Жұмысты орындау тәртібі: Сұлбамен танысып, суретін салып алу. Жабдықтар: L - орам;
mA –миллиамперметр;
V -вольтметр;
П -потенциометр құрылымның электрлік сұлбасы
1 – Тәжірибе. Орамның активтік кедергісін анықтау. а) Потенциометрдің жылжығышын оның “min” шамасына қойыңыз;
б) Қореқтендіруші қосқышты (вилканы) тұрақты тоқтың –40 В торабына жалғайсыз;
в) Вольтметр мен миллиамперметрдің өлшеу шегін анықтайсыз;
г) Вольтметр мен миллиамперметрдің шкаласының әр бөлігінің құнын анықтайсыз.
д) Потенциометрдің Пжылжығышының орнын өзгерте отырып турақты кернеу Uтұр мен тұрақты ток күшінің Iтұр сәйкес әртүрлі мәндерін (n=6) кестеге жазып аласыз.
е) орнегін пайдаланып активті кедергің мәндерін есептеп кестеге жазып қоясыз.
2 - Тәжірибе. Орамды айнымалы тоққа қосқандағы толық кедергісін анықтау. а) Потенциометрдің жылжығышын “min” шамасына қойыныз;
б) Қореқтендіруші қосқышты (вилканы) айнымалы тоқтың ~40 В торабына жалғайсыз;
в) Потенциометрдің Пжылжығышының орнын өзгерге отырып айнымалы кернеу Uэф мен айнымалы ток күшінің Iэф сәйкес (n=6) әртүрлі мәндерін кестеге жазып аласыз.
г) формуласы бойынша өзекшесіз орамның толық кедергілерінің мәндерін есептейсіз де кестені толтырасыз.
3 – Тәжірибе. Өзекшесіз және өзекшесі бар орамның индуктивтіктерін анықтау.Өзекшені орамның ішіне орналастырып, 2 – тәжірибеде алынған тоқтың шамаларын Iэф өзгертпейорамдағы айнымалы кернеудің сәйкес U´эф мәндерін кестеге жазып, формуласы бойынша өзекшесі бар орамның толық кедергілерінің мәндерін (n=6), есептейсіз де кестеге жазысыз.