Миссия / Миссия / Mission
- индивидуумның қабілеттілігін, бейімділігін, жоғары
мақсатын білдіретін философиялық ұғым. Бұларға қол жеткізу үшін ол өзінің
қабілеттерін барынша оңтайлы іске асырып, ішкі әлеуетін таныта отырып, қоршаған
ортамен, қоғаммен және табиғатпен үйлесімді өзара әрекет етеді.
Мнемоника / Мнемоника / Mnemonics
(грек. τ
ὰ
μνημονικά – есте сақтау өнері)
- мнемотехника – қажетті ақпаратты есте сақтауды жеңілдетіп, белгілі бір
ассоциациялар
(байланыс) келтіру арқылы жадының көлемін ұлғайтатын арнайы
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Есте сақтауды жеңілдету үшін
мнемоника
абстрактілі объектілер мен деректерді визуалдық, аудиалдық және кинестетикалық
түсініктері бар ұғымдарға ауыстыру, объектілерді жадыда сақталған әрқилы
ақпаратпен байланыстыру түрінде жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |