Клиент: 11ДАА
Жасы: 16
Күні: 17.12.2019ж
Композиция: Менің өмірім
Құм түрі: құрғақ
Талдау: 11ДАА кодты клиентпен ашық әңгіме жүргізілді. Көңіл-күйі жақсы. Экстроверт (ашық), мазасыз тұлға ( құмсалғышты айналып жүрді) екендігі байқалды. Оқушы жағдайымен таныс болған соң, құм терапиясында қолданылатын заттар көрсетілді. (23-ке жуық). Одан әрі оқушыға ақ парақ берілді. Парақты 8 бөлікке бөлу сұралды. Жоғарғы бөлігіне өміріңізде болған 4 үрейді салу ұсынылды. Осы үрей ішіндегі құтылғысы келетін үрейді құмсалғыш ішіне орналастырып композиция құрастыру сұралды.
1 композиция:композицияның оң жақ бөлігінде өзінің үйі екендігін айтты. Жоғарғы және төменгі бөлігінде шамдар орналасқан, ал сол жақ бөлігінде досының үйі орналасқандығын жеткізді. Композицияны құрастыру кезінде оқушы бойында мұң, көңілсіздік байқалды. Оқушы орналастырып болғандығын жеткізді.
1 қадам: -Құмға композиция салған ұнай ма? - әрине, ерекше екен
-Құм композиция қалай аталады?-Менің өмірім
2 қадам: -Құм композициясының қай бөлігі ұнайды? - Ұнап тұрған жоқ қайта жасасам бола ма?
2 композиция: композицияның оң жақ бөлігінде өзінің үйі екендігін, жоғарғы және төменгі бөлігінде шамдар, жайқалған ағаштар орналасқан, ал сол жақ бөлігінде мектеп орналасқандығын айтты. Ортаңғы бөлігінде достарымен кездесіп отырғандығы жеткізді. Достары ашық, қиын сәтте қолдау білдіретіндігі білінді.Композицияны оқушы ерекше көңіл күймен әңгімеледі.
Бастапқы бақылау немесе пікірі Оқушы пікірі. Құммен жасаған ұнады. Ерекше сергіп қалды. 1-ші композицияны құрастыру барысында көңіл-күйім түсіп кетті, себебі суық көрінді. Ал 2-ші композиция мен үшін жағымды жылы көрінді.
Қорытынды 11ДАА клиенттің 1 композициясы бойынша құм ыдысының ортасының сол жағына түскен фигура өткен шақта болған эмоционалдық күйзелісті білдіреді.Ең жақын досымен ренжісіп қалған. Ал 2- композицияның ортаңғы бөлігінде достарымен ерекше көңіл-күйге бөленіп отырған күйі сипатталды.