2017 жылдың 21 желтоқсанында Көкпекті аудандық кітапхана базасында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің негізігі міндеттері: электронды мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын іздестіру; мемлекеттік қызметті кітапханалар арқылы алуды насихаттау; мемлекеттік қызметті электронды түрде алу бойынша практикалық көмек. Жәрмеңкеге ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары, жастар жөніндегі мамандар, басқармалар мен ұйымдардың басшылары, мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты мамандар, ауылдық округ кітапханашылары қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |