Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет57/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р

Газдар мен буларды дроссельдеу


Дросселдеу деп газдың тар саңылау арқылы өтуі кезінде сыртқы жұмыс атқарылмастан қысымның төмендейтін қайтымсыз процесін айтады.
Құбырдағы әр түрлі кедергілер (ысырма, шайба, кран, клапан, және т.б) газдың дроссельденуін және қысымның төмендеуін туғызады. Қысымның төмендеу мөлшері жұмысшы дененің табиғатына, жағдайына, газ құбырының саңылауына және газдың қозғалу жылдамдығына байланысты.
Көп жағдайларда дроссельдеу процесі дененің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, соның әсерінен оның тигізетін зияны зор. Бірақ кейбір жағдайларда оның қажеттілігі де бар. Мысалы, бу қозғалтқыштарында, мұздатқыш құрылғыларда және т.б. Саңылау арқылы газдың өтуі кезінде тар қимада газдың кинетикалық энергиясы және жылдамдығы ұлғаяды, ал температура мен қысым төмендейді.
Саңылау арқылы өтетін газ кинетиқалық энергиясының бір бөлігін жылуға айналатын үйкелу күшіне жұмсайды. Нәтижесінде температура өзгереді, ол не төмендейді немесе жоғарылайды. Саңылауда газдың жылдамдығы артады. Газ толық қимамен қозғалып, саңылау алдына келгенде жылдамдық тағы да төмендейді, ал қысым ұлғаяды. Бірақ, бастапқы күйіне дейін жетпейді; жылдамдықтың кейбір өзгерістері қысымның төмендеуінің әсерінен меншікті көлемнің ұлғаюына байланысты болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, дроссельдеу қайтымсыз процесс. Бұл жағдай энтропияның ұлғаю және жұмысшы дененің жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет