Кіріспе Жұмыстың өзектілігі


Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды сөйлеуге үйретудің жолдары



бет5/7
Дата18.12.2021
өлшемі40,82 Kb.
#102965
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бастауыш сыныпта сөйлеуге үйрету дағдылары

2. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды сөйлеуге үйретудің жолдары

Ағылшын тілін оқыту оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен, олардың көрнекті өкілдерінің өмірінен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары, газеттегі қарапайым мақалалар арқылы оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысуы олардың жалпы білімділік ой-өрісін кеңейтеді. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады. [5.201]

Сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:

1) Сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді;

2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;

3) қосымша оқыту құралдарының жиі қолданылуы;

4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Сөйлеуге үйретуде, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруі; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы тиіс.

Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше. Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.

Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:

А) тыңдап түсіну дағдылары;

Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;

Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу;

Тыңдауға үйренуді сөйлеушімен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, видеофильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады.

Сөйлеуге үйрету – шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуге тексеруді сурет арқылы және жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады. Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажет бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:

My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother-in-lаw the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife, in his opinion, spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. When he lеаves, his children are sorry to part with. him but they are glad that grandmother will cook their meals again.

Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:


  • Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  • Ауызша мәтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. [3.77]

Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тағы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сұрау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.

Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі, сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады. [6.54]

Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:

А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты тапсырмалар арқылы жағдаяттар құру.

Ә) Белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе жағдаятты дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;

Б) Оқушыны қоршаған орта, күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау.

Сөйлеу үшін ең алдымен оқушыларды тіл арқылы қарым – қатынас жасауға жағдаяттар арқылы үйрету керектігін негізге ала отырып, Ресейлік ғалым Е. Пассов мынадай түйіндеме жасайды: біріншіден, оқушылардың іс-әрекет жағдайын ескергенде ғана сөз әрекеті іске аса алады; екіншіден, жағдаяттарды үнемі өзгертіп, жаңалап отырғанда ғана оқыту нәтижелі болады, үшіншіден, жағдаят оқушыны өз бетімен ізденуге мәжбүр етеді, себебі ол ес, ойлау сияқты жеке бас қабілетіне сүйенеді.

Тілдік материалдар оқушыларға өз қалауларын айтуға және өз пікірін білдіруге қажет болады. Өз пікірін жағдаяттар және тақырыптармен байланыстыра қолдану мынадай пікірлер айтуға, жеткізуге жетелеуі тиіс:


  • қалауын, сезімін, жанашырлығын білдіру;

  • өз көзқарасын айту, қарапайым ғана дәлел келтіру;

  • істің мән-жайы мен оқиғалар туралы мәліметтер алу және әріптесінің пікірін сұрау.

Шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. [7.7]

Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:


  • Әліпбиді дұрыс меңгерту;

  • Орфографияны дұрыс оқыту;

  • Оқу дағдысын қалыптастыру;

  • Лексиканы меңгерту;

  • Грамматикалық құрылымды меңгерту;

  • Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасау үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырып отырады және оқушылар оған белсене атсалысады. Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығуын арттыру мақсатында жұмыс әнмен түрлерін пайдалану. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б. Әнмен жұмыс 3 кезеңнен тұрады:

1. тыңдау алдындағы тапсырма

2. тыңдау кезіндегі тапсырма

3. тыңдағаннан кейінгі тапсырма.

Мысалы, «Битлз» тобының танымал Уesterday әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдай отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындайды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.

Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген шын ықыласын қамтамасыз етуіміз керек.

Оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:



  • Оқушы мұғалімнің қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім оқушылармен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

  • Ана тілі мен ағылшын тілін араластырып сөйлемеу керек. Қажет болса грамматикалық ережелерді түсіндіруде ана тілін қолдануға болады.

  • Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оны сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Қорыта айтқанда, сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. [6.7]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет