Пайдаланылатын әдебиеттер
1.
Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан
Дерридаға дейін».Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б
2.
Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. - А., 2009 ж.
3.
Мырзалы С. Философия. - А., 2010 ж.
4.
Ермеков Қ. Философия негіздері. - А., 2010 ж.
5.
Философиялық сөздік. - А., 1996 ж.
35
4. дәріс. Онтология - болмыс туралы ілім.
4.1
Болмыстың ұғымы, тұтастығы және мәні.
4.2
Болмыс және бейболмыс.
4.3
Материя ұғымы, формалары.
4.1 Онтология тақырыбы бойынша, оның ауқымында қамтылатын –
Болмыс, Материя, Даму, Табиғат атты төрт мәселе қарастырылады. Болмыс
мәселесінде: болмыс ұғымының концептуалды (таза жалпыұғымдық көрінісі)
деңгейі, бұл ұғымның философия тарихындағы байыпталу көріністері,
болмыстың ішкі мәні, тұтастығы және түрлері мен олардың арақатынасы,
болмыстың қабаттары туралы ілім, болмыстың баламалары зерделену
объектісіне айналады.
Болмыс – өмір сүретіндердің әртүрлілігі үшін және тұтастай әлемнің
бар болуының негізін бекітетін философиялық категория. Яғни, тіршілік ету,
бар болу қасиеттерін жинақтаған бүкіл әлем, ондағы заттар мен құбылыстар,
идеялар дүниесі. Ол кейде «дүние», «әлем» түсініктерімен сәйкес,
синонимдес мағынада да қолданылады. Бірақ «болмыс» атауында оның бар
болуына, тіршілік етуіне, осы әлемге қатысуына баса назар аударылса,
«әлем», «дүние» сияқты түсініктер болмыстың шынайы түзілімінің
тұтастығын бейнелеу үшін қолданылады. Мәселен, әлемдегі болмыс –
әлемнің бар болу,өмір сүруін бекіте түссе, «әлем болмысы» сол әлемнің
шынайылығы мен жалпы болуға қатысуын анықтай түседі. Демек, болмыс,
жалпы алғанда, не нәрсе, ол мейлі материалдық немесе руханилық болсын,
әйтеуір бар болса, соны тұтас қамтитын философиялық категорияға айналған.
Болмыс түсінігін философияға алғаш енгізген көне Грекиядағы
Элеаттар мектебінің негізін салушы Парменид болатын. Оның тұжырымы
бойынша болмыс – бүтін, шынайылық, игіліктілік, әсемділік бола отырып,
біртұтас қозғалыссыз, тұйық шар формалары деп түсіндіріледі. Кейінгі
Элеаттар мектебінің өкілдері шынайы болмысты сезімдік әлем мен алдамшы
болып көрінетіндерге қарсы қойды, болмыс туралы ілімді таза, біртұтас,
өзгермейтін мәңгі өмір сүретіндерді қарастыратын ілім етіп құрды.
Дүние, болмыс туралы ой толғаныстар философия тарихында көне
замандардан-ақ басталған. Мифтік дәуірде болмыстың тылсым қырларына
үңілу, оның жеке элементтерін қастерлі санау, дүние мен адам қатынасының
қыры мен сыры толғанылған. Болмыстың арнайы жүйесі мен оның сапалары,
категориялар жүйесі, пайда болуы мен қалыптасуы, болмыс пен
бейболмыстың арақатынасы сияқты мәселелер көне Үндінің алғы
философиясында, әсіресе, вайшешика ілімінде таразыланды.
Грекиядағы Милет мектебінің өкілдері болмыстың сапалы анықталған
бастамаларын көрсетуге ұмтылды, бүкіл дүниенің сан алуандығы мен
көптүрлілігіне байланысты олардың әу баста бір бастапқы ортақ негізі болуы
тиіс деген ұғымды басшылыққа ала отырып, оны материалдық зат ретінде
пайымдаған
болатын. Мәселен, Демокрит – атом, Анаксимен –
ауа, Анаксимандр – апейрон, Фалес – су дүниенің бастапқы түп негізі деп
ұсынды.
Ал
орта
ғасырда
онтология
теологиямен
байланыста
қарастырылды да, абсолютті болмыс құдаймен барабар деген түсінік басым
36
болды. Мәселен, схоластикада осындай үдерістер бойынша: субстанциялық-
акциденциялық,
актуалды
потенциалды,
кездейсоқ-қажетті
болмыс
деңгейлері ажыратылды. Универсалийлердің онтологиялық статусы жөнінде,
яғни, жалпы атаулардың шынайы және шынайы еместігі турасында
номиналистер мен реалистер айтысты.
Онтология (онтос – өмір сүретіндер, мән; логос – ілім деген мағынада)
- болмыс туралы ілім, өмір сүріп тұрғандардың формасы, оның іргелі
қағидалары, болмыс туралы неғұрлым жалпы анықтамалар оны категория
ретінде қарастыратын философияның басты салаларының бірі. «Онтология»
терминін 1613 жылы Гоклениус енгізген және 1656 жылы тәуелсіз түрде бұл
термин И.Клаубергтің еңбектерінде кездеседі. Метафизика негізі болып
саналатын,
заттар
мен
болмыс
метафизикасы
–онтология
деп
тұжырымдалады.
Болмыс туралы ілім бұған дейін осындай арнайы атауға ие болған соң,
жаңа дәуірде онтология гносеологиямен жалғасты. Бұл кезеңде натуралистік
онтология – математика мен жаратылыстану объектілері сезімдік түрде
танылмайды деп танитын, дискреттік онтология – атомдық түсініктердің
өрлеуі, болмыстың үздіксіздігі туралы пайымдаулар, монистік және
плюролистік онтология – объективті өмір сүретіндердің бірлігі мен көп
түрлілігі ұсынылды.
Классикалық неміс философиясы идеализмінде, әсіресе, Г.Ф.Гегельдің
ұғымынша, ойлау мен болмыс сәйкес; ойлау, рух, абсолютті ақыл – болмыс
субстанциясын құрайды. Бірақ бұл сәйкестік таным мен даму заңдылықтары
бойынша түсіндірілген. Ол онтологияны – мәннің абстрактілі анықтамалары
жөніндегі ілім деп тұжырымдаса, И.Кант онтологияны мазмұнсыз
метафизика деп санап, оны трансцендентальді философиямен алмастырады
да, философияны тек таным теориясы деп түсіндіреді.
Сонымен қатар болмысты философияның салалары мен бағыттары
бойынша сараптауға болады; теологияда – құдай болмысты мәңгі жаратушы,
оған өз үстемдігін жүргізуші, метафизикада, идеализимде болмыс – рух
түрінде, материалистерде – материя, әлемнің тұтастай алғандағы заттық
құрылымы, энергетизмде – жайлаған энергия болып түсінілген. Қазіргі
онтологияда болмыс әртүрлі тіршіліктің тұтастығы деген ой-пікірге келіп
тоғысады.
Ал XX ғасырдағы экзистенциализм ағымы болмыс мәселесімен арнайы
шұғылданған болатын. Мәселен, М.Хайдеггердің «іргелі (фундаментальді)
онтологиясында» - «болмыс қалай өмір сүруді иеленеді, негізі неге өмір сүріп
тұрғандар бар, ештеңе неге жоқ, болмыстың мағынасы неде?» деген сауалдар
қойылады да, адам болмысы жалпы болмысқа қатысты түрде талданады.
Адам өмірінде «қол астына иеленетін керек заттар», практикалық нәрселер,
ал адам үшін тек теориялық маңызы барлар – нақты болмыс деп ажырата
келе, болмыс өлімге бағытталған, ол уақыт бойынша емес, болмыс сол
уақыттың өзі ретінде өмір сүретіндігі туралы пайымдалды. Болмыстың
мағынасын толықтай зерделеу үшін оның қарама-қарсы жағы, баламасы
Ештеңе немесе Бейболмыс арқылы ашылатындығын терең байыптаған неміс
37
ойшылы мынадай тұжырымдарға келеді: болмыс ештеңені жоққа шығарудан
пайда болады, ештеңе өмір сүретіндерге толығып, шоғырлануға, тиелуге
мүмкіндік береді, содан соң болмыс ашылады, ашылу үшін өмір сүреді, бар
болуды қажетсінеді. Осы ағымның өкілі Ж.П.Сартрдың көзқарасы бойынша,
болмыс таза, логикалы, өзімен-өзі барабарлық. Тілде «бар» сөзі арқылы
қолданылады.
Сондай-ақ, XX ғасырдағы неопозитивизм, постмодернизм сияқты
ағымдарда «болмыс философиясынан бас тарту» түсінігі бар. Болмыс
философиясынан бас тарту – философиядағы негізгі категория – болмыс
проблемасын проблема ретінде, философия объектісі ретінде жоққа шығару.
Бұл тек болмыс қана емес, дәстүрлі метафизикалық проблемаларды
терістейтін пікірлермен байланысты туындаған. Бас тарту басқа қырынан
келу, ішінара жоққа шығару мәселесінің қойылуын өзгерту түрінде емес,
болмысты тікелей ескірген ұғым ретінде қарастырады.
Болмыстың мәні мәселесі оның жалпылама сипаты мен негізгі өмір
сүру формасына, ішкі заңдылықтарына байланысты болып келеді. Яғни, ол
барлық өмір сүретіндердің бірлігі, тұтас әлем болып табылатын болмыс
ұғымынан туындап, екі түрлі сипатта анықталады:
1)
Кез келген бар болып тұрған жеке нәрселерге қатысты, көлемі
жөнінен неғұрлым кең, бәрін қамтитын ұғым, ал мазмұны жөнінен кедей,
«өмір сүруден» басқа ешқандай қасиетті иемденбейді.
2)
Тек бір затқа қатысты, бәрінің бірлігі, сондықтан, оның мазмұны
шексіз, мүмкін болатын барлық қасиеттерді жинақтайды, әртүрлілікті
тұтастандырып тұрады.
Бұдан дүниенің мәнін тереңірек ашу үшін болмыстың қырлары
мәселесі туындайды, болмыстың қырлары – болмыс сипатын ашудың
метафизикалық негіздері, оны айқындаудың іргелі сауалдары. Болмыстың ең
негізгі сипаты – «бар болу», одан айырылса болмыс емес. Яғни – «бар».
Бұдан болмыстың бірінші қыры туындайды:
1)
«Дүние бар ма, болса ол қай жақта деген сауалға» – бар, барлық
жерде деген жауап беріледі. Себебі, ол болмайтын болса, онда болмыс
туралы түсініктер мен идеялардың барлығы да болмас еді, біздің өмір
сүруіміз бен әлемге қатынасымыздың өзі жалған болып табылар еді. Ал
болмыс еместік арнайы орынды иеленбейтіндіктен, болмыс барлық жерде де
бар және рухани кеңістікті де тұтас қамтып тұрады, бұдан болмыс
болмайтын жер жоқ деген нақты тұжырым алынады.
2)
Болмыстың әртүрлі қырлары тең өмір сүреді, барша тіршілік
ететіндер органикалық еместер, организмдер, мегаәлем т.б. барлығы бар болу
құқы бойынша, жалпы алғанда, өзара тең. Бұл теңдік дүниедегінің
барлығының: қалыптасып, пайда болып, одан соң белгілі бір уақыт
бойынша өмір сүріп, кейіннен мүмкіндіктерін сарыққаннан соң
жойылатындығы арқылы анық көрінеді. Олардың тең құқықтығы
антропоцентристік емес, онтологиялық мәнде – бәрі де осы дүние
элементтері, өмір сүру құқын тең дәрежеде иеленген.
Болмыс өзінің жеке түрлері бойынша олардың да ішкі мағынасын,
38
табиғатын анықтайды. Осыған орай, жеке заттар мен құбылыстар болмысын
бөліп алуға да болады. Мәселен, ағаш болмысы, өсімдіктер болмысы т.б.
Бірақ олардың болмысы, яғни, бар болуы өзін-өзі оқшауламайды, барлығы
тұтас болмысқа кірігеді,
олай болса,
жалпы
мен жеке
ұғымдарының салыстырмалылығынан жалпы біртұтас болмыс құрылады.
«Бір нәрсенің болмысы» оның жалпы шығу тегін, өмір сүру қағидаларын,
тіршілік ету сәтін, басқа да нәрселермен қатынасын және түпкілікті
жойылуға дейінгі қалпын, демек, бүкіл ішкі және сыртқы табиғатын тұтастай
ашу үшін қолданылатын болса, тұтас болмыс атауы да оның осындай
шынайы сипаттарын түгелімен қамтиды, себебі, ешқандай қамтылмай
қалған сипат болмауы тиіс. Нақтырақ айтсақ, қасиеті, қызметі, құрылымы,
шығу тегі, жаратылуы, бұрынғы-қазіргі- болашақта қандай болуы мүмкін
күйі т.б. тұтаса келе сипатталып, бір-бірімен байланыста қарастырылуы тиіс.
Мәселен, ұлттық таным түсінікте «жалпы табиғаты осындай», «болмыс-
бітімі сондай», «бары
сол» деген сияқты
фразалар
бүгінгі
күнге дейін нақты қолданыста. Бұл түсіндірмелер сол нақты объектінің
тұтас болмысын қамтитын сипаттарды анықтау үшін қолданылады.
472 Болмыстың мағынасын, даму заңдылығын тереңірек ашу үшін
оның баламалық ұғымдарын сараптау қажеттілігі туындайды. Оған түпкі
полярлы контрарлы қарама-қарсы ұғым – Бейболмыс болып табылады және
бұған қатысты таза болмыс емес түсінігі Ештеңе де қамтылуы тиіс. Осы тұста
философиялық ұғым ретінде саналатын Ештеңе мен Бейболмыстың
қатынасы былайша ашылады:
1)
Бейболмыс – болмыс емес, предикат, яғни, қандай да болмасын
сипаттама, оны сондықтан Болмыс емес, Болмыссыздық деп атау да
кездеседі. Ал Ештеңе болмыс емес деп анықталғаннан кейінгі, «сонда ол не»
деген сауалдың жауабы, яғни, субъект, сол болмыс еместің өзі. Мәселен,
«адам емес» болса, сонда ол кім «хайуан ба», «періште ме» субъектіні
нақтылау қажет болады, ендеше Ештеңе осындай рөл атқарады.
2)
Бейболмыс болмысқа қарсы – болмыс, бірдеңеге қарсы – Ештеңе
деп түсінілетін ажыратушылық көзқарастар бар.
3)
Сайып
келгенде,
Бейболмыс
пен
Ештеңе
бір
ұғымға
сыйғыздырылады, екеуінің бір-бірінен түпкілікті ажыратылатын сипаттары
жоқ, болмайды да.
1)
Достарыңызбен бөлісу: |