
File менюінің ішкі командалары:
Open F3 Бұрын жазылған файлды ашу {A:\LB1.C}
New Жаңа файл ашу
Save F2 Файлды дискіге жазып сақтау
Save as … Файлды басқаша түрде жазып сақтау
Save all Барлығын да жазып сақтау
Change dir Директорийды өзгерту
Print Ашық терезедегі файлды қағазға басу
Dos shell DOS-қа (Turbo Си-ден) уақытша шығу
Exit Alt-X Turbo Си-ден шығып кету
Файлды дискіге өзіңіз қойған атпен сақтауға арналған Басқаша сақтау (Save as – Сохранить как...) терезесі төмендегі 18.2-суретте көрсетілген.
18.2-сурет. Дискіге мәлімет жазу терезесі
Edit менюінің ішкі командалары (18.3-сурет):
Undo (болдырмау) Alt + Bksp – соңғы орындалған команданың әрекетін болдырмай алып тастайды.
Redo Shift +Alt + Bksp – Undo командасының кері айтарған командасы әрекетін қайтадан іске қосады.
Cut (қиып алу) Shift+Del – белгіленген бөлікті буферге қиып алады (бұрынғы орнында қалмайды).
Copy (көшіру) Ctrl+Іns – белгіленген бөлікті буфергекөшіреді (бұрынғы орнында сақталады).
Paste (кірістіру) Shіft+Іns – курсор орналасқан жергебуфердегі ақпаратты кірістіріп қояды, яғни енгізеді.
Clear (өшіру) Ctrl+Del – белгіленген бөлікті өшіру.
Copy Examples – мысалды көшіру.
Show Clіpboard (буферді ашу) редактор терезесінен буферге алынған мәтінді сақтайтын терезені ашады.
Search менюінің ішкі командалары:
Fіnd (табу) – табуға қажетті сөзді енгізу мүмкіндігін беретін сұхбат терезені ашады.
Бақылау сұрақтары
1.С тілінде жазылған программалар қалай теріліп түзетіледі?
2. С тілінің біріктірілген ортасында программа қалай орындалады?
3.С тілінің біріктірілген ортасында бір терезеден екінші терезеге ауысу қалай орындалады?
4. Тұтынушы экраны дегеніміз не, ол қалай ашылады?
5. Меню қатарында қандай командалар бар, оларды қалай орындаймыз?
6. File (файл) меню командалары қандай, олар не істейді? Файлды басқа атпен сақтау қалай орындалады?
7. Edit (түзету) меню командалары қандай, олар не істейді? Алмасу буферін қалай пайдаланады?
8. Жол элементтерін белгілеу үшін не істеу керек? Белгілеуді алып тастау қалай орындалады?
9. Программаны компиляциядан өткізу және орындау үшін басылатын қос пернелер комбинациясы қандай?
|
Достарыңызбен бөлісу:
|
|