ТурбоС редакторы терезесі
TurboС программалау жүйесі программаны теріп, оны орындауға мүмкіндік береді.
Жалпы тұтынушы мынадай әрекеттерді орындай білуі керек: программаның мәтінін жазып, дискіде программа файлы ретінде сақтау;программаны компиляциядан өткізіп, егер синтаксистік қателері бар болса, оларды түзету; программаны орындап, нәтижесін алу.
Сонымен, кез келген программа оны теру, компиляциялау, құрастыру, атқарылушы модульді жасау және орындап нәтиже алу сатыларынан өтуі тиіс.
С тілінің біріктірілген (интегралданған) ортасында программа орындау төмендегідей қадамдардан тұрады:
1) компилятор қажет файлдарды іздеп тауып алуы үшін ортаның параметрлерін тағайындау;
2) программалық файлды редактор орасына жүктеу немесе теру;
3) атқарылатын модульді (орындалатын файлды) жасау;
4) программаны іске қосу және орындау;
5) программада қате болса, оны жөндеп түзету.
Программа құру үшін, ең алдымен ТурбоС біріктірілген ортасымен жұмыс істей білу керек.
Т урбоС ортасы – арнайы көп терезелі мәтіндік редактор. Ол көбінесе С:\TC\BIN\tс.exe файлын іске қосу арқылы немесе соның жарлықтарының бірін іске қосу жолымен жүктеледі:
C:
cd TC\BIN
rk.com
tc.exe
ТС.ЕХЕ файлының жұмыс істеу барысында экранда ТурбоС ортасының негізгі терезесі ашылады (15.1-сурет). Осы ортада орыс (қазақ) әріптерін теру мүмкіндігін беретін C.bat пакеттік файлының мәтінін мынадай түрде құрастыруға болады:
C.bat файлын немесе оның жарлығын шерту арқылы да ТурбоС ортасы ашылады. Ол іске қосылған соң, орыс әріптеріне және ағылшын әріптеріне ауысу қос Shift пернелерін (ол басқаша да болуы мүмкін) қатар басу арқылы орындалады.
TурбоС редакторы DOS ортасында жұмыс істейтін көкшіл экранға шығады. Ол төрт бөліктен тұрады (18.1-сурет):меню жолы,түзету/теру терезесі,мәлімедеме хабарлар терезесі,қалып қатары.
Достарыңызбен бөлісу: |