1.2. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері
Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Яғни, ол әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде, методикалық мақсатта жүзеге асады. Монологтық сөйлеуге ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Монологтық сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз, оқушылар қайда оқимыз, бүгін қай күн деген сөздерді, апта күндерін немесе күздің сипаттамасын ағылшынша жеткізе алуы қажет. Монологтық сөйлеуді үйретудің бірліктері сөйлемдер, сөйлемдік бірліктер және байланысқан мәтіндер бола алады, мысалы This is a pen. It's on the table. Монологтық формада сөйлеу өз тілінде де, шет тілінде де қиындық туғызады. Ол не айту керек әрі қалай айту керек және т.б байланысты. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог – сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. 2-ші сыныптық кезеңдерде оқушыларға мәтінді тез есте сақтап, түсініп айту үшін көмек ретінде құрылымдық «қаңқаны» тірек етіп алуға болады. «Қаңқаны» кодоскоп арқылы экранға шығаруға немесе тақтаға, карточкаларға жазып қоюға болады. Мысалы, аттың суретін көрсету арқылы мұғалім оқушыларға келесі құрылымдық «қаңқаны» ұсынады: This is a ..., It's a domestic .... It's ..., It lives on .. , It eats .... It drinks .... I like ... very much. Сөйтіп оқушы тиісті суретке қарай отырып,ат туралы айта бастайды. Ал 3-ші сыныптық кезеңдерде оқушылардан тыңдалған немесе оқылған әңгіме арқылы , оның негізгі мазмұнын бірнеше сөйлем арқылы беру талап етіледі.
Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін (conversational formulas) және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы,сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы «Is it tuesday today?» деген сұраққа «Үes,it is!» немесе «Yes it is already tuesday today» деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. «Yes, it is an English book or Russian one?» сұрағына «Іt is a Russian one» немесе « a Russian one» деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз: What is red? The flower is; Who will go to the cinema? My brother will. Бастауыш сыныптарда сөйлеудің диалогтық формасында әңгімелесушіні қарсы алу, онымен қоштасу, біреуге біреуді таныстыру, бір нәрсені істеуге келісіміңді білдіру немесе білдірмеу, мейраммен құттықтау, қуанышыңды немесе наразылығыңды білдіру және т.б ерекшеліктерге көңіл бөлінеді. Диалогтық сөйлеуге үйретудің негізі диалогтық бірліктер.Олар:
сұрақ-жауап: Is our classroom large? — Yes, it is.
сұрақ- сұрақ: Is it your pen? — Why do you ask me?
нақтылау-сұрақ: I want to know English.— What for?
нақтылау- нақтылау:This is a box of sweets for you.— Oh, thank you, I like sweets very much.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы жылдарында оқушылар сөйлеуге ұмытылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды дәрежеде болса да, олар тілдің коммуникативтік қызметін сезіне бастайды. Ал екінші жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т.б сияқты талаптар қойылады; тілдік бағдарламалық материалдың шегінде оқу жағдайына сәйкес, әңгімелесушілердің сөзі кем дегенде 3 сөйлемнен кем болмауы керек. Монологтық сөйлеуге келетін болсақ, олардан алдын-ала дайындықсыз оқу жағдайына сәйкес әрі тілдік бағдарламаның материалы шегінде сөз көлемі 5 сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың үшінші жылында диалогтық сөйлеу кезінде сұрақ пен жауап, ұсыныс пен бұйыруды қолдана отырып, әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек. Ол тікелей тілдік бағдарламалық материалмен қатысты болып және де 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Ал монологтық сөйлеуге талаптар күшейіп күрделенеді және көлемі 7 сөйлемге дейін жоғарылайды. [4.12]
Достарыңызбен бөлісу: |