Карноның қорытынды (регенеративті) циклі
Берілген температуралар интервалында, Карноның қайтымды циклынан жоғары термиялық п.ә.к. алу мүмкін емес. Дегенмен, конфигурациясы бойынша Карно циклінен ерекшеленетін, бірақ кейбір қосымша жағдайларда термиялық п.ә.к-і Карно циклінің п.ә.к-не тең болатын тұрақты температуралы жылудың екі көзі болған кезде, басқа қайтымды циклдерді жүзеге асыруға болады. Қорытындыланған немесе регенеративті циклдер осыған жатады.
Келтірілген 16 суретте 1-2 және 3-4 екі изотермадан және көлденең бағытта эквидистантты екі кез келген еркін қайтымды 2-3 және 4-1 процестерден тұратын цикл 1-2-3-4- кескінделген.
|
Изотермиялық процесте 1-2 температурасы Т1 жылубергіштен жұмысшы денеге жылудың меншікті мөлшері келтіріледі q1 T1 (s2 s1 ) . 2-3 процесінде жұмысшы дене, 7328 ауданымен өлшенетін q23 жылу мөлшерін бере отырып, өзінің күйін өзгертеді.
|
16 сурет. Карноның
регенеративті циклі
|
Жұмысшы дененің Т1 температуралы 2 нүктеден Т2
температуралы 3 нүктеге қайтымды өтуін жүзеге
|
асыру үшін, температурасы бір бірінен шексіз аз шамаға айырмашылықты болатын жылудың (жылуқабылдағыштың) аралық көздерінің шексіз үлкен мөлшері қажет. Жұмысшы дене жылуқабылдағышқа температура Т2 кезінде
q2 T2 (s3 s4 ) жылу мөлшерін беріп, 3 нүктеден 4 нүктеге дейін изотермиялық
сығылады. Содан соң, 4-1 сызығымен 1 нүктедегі күйге қайта оралады. Жұмысшы дене 4 нүктеден 1 нүктеге өтуі кезінде 5416 ауданымен өлшенетін
q41
жылудың меншікті мөлшерін жұтады. Қайтымды процесс 4-1 жүргенде
аралық жылубергіш ретінде 2-3 процесінде жылуқабылдағыш ретінде қолданылған жылу көздері пайдаланылады. Процестердің (2-3 және 4-1) эквидистанттығы әсерінен 7328 және 5416 аудандары бір біріне тең және жылу
мөлшерлері
q23 және
q41 абсолюттік шамада бірдей, яғни жұмысшы дене 2-3
процесінде қанша жылу берсе, сонша жылуды 4-1 процесінде қайта алады. Барлық аралық жылуқабылдағыштар мен жылубергіштер тек қана жылу регенераторлары болып табылады, олар циклдің бір бөлімінде жұмысшы денеден жылуды алады және сол мөлшерде жұмысшы денеге циклдің басқа бөлімінде қайта береді. Қарастырылған циклде 1-2-3-4 жылудың нақты сыртқы көзі – бұл тек қана температурасы Т1 жылубергіш және температурасы Т2
жылуқабылдағыш. Жұмыс жұмысшы денеге жылубергішпен берілетін q1
жылуы есебінен жүреді;
q2 тең екінші бөлігі жылуқабылдағышқа беріледі, ал
жылудың меншікті мөлшерлері арасындағы айырма
q1 q2
циклдің оң
жұмысына түрленеді. Шын мәнінде l q1 q23 q2 q41
немесе l q1 q2
тең.
Берілген циклдің термиялық п.ә.к. мына теңдеумен анықталады
t
q1 q2 T1 ( s2 s1 ) T2 ( s3 s4 )
(214)
q1 T1 (s2 s1 )
2-3 және 4-1 қисықтары эквидистантты болғандықтан
s1 s4 s2 s3
және
s2 s1 s3 s4 болады. Қарастырылған қайтымды циклдің термиялық п.ә.к-і
Карноның қайтымды циклінің термиялық п.ә.к-не тең.
Жылу регенераторы қатысатын цикл регенеративті цикл деп аталады. Екі изотерма мен екі кез келген еркін эквидистантты қисықтардан тұратын регенеративті қайтымды цикл Карноның қортынды (регенеративті) циклі деп аталады. Регенеративті циклдар жылу күшін беретін қондырғыларда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |