Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет55/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р

әдісі


    1. Су буының термодинамикалық процестерін зерттеудің жалпы

Қаныққан және аса қыздырылған булар саласындағы термодинамикалық



процестермен байланысты есептерді су мен су буының кестелері немесе is - диаграммалар көмегімен шешуге болады. Бұл есептерде процеске қатысатын будың бастапқы және соңғы параметрлері, ішкі энергияның өзгерісі, энтальпия және энтропия, құрғақтық дәрежесі, жұмыс және жылу мөлшері анықталады.
Су буы процестерінің есептеулері үшін кестелерді қолдану кезінде, барлық қажетті бастапқы мәліметтер мен будың соңғы күйдегі параметрлері

процестің өту шарттарын ескерумен алынады ( v const,
p const
және т. б.).

Бұл жағдайда ылғалды будың параметрлері кестелік мәліметтер негізінде есептеледі. Су мен су буының кестелері бойынша процестерді есептеу әдісі ең дәл әдіс және сенімді шамалар алу қажеттігі туғанда барлық жағдайларда қолданылады. Дегенмен, бұл кезде кестеден қажетті шамаларды табуға, сонымен қатар есептеу операцияларына қосымша уақыт шығындалады.
Барынша қарапайым және көрнекі, бірақ дәлдігі төмен әдіс – су буының is -диаграммасы бойынша процестерді есептеу әдісі. Бұл әдіс қаныққан да, аса қызған будың да барлық процестері үшін жарамды. Әдіс, теңдеулерді қолданбастан, кез келген процестегі будың агрегаттық күйінің өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді. Процестерді есептеудің таза графикалық әдісі кестелер көмегімен есептерді шығару жолының дұрыстығын бақылау үшін қолданылады.
is -диаграмма бойынша есептеудің жалпы әдісі келесі операциялардан тұрады. Белгілі параметрлер бойынша будың бастапқы күйі салынады. Процестің сызығы жүргізіледі және соңғы нүктедегі бу параметрлері анықталады.
Меншікті ішкі энергияның өзгеруі барлық процестер үшін жалпы теңдеумен есептеледі:

u u2 u1  (i2 p2v2 )  (i1 p1v1 )
Жылу мөлшері анықталады:

qv u2 u1  (i2 p2v2 )  (i1 p1v1 )  i2 i1 v( p2 p1 )

  • изобаралық процесте

qp i2 i1

  • изотермиялық процесте

(254)
(255)
(256)

qT T (s2 s1 ) (257)
Бүкіл процестер үшін жалпы теңдеу бойынша сыртқы жұмыс есептеледі


l q  u (258)


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет