Клизмалар. Асказанды жуып шаю. Қуықты катетрлеу



бет9/13
Дата12.06.2022
өлшемі66,71 Kb.
#146429
түріМетодическая разработка
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Клизма Асказан шаю Қуықты катетерлеу

ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУІ
Зәрдің бөлінуін ұстамау және ұстай алмауын ажыратады. Зәрді ұстамау - зәр қуықтан әрдайым тамшылап немесе анда – санда білінбей тамып кетеді, өз бетімен бөлінеді.
Зәрді ұстай алмау - зәр шығаруға сезімі бар, бірақ науқас зәр шығаруды өз бетімен ұстай алмайды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Зәрді ұстай алмайтын науқастар өздерінен сезінетін жағымсыз иістен қысылып, зәр қабылдағышты үнемі қолдану қажеттілігінен қолайсыздық сезінеді. Сондықтан ол қоғамнан бас тартып, әлеуметтік оқшаулануда болады.
Сіздің іс- әрекетіңіз:

  1. Әрқашан орнықты, мейірімді , шыдамды болу.

  2. Дезинфекция мен күтімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда иістің болмайтындығын науқасқа түсіндіру.

  3. Өзінің күйіне бейімделген басқа науқаспен таныстыру .

ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУДЕГІ МАНИПУЛЯЦИЯСЫ
1. Зәр қабылдағышпен резеңке дәрет ыдысын беру .Төсектік тәртіптегі ер адамға төсегіне шыны зәр қабылдағыш қояды, ол әрдайым аяқ арасында болады. Әйел адамдарға резеңке дәрет ыдысы беріледі (ер адамдарғада қолдануға болады ). Резеңке дәрет ыдыс ойылудың алдын - алудағы шеңбер ретінде қолданылуы мүмкін. Резеңке дәрет ыдысының шеттерін алдын - ала шүберекпен орау қажет (резеңке беткейі терімен жанаспас үшін ). Егер зәрді ұстай алмайтын науқас төсек тартып жатпаса ол қозғалысқа бөгет болмайтын бөксеге белбеуімен бекітілетін арнайы арнайы зәр қабылдағыш қолданылады. Мейірбике зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысының толуын қадағалап, уақытымен босатып отыруы қажет.
2. Зәр қабылдағышпен дәрет ыдысының дезинфекциясы . Зәр қабылдағышты қолданған соң ішіндегі зәрді төгіп, оны сумен шаяды. Зәрдің иісін жою үшін зәр қабылдағышты 1 рет калий марганец қышқылын немесе тұз қышқылының әлсіз ерітінділерімен шаяды.
3. Төсекті дайындау. Төсек тартып жатқан және зәрді ұстай алмайтын науқастардың төсегінде ақ жайманың астында клеенка жатады, ол өз алдына матрасты ластанудан сақтайды. Мүмкіндік болса, арнайы матрас қолданылады, оның ортасында ыдысқа арналған арнайы тесік бар.
4. Терінің күтімі: науқастардың шат арасын жуу. Тері зәрдің үнемі әсерінен тітіркенеді, қабынады. Сондықтан тәулігіне 6 реттен кем емес науқасты жуындырып отыру керек. Шат арасын жуғаннан соң, теріге вазелин немесе вазелин майын, Лассар пастасын жағады. Жуу үшін марганец не фурациллин 30-35 º С –қа дейін жылытылған әлсіз еретіндісін қолданады.
5. Ойылудың алдын - алу. Зәрді ұстамайтын науқастарға мейірбике ойылудың алдын – алу шараларын толық көлемде жүргізуге тиісті.
6. Киімін ауыстыру. Төсекпен киімді ластануына қарай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет