Эритрин – жануарлар эритроциттерінен алынған фермент. Ол күл қоздырғыштарын және т.б. микроорганизмдер әсерін тежейді.
Лейкин- температураға тұрақты, бактериоцидті фермент, лейкоциттен алынған.
Плакин- лейкинге ұқсас тромбоциттен алыған зат.
Лизоцим- адам мен жануар сілекейінде болатын бактериялар жасушаларын ерітіп жіберетін фермент.
Ағзаның арнайы қорғаныс факторлары.
Қарсытек - дегеніміз бұл иммунологиялық реакцияларды туғызу қабілеті бар заттар (бұлар- белоктар, нуклеопротеидтер, полисахаридтер), яғни ағзаға бөтен заттар енгенде пайда болады.
Қарсытектер- 2- қасиетті болады:
Иммуногендік- қарсыдене мен иммунды лимфоцит пайда болады.
Қарсыденелермен және иммунды лимфоциттермен арнайы байланысқа түсіп, иммунды реакциялар тудырады.
Осы 2 қасиеті бар қарсытектер сапалы қарсытектер деп аталады. Бұлар бөгде ақуыздар, қансарысу, жасуша элементтері, токсиндер, бкатериялар, вирустар жатады.
Дайын қарсыденелермен арнайы байланыста болып, бірақ иммунды реакциялар тудырмайтын заттарды сапасыз қарсытекер немесе гаптендер деп атайды.
Инфекциялық аурулардың лабораториялық диагностикалық әдістерінің бірі - патологиялық материалдан қарсытектің айқындалуы. Қарсытекті айқындау үшін әртүрлі иммунды рекциялар қолданылады.
Қарсыдене - қарсытекпен арнайы байланысатын қабілеті бар – иммуноглобулиндер.
Глобулиндер- α, β, т.б.
Қарсыдене – қарсытек реакциясын серологиялық реакция деп атайды. Олардың арнайы және сезімталдың қасиеттері жоғары болады. Жұқпалы ауру диагностикасында серологиялық әдістің мақсаты: аурудың қан құрамынан арнайы қарсыденелер табу; ауру барысында және реконвалесценция кезеңінде қарсыденелер түзілу динамикасын зерттеу.
Иммунопрофилактика.
Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының бірі иммунопрофилактика. Яғни:
Достарыңызбен бөлісу: |