Қабылдаған: Абилкаирова Ж. Орындаған: Қалдыбек М. Ж тобы



Дата07.02.2022
өлшемі22,96 Kb.
#95984
Байланысты:
БОӨЖ 9 (1)


Қабылдаған: Абилкаирова Ж.
Орындаған: Қалдыбек М.Ж
Тобы: Б-20-1М


БАОӨЖ 9
Тақырыбы: ЖОО – дағы педагогикалық процесте мамандарды кәсіби дайындаудың проблемалары
Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұны шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген сөздерімен дәйектеуге болады. Яғни, осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді.
Болашақ мұғалім: - ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үдерістегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуді меңгеруі. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқутәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың үздіксіз педагогикалық - психологиялық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емес екені айтпаса да белгілі.
Студенттер 1-курстан бастап, «Педагогикалық қызметке кіріспе практикасына дайындық», «Фольклорлық практика», «Компьютерлік технология бойынша практика», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысы практикасы» бойынша практика түрлерінен өтеді. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) Cыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);
2) Байқау практикасы, жазғы демалыс лагеры (2-курс);
3) Диплом алды практикасы (3-курс);
Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты).
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.
Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);
- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;
- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.
Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады.
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.
Бастауыш мектепте ақпараттық басқару мәселелері тек техникалық және бағдарламалық аспектілерге, оның ішінде компьютердегі ақпаратты өндеу және сақтаумен ғана мәселе шешіліп қоймай, өзіне қатысты белгілі бір талаптары бар:
а) педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;
ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу;
б) бастауыш мектеп мұгалімдерінің зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияны игеруі.
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдістәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет, шығармашылық ізденісі қажет.
Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты ерекшелігі - балаларға деген сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер.
Мектепте үздіксіз педагогикалық практиканы 1-3 курстың күндізгі бөлімінде окитын студенттер өтеді. Кез-келген педагогикалық жүйенің табысты қалыптасуы, соның ішінде ҮПП-да төмендегідей принциптер жүзеге асырылады: максаттылық, жүйелілік, бірізділік, ғылымилық принципі, студенттерді педагогикалық әрекетке ерте араластыру, ЖОО мен мектептердің бірдей талап қоюы, ЖОО-дағы теориялық курстардың мектептегі практикалық жұмыстармен байланысы т.б.
Іс-тәжірибенің мақсаты білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттер мен іс- тәжірибе жүзінде шыңдау. Оларды таңдаған мамандығы бойынша өз бетінше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттер мен бекіту болып табылады.
Педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент — болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады.
Педагогикалық практика дамуының қазіргі кезеңі педагогтың жаңа типін – педагог – ізденушіні, жобалаушыны, білім беру мен тәрбиенің жаңа технологияларын жасаушыны қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі күні альтернативті педагогикалық жобалар мен жүйелерде жұмыс істей алмайтын, мектептегі инновациялық қозғалыстың ерекшелігін үйренбейтін, білім беру саласындағы инновациялық іс – әрекеттің мәнін түсінбейтін, инновациялық білім технологияларын меңгермеген мұғалім педагогикалық тұрғыдан сауатты маман болып есептелмейді. Мұғалімнің инновациялық іс – әрекетін дамыту- бұл білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі.
Тәжірибе өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетінталдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Білім саясатының өзекті мәселелерінің бірі – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде білімнің рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Үздіксіз педагогикалық практиканың бағыты - студенттерді кәсіби бейімдеп қалыптастыру. І курс студенттерінде «Мамандыққа кіріспе» пәнін оқыту базасының негізінде жүргізіледі. Ол студенттердің практикалық қызметінің ғылыми негізін қалыптастру мақсатында бірінші курстан басталады.
Үздіксіз практиканың мақсаты-студенттер мұғалімдік қызметтің әлеуметтік маңызын сезіну және оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасу әсерін бақылау. Үздіксіз педагогикалық практиканың міндеттері:
-студенттің мұғалімдік мамандыққа қызығушылығын ояту мен жағымды әсерін қалыптастыру;
-болашақ мұғалімді қазіргі білім беру жүйесінің реформаларымен, және оның ұлттық моделдерінің қалыптастырумен таныстыру;
- студенттерді әртүрлі оқу-тәрбиелік мекемелерде педагогикалық және алғашқы зерттеу жұмыстарын істей алу дағдыларымен қаруландыру студенттердің практикада істейтін жұмысының мазмұны:
1.Әр түрлі үлгідегі мектептің педагогикалық процесімен танысу:
-білім беруді реформалау жағдайындағы мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру;
- білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес белгілі сыныптағы оқу пәндері бойынша;
-Оқу пәндері бойынша мектеп кабинеттерінің жабдықталуы мен мектептің компьютерлендірілуі жағдайы;
- Мектептегі басқару ісінің жағдайы (менеджмент негіздері ).
2. Оқушыларды зерттеу үшін қолданылатын оқу-зерттемелік әдісттерінің негіздерін меңгеру; (бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу және т.б. диагностикалық әдістерді қолдану арқылы).
3. Сыныптағы оқу- тәрбие жұмыстарына қатысу:
-Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын дайындау мен өткізуге сынып жетекшісіне көмектесу;
- пән мұғаліміне сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды жинауға көмектесу;
- кейбір оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. ІІ курста өткізілетін үздіксіз педагогикалық практика ЖОО бағдарламасына және оқытылған психологиялық–педагогикалық пәндерге сәйкес жүргізіледі.
ІІ курстағы педагогикалық практиканың басты мақсатысыныптағы тұтас педагогикалық процесті бақылау, оның диагностикасы мен сараптамасын меңгеруге дағдылану;
Міндеттері:
1.Сыныптағы педагогикалық процестің жағдайын зерттеу («оқушының сынып жетекшісі», сынып жетекшісімен әңгімелесу, оның жұмыс жоспарымен танысу):
– пән мұғалімнің тұтас педагогикалық процесс позициясы бойынша оқу мен сыныптан тыс жұмыстары тәжірибесін үйрену (күнтізбелік жоспарды талдау, сабақтарға қатысу мен сабаққа анализ жасау) ;
- педагогикалық процесс субъектісі ретінде оқушының жеке тұлғасын зерттеу: оқушыны зерттеуге жоспар құру, бақылаудың тұтас диагностикалық әдіс жиынтығы, сауалнама, оқушының психологиялық – педагогикалық мінездемесін жасау.
2.Сыныптың ағымдағы оқу- тәрбиелік жұмысына қатысу:
-сынып жетекшісіне сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындап, өткізуге көмектесу (сынып жетекшісінің жоспарына сәйкес):
-пән мұғалімінің сабағын дайындап, өткізуге көмектесу: дидактикалық материалдарды даярлау, әдістемелік материалдар қорын толықтыру;
- тәрбиелік жұмыстардың кейбір түрлерін студенттің өзі өткізуі (сынып жетекшінің жоспарына сәйкес);
-оқушының ата-анасымен танысу. Практика қорытындысы конференцияда талқыланып, балдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.
Сондай-ақ оқыту процесін белсенділендірудің тәсілі ретінде студенттердің практика өтуі және оны дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Жалпы кәсіби бейімделу үшін үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тиімділігі зор. Жалпы білім алу процесі мен кәсіби білім алудың айырмашылығы да осында , яғни болашақ мамандарды болашақ кәсіптерімен тәжірибені ұштастыра отырып оқыту. Үздіксіз педагогикалық практика үдерісінде студенттер мектептің оқыту-тәрбие үдерісімен толық танысуға, болашақ маман ретінде психологиялық тұрғыдан даяр болуға мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет