Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет11/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

Философияның функциялары 
Философияның  қызметі  (функциялары)  -  философияның  мақсат-
міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. 
Философияның негізгі функциялары мынадай: 
1)
 
дүниетанымдық; 
2)
 
методологиялық; 
3)
 
теориялық; 
4)
 
гносеологиялық; 
5)
 
аксиологиялық; 
6)
 
әлеуметтік; 
7)
 
тәрбиелік-гуманитарлық; 
8)
 
сындарлы; 
9)
 
футурологиялық. 
 
 
 


11 
 
1.4 кесте 
 
 
1.5
 
Қазақтың ұлттық философиясының  даму ерекшеліктері. 
Қазақ  мәдениеті  көшпенділер  мәдениетінің  айқын  үлгісі  ретінде, 
дүниені түсінудің, философиялық қабылдаудың, ойлаудың ерекше формасы. 
Өзінің тереңдігі, дәйектілігі және нақтылығы жағынан керісінше, отырықшы 
мәдениетке қарағанда көш озық тұр. Сан ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ 
мәдениеті өзіне ғана тән заңдылықпен дамып отырды және басқа халықтарға 
қарағанда қалыптасқан дәстүрді өзгертуге ынталы болмады. 
Батыс  зерттеушілері,  жаратылыстану  ғылымдары  дамымағандықтан 
қазақтар  тарихында  философия  мүлде  болмаған  деген  де  пікір  айтылады. 
Оның  бір  дәлелі  ретінде  батыстағыдай  арнаулы  бір  ұғымдар  жүйесіне 
негізделген  концепциялардың  жоқтығын,  ұғымдық  ойлаудың  үлкен  маңызға 
ие болмауын тілге тиек етеді. 
Көшпенді  қазақ  еліне  ондай  батыстың  классикалық  үлгідегі 
философиясының  қажеті  жоқ  та  еді.  Қазақтар  өзінің  көріп  жүрген  нәрселері 


12 
 
мен  құбылыстарына,  олар  туралы  біліміне,  табиғат  ерекшеліктері  мен  адам 
ерекшеліктеріне  үңіліп  мән  берген  емес,  оның  себебі  қазақтардың 
философиялық көзқарасы, дүниеге қарым-қатынасынан көрініс берді. Өмірге 
философиялық  көзқарас  олар  үшін  өмір  сүру  тәртібі  болды.  Қазірге  дейін 
қазақ ұлтының, көп жағдайда материалдық мәдениеті, оның ішінде зергерлік 
бұйымдар,  тұрмыс  жабдықтары,  өнер  туындылары  және  шаруашылық 
әбзелдері жан-жақты зерттелініп келді. Тек бір кемшілігі, рухани мәдениеттің 
элементтерін  зерттеген  кезде  қазақ  дүниетанымында  философияны  ғылыми 
тұрғыдан ғана емес синкретистік (грек сөзі: әр-түрлі нанымдар мен сенімдер, 
жоралар  бірлігі)  тұрғыдан  дамытқаны  назардан  тыс  қалады.  Көшпенді  ел 
табиғат  және  өмір  философиясы  деп  бөліп  қараған  емес,  екеуін  
диалектикалық бірлікте таныған. Дүние болмысы мен өмір-тіршіліктегі әрбір 
зат, процесс кең мағыналы, көптүрлі мәнге ие және олардың философиялық 
талдауға,  түсінуге,  белгілі  бір  мағыналық  маңызға  тәуелділігі  негізгі 
қасиеттерінің бірі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет