#include
#include
#include
void main ( )
{ int gdriver = DETECT; //драйвер
int gmode; //режим аты
int errorcode; // қате коды
initgraph (&gdriver,&mode,“C:\\TC\\bgi\\”);
errorcode = graphresult();
if errorcode != grOk) //іске қосу қатесі
{printf(“Қате: %d\n”, errorcode);
puts("Аяқтау үшін УТЕУК басыңыз");
getch ();
return;
}
... Ары қарай программа мәтіні...
getch();
closegraph ( );
}
13.1. Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
Графикалық режим драйверін іске қосу функциясы
initgraph(&Driver,&Mode,Path);
Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі – бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі – драйвер файлының орнын көрсетеді.
КөбінесеDriverпараметрі мәніретінде detect болатын бүтін константа қолданылады. Мұндайда initgraph функциясының өзі графикалық драйвер типін анықтап, ең дұрыс режимді таңдап алады.
Тақырыптық файлы:
Драйвер дұрыс оқылған соң, initgraph( ) функциясы 4К көлемінде (келісім бойынша) ішкі графикалық буфер ұйымдастырады да, экран түсі, сызықтар түсі анықталып, дисплей адаптері графикалық режимге кіреді. Экран тазаланып, курсор сол жақ жоғарғы бұрышқа орнатылады.
Егер BGI-файлдар ағымдағы бумада болса, initgraph() функциясының үшінші параметрі ретінде бос орын мәнін беруге болады
initgraph(&Driver,&Mode," ");
Графикалық режимнен шығу және оған бөлініп берілген жады бөлігін босату үшін, яғни бейнеадаптер буферін тазартып, бұған дейінгі мәтіндік режимді қалпына келтіру мақсатында мына функция қолданылады
closegraph();
Графикалық режимде сызық түстерін, тұйық сызықтар ішін түрлі түске бояуға болады. Ол үшін мәтіндік режимдегідей түстер кодтары және олардың ағылшынша атаулары қолданылады.
|