С. М. Туганбаева №14 «Ақбөпе» балабақшасы екінші санатты тәрбиеші Астана қаласы «Орманға көмек» Мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі44,15 Kb.
С.М.Туганбаева

14 «Ақбөпе» балабақшасы



екінші санатты тәрбиеші

Астана қаласы
«Орманға көмек»

Мақсаты: Балаларға бес білім беру саласы бойынша тапсырмалар беру арқылы қыстың ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, тілдерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, жапсыру өнеріне қызығушылықтарын ояту, денсаулықтарын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту және адамгершілікке (достық қарым-қатынас, көмек көрсету) тәрбиелеу.
Қостілдік компоненттер: қыс-зима, орман-лес, сауысқан-сорока, аңдар-звери, кілт-ключь, достық-дружба, көмек-помощь.
«Ертеңгілік шеңбері»(Балалар шаттық шеңберіне тұрады)
Тәрбиеші: - Балалар, бәріміз қол ұстасып шеңберге тұрайық. Біз бәріміз доспыз. Достарыңның алақандары жылы, әрі жұмсақ болады. Кәне, сипап көрейік. Достарымызбен бірге болған кезде бәрі жақсы, ал доссыз көңілсіз болар еді. Осыны есте сақтауымыз қажет.
«Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! (Қарға дауысы естіледі)

- Балалар, бізге топқа құс ұшып келді. Бұл қандай құс?

- Қарға бізге жаңалық алып келген сияқты. Кәне, оны тыңдайық.
Қарға: Қысқы орман қиындыққа тап болды:

Орманда боран тұрып, қалың қар жауып, аңдар қар астынан шыға алмай, құстар ұша алмай жатыр.

Қиындықтан шығу үшін орманға 5 сиқырлы кілт керек. Мен сендерден көмек сұрайын деп әрең-әрең ұшып келдім. Орманның барлық тұрғындары сіздерден көмек күтуде.
Балалар, орманға сиқырлы кілттерді жинап береміз бе? Онда жолға шығайық!!!

– Ал орманға немен барамыз? Білгілерің келе ме? Мына жұмбақтың жауабын тапсаңдар білесіздер.

Жұмбақ:
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.. /шаңғы

- Дұрыс балалар, біз орманға дейін шаңғымен барамыз.

- Бәріміз жайғастық па?
- Онда орманға дейін көңілді бару үшін, «Дос болайық бәріміз» әнің айтайық.
Балалар, біздер қысқы орманға келдік. Қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Қыс қандай болады, ерекшеліктерін айтып беріңдерші?
Балалар, бұл сиқырлы ағаштар. Олардың барлық тапсырмаларын орындасақ, олар бізге 5 сиқырлы кілтті береді.Сондықтан мұқият тапсырмаларын орындауға тырысайық. Ендеше, орындарымызға отырып, жайғасайық.

Сиқырлы ағаштардағы ұлпа қарлардың артында сұрақтар болады.



1. тапсырма: Бір жылда неше мезгіл бар?Бір жылда неше ай бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Ай аттарын ата?

2. тапсырма: Дыбыс деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс қандай текшемен білгіленеді?Дауыссыз дыбыс қандай текшемен білгіленеді? Шана, Машина, Шаңғы, Ақшақар

3. тапсырма: Түсіп қалған сандарды орнына қой. 1...3...5...7...9... тура және кері санап беріндер.

-Балалар, шаршаған боларсыңдар. Қане, тұрып, сергіту сәтін орындайық.


Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
4. тапсырма: «Сөйлемді аяқта» ойыны сурет арқылы

1. Қыста қар .........

2.Балалар сырғанақ.......

3. Адамдар жылы.......

4. Қардан соғамыз ..........

5. тапсырма: Шешуін кім тез табады?

1. Төртбұрышта неше бұрыш бар? (4)түсі

2. Дөңгелектің бұрышы болады ма? (жоқ)түсінеше бұрыш бар?(3)түсі қандай?

3. Жыл мезгілі нешеу?(4) қандай?

4. Бір аптада қанша күн бар? (7)

5. Екі қоянда неше құлақ бар? (4)

6. Бір қолда неше саусақ бар? (5)

- Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, сиқырлы ағаштар сендерге риза болып, сиқырлы кілттерін беріп жатыр. Кәне сиқырлы кілттерді алып сауысқанға берейік.


Сауысқан: Алақай, қысқы орманды, онда мекендейтін аңдар мен құстарды бораннан құтқарып қалдыңдар.

Рахмет сендерге, балалар!


- Енді өзіміздің балабақшамызға шаңғыға мініп қайтайық.
Балалар «Дос болайық бәріміз» әнін айтады.

Балалар, біз қайда бардық? Қандай тапсырмалар орындадық?

- Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді?
- Көмек сұрағандарға көмектесу керек пе?
- Біздер қайда бардық?
- Қысқы орманда не істедік, не көрдік?

- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?


Көріскенше күн жақсы Сау-сәлемет болайық
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу