Символдарды енгізу/шығару операцияларында файлдан бір ғана символ оқылады немесе оған бір символ жазылады. Мысалы:
fgetc(FILE *fp); ашылған файлдан символ оқиды.
fputc(intch,FILE *fp); ch символы кодын файлға жазады.
Сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операцияларында бір мәлімет алмасуы кезінде файлдан сөз тіркесі жолдары оқылады немесе оған сөз тіркесі жазылады. Мысалы:
gets(char *S); файлдан мәлімет байттарын '\n' символы кездескенше біртіндеп оқиды да, оларды S тіркесіне орналастырып, '\n' символын ‘\0’ (нөл-терминатор) белгісіне айналдырады.