22
Философиялық көзқарастары. Жайнистер құдайдың бар екеніне
сенбейді. Олардың ілімінде «Бірегей жан» немесе Құдай жоқ: дүниеде тірі
мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін
жан бар. Жанды да, материяны да ешкім жасамаған, олар мәңгі, әуелден бар
және әрқашан болады. Жан - барлық заттар мен құбылыстарға ене алатын,
тани алатын, бәрінен құдіретті болуы тиіс, әйтсе де жанның мүмкіндігі өзі
өмір сүретін денемен шектелген.
Олaр сыртқы дүниені және ондағы объектілердің реалды тіршілігін
мойындайды. Жайнистер ілімі бойынша, екі мәңгілік бастама және мән бар:
жаратылмаған және жойылмайтын тірі джива (жан) және өлі аджива
(материя, кеңістік, уақыт, эфир).
Достарыңызбен бөлісу: