Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет35/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

Қондырғының сипаттамасы

Э
лектронның меншікті зарядын магнетрон әдісімен анықтау үшін 5-суреттегі электр тізбегін, 6 суреттегі монтаж сызбасын жинайды.



5-суретте, Электр сызба:

1 – «+15 В» тұрақты кернеу көзі; 2 – анодтық токты өлшейтін мультиметр (режим A 2 mA, входы COM, mA); 3 – вакуумдық диод; 4 – соленоид; 5 – соленоидтық токты өлшейтін мультиметр (режим A 200 mA, входы COM, A); 6 – реттегіші бар «0...+15 В» тұрақты кернеу көзі; 7 –қыздыру катодының кернеуі Uн; 8 –«Магнетрон» миниблогы

Вакуумдық диод 6 «+15 В» тұрақты кернеу көзіне қосады. Шамның анодтық тогын 2 цифрлық мультиметрмен өлшейді. Шамның қыздыру қылына кернеуді «-15В» тұрақты кернеу көзінен береді. Диод шамның анодтық осі соленоид осіне дәл келетіндей соленоидтың ішіне орнатылған. Соленоид 4 «0...15В» кернеу қондырғысының батырмаларының көмегімен орамдардағы ток күшін өзгерте отырып, индукциясын реттеуге болатын магнит өрісін жасайды (реті 14, 1 сурет, 6 бет). Соленоид орамдарындағы ток 5 мультиметрмен өлшенеді.




Магнетронның параметрлері d= 37 мм, l=36 мм, N=2800 орам, r= 3 мм, Ua=15 В

I, мА

90
















...

200

Iа , мА

























I, мА

























Ia , мА




















































Жұмыстың орындалу тәртібі

Өлшеулерді орындау.

  1. 6 суретте монтаж сызбасы бойынша электр тізбегін жинаңыз.

  2. «Сеть» батырмасымен кернеу генераторының қоректендіру көзін қосыңыз. «Исходная установка» батырмасын басыңыз (реті 19, 6 бет, 1 суретті қара).

  3. «0.....15В» (реті 14, 6 бет, 1 сурет) кернеу қондырғысының батырмалары арқылы соленоид орамдарына I90мА токты қойып, 2 мультиметр бойынша алынған Iа анодтық токты өлшеңіз.

Нәтижелерді ( I және Iа мәндерін) кестеге жазыңыз. Осыған ұқсас етіп, токты 2,5 мА-ден 200 мА дейін арттыра отырып, өлшеулер жүргізіңіз.

  1. «Сеть» батырмалары арқылы кернеу генераторының қоректендіру көзінің блогын және мультиметр блогын өшіріңіз.


Өлшеу нәтижелерін өңдеу.

  1. Анодтық токтың және соленоидтағы токтың өзгерісін анықтаңыз. шамасын есептеңіз. Нәтижелерді кестеге жазыңыз.

  2. Бір бетке және екі тәуелділікті (графиктің бір өрісіне, 4 суретті қара) тұрғызыңыз.

  3. Соленоид орамдарындағы Iкр критикалық токтың мәнін туындының графигінде максимумның орналасуы бойынша анықтаңыз.

  4. (11) формула бойынша электронның меншікті зарядының шамасын есептеңіз.

  5. Алынған мәндерді кестелік мәндермен салыстырыңыз (анықтамалық мәліметке сәйкес e/m=1,75880471011Кл/кг) және өлшеу нәтижелерінің салыстырмалы қателігін


формула бойынша бағалаңыз.



  1. Қорытынды жасау үшін электронның меншікті зарядын анықтау үшін қолданылға әдіске талдау жүргізіңіз: жүйелік және кездейсоқ қателіктердің жіберілу мүмкіндіктерін, оларды жою немесе азайту жолдарын көрсетіңіз.


Бақылау сұрақтары

  1. Электр және магнит өрістерінде зарядталған бөлшектерге әсер ететін және күштердің формулаларын жазыңыз.

  2. Зарядталған бөлшек қозғалғанда қандай параметрлер өзгереді ( , жылдамдық, үдеу, траекторияның қисықтық радиусы):

а) электростатикалық өрістің күш сызықтарына бұрыш жасап;

б) Лоренц күшінің әсерінен;



  1. а) электр өрісінде зарядталған бөлшектің жылдамдығын;

б) магнит өрісінде электронның траекториясының қисықтық радиусын анықтау үшін қандай теңдеулерді қолданады?

  1. Магнетронда катодтан анодқа қарай қозғалған электронға әсер ететін және күштердің бағытын көрсетіңіз.

  2. Қозғалыс кезінде және күштердің модулі неге және қалай өзгереді?

  3. Магнетронда электронның қозғалыс жылдамдығының модулі және векторы неге тәуелді?

  4. Суретте магнетрондағы және векторларының бағыттарын көрсетіңіз.

  5. Магнетрондағы электронның траекториясының пішіні және Вкр критикалық индукцияның мәні неге тәуелді?

  6. Суретте магнетрондағы электронның траекториясының пішінін магнит индукциясының әр түрлі мәндері үшін ( Bкр, В=В кр, ВВкр ) салыңыз.

  7. Электр сызбасында мультиметрдің қызметін атаңыз.

  8. Магнетрондағы Iа анодтық токтың мәні қандай шамаларға тәуелді?

  9. Магнетрондағы Iа анодтық ток мына шамаларға:

а) катодтың қыздыру тогына Iк ;

б) анодтың кернеуге Ua ;

в) соленоид орамдарындағы I токқа;

г) соленоидтың N орамдар санына қалай тәуелді?



  1. Электронның меншікті зарядын анықтауға арналған есептеу формуласын қорыту үшін қандай теңдеулерді қолданады?

  2. және графиктердің пішінін түсіндіріңіз және олар не үшін қолданады?

15. Осы графиктер бойынша критикалық токты анықтау тәсілдерін атаңыз.

Әдебиет

  1. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. – М.:Высшая школа,1989. - §§23.1, 23.3

  2. Калашников С.Г. Электричество. – М.: Наука, 1977. - §§178, 179,182




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет