Су буының кестесі
Аса қызған бу мен одан дәрежесі үлкен қаныққан будың сипаты идеал газдармен өзгешеленеді. Будың күйін теңдестіру өте қиын және есеп тәжірибе- сінде қолданылмайды. Осыдан тәжірибе үшін кестелер және диаграммалар қолданылады. Жаңадан жасалған су буының кестелері мен диаграммалары Мәскеудегі энергетикалық институтта профессор М.П. Вукалович жасаған. Кестелер дәлдігі өте жоғары жасалған, ол аса қызған және қаныққан бу үшін 1000 °С температурадағы және 98,0 бар қысым аралығында жасалған. Кестелерде қаныққан будың қанығу температурасы, қысымы, меншікті көлемі сұйық және құрғақ будың энтальпиясы және энтропиясы көрсетілген.