III. Қорытынды.
Сұрақ - жауап
Бүгін нені білдік?
Бүгін нені үйрендік?
10- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақалдар ұйқасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақал - мәтел түрлерімен таныстыру, оларды мақалдардың ұйқасын дұрыс айта білуге, мағынасын ажырата білуге үйрету. Оқушылардың ойын ұштап, ұлттық педагогика ұстанымы бойынша тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ – жауап, жарыс
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал мәтел, жаңылтпаш
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу (оларды түгендеу)
Психологиялық дайындық
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар
II.Негізгі бөлім
Мұғалім ұлттық салт - дәстүр, ауыз әдебиетінің жанрларымен таныстырып әңгімелейді.
Үйренеміз мақалын
Мақал - мәтелдер:
Білім өмір қазығы
Талаптыға болды кез
Білімді мыңды жығады
Отан оттан да ыстық
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл
Туған елдей ел болмас
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі болады. Мысалы: туған жер туралы, отан туралы, ана туралы, еңбек туралы, оқу білім туралы, ынтымақ бірлік туралы.
Тапсырмамен жұмыс
Төменде екі мысал келтіріліп отыр. Мұқият оқы.
Кешіріңіз, кіруге бола ма?
Апай, кешіріңіз, кіруге бола ма? Кешігіп қалдым. Негізі кешігейін деген жоқ едім. Көрші тұратын бір кішкентай бала көшеде құлап, аяғын жарақаттап алыпты. Соны үйіне апарып тастадым. Қайтып шықсам, автобус өтіп кетіпті. Содан біраз кешігіп қалдым. Отыруға рұқсат па?
*Қысқа да нұсқа сөйлеу және егжей - тегжей әңгімелеуге қатысты өзің мысалдар келтір.
2. Хайуанаттар бағында немересін жетектеген қария сенен шығар есікті сұрады. Қысқа қайырасың ба, әлде тәптіштеп түсіндіресің бе? Суретке қарап отырып, жауап бер.
Топпен жұмыс
Топтар бір - біріне мақал - мәтел айтып, жарысқа түседі.
I – топ
II – топ
III – топ
Оқушыларға сөздер беріледі, олар сол сөздерге мақал – мәтел ойлап табады. (отан, білім, дос, ел, жер, батыр т.б.)
Қорытынды
Мақал- мәтелдердің қандай тақырыптары бар?
Білім туралы қандай мақал - мәтел білесіз?
Ана туралы ше?
Мақал - мәтелдің мағынасын ашыңыз?
100 теңгең болғанша
100 досың болсын
Қандай жаңылтпаштарды білесіз?
Достарыңызбен бөлісу: |