Кіріспе Оқу үдерісінің мән-мағынасы



бет2/3
Дата20.11.2023
өлшемі28,49 Kb.
#191965
1   2   3
Байланысты:
РефератБ (копия)
Сөз тап!!!
Педоцентристік тұжырымдамада басты роль баланың іс-әрекетіне, оқуға беріледі. Оның негізіне Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі», В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамалары жатады.
Оқытудың мақсаты тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқыту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс. Оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:

  • Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту;

  • Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;

  • Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру;

  • Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру ;

Оқытудың 3 қызметі бар:

  • білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.

  • тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.

  • дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.

Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
-білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-
әрекетті іске асыру;
-білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын
дамы уы:
-білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я. A. Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп
тұжырымдады.Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сөл екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізеледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н. Скаткиннің, И.П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.
Оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны қоғам қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. Қарапайым қоғамда оқытудың мазмұны да қарапайым: бала тек оқу, жазу, санау білсе жеткілікті. Қоғамның дамуына байланысты өндірістің, техниканың дамуына қарай оқытудың мазмұны да күрделенді, бұрынғы қарапайым білім өндірісте жұмыс істеуге жеткіліксіз болды. Оқу орындарында техникалық білім беріле басталды. ЭЕМ дамыған қазіргі қоғамда компьютерлік білімнің қажеттілігі туды.
Оқытуда бала үнемі білмеуден білуге қарай жылжып отырады. Баланың танымдық қабілеттері - ойлау, есте сақтау, зейінділік, т.б. дамиды. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Мотив деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқыту процесіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқытуда жетекші рольді мұғалім атқарады. Алайда оқушы тек обьект ғана болмай, субьект болуы керек. Оқытуда жақсы оқитын балалар белсенділік көрсетсе, үлгермеушілер енжарлық жасап, оқуға ешқандай күш жұмсамайды. Мұғалім балалардың бәрін де оқуға қызықтырып, ынталандыруы керек.
Оқыту процесінің құрылымы: Білім алудың мақсаты мен мотивін анықтау, Жаңа оқу материалын қабылдау, Білімді бекіту, Білім мен дағдыны практикада қолдану, Оқушылардың БІД тексеру, бағалау
Мотив әрекеттің себебін, ал мақсат әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиіс екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі - қызығу. Өйткені бала білім алуға қызықпаса, талаптанбаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Баланы қызықтыру үшін білімнің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру керек.
Оқушының білімді меңгеруі жаңа материалды қабылдаудан басталады. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа білімді қабылдауға дайындайды. 
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімін бекітіп отыру маңызды. Ол үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыру қолданылады. Бекітуді ұйымдастырғанда түрлі жаттығулар, ойындар, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды керек етеді. Егер оқушы алған білімін практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанын көрсетеді. Білім мен дағды түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Тексеру мен бағалау оқытудың әрбір кезеңінде қолданылады. Бұл арқылы оқушының біліміндегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталады. Оқушының білім алудағы жетістіктеріне талдау жасап, айтып отыру маңызды. Дұрыс, әділ қойылған баға оқушының ынтасын арттырады, өз күшіне деген сенімділігін тудырады. 
Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Оқыту заңдылықтары сыртқы, ішкі, жалпы, жеке болып бөлінеді. 
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшелігі бар: оқыту процесі тәрбиеге қарағанда оңай басқарылады, тез іске асырылады әрі нәтижесін тез байқауға болады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет