Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

3
 
Дәріс.   Сана, рух және тіл  
3.1
 
 Сана түсінігі және эволюциядағы бейнелеу табиғаты. 
3.2
 
 Сана – ми, психика, ойлау, тіл, сөйлеу, логос, жасанды ми. 
3.3
 
Сана және бейсаналылық; сана және өзіндік сана – рефлексия. 
3.4
 
Қоғамдық сана және оның деңгейлері мен түрлері. 
3.1
 
Философияда адам мәселесіне қатысты түйткілдердің бірі – сана. Сана 
өзінің  ерекше  табиғатымен,  тек  адамға  тән  болуымен,  дүниені  бейнелей 
алуымен,  тіпті  өзін  –  өзі  ойлай  алуымен  т.б.  қасиеттермен  ерекшеленеді. 
Сана  адамның тіршілік  етуінің  ажырамас  қасиеті  ғана  емес,  адам  болмысын 
айқындайтын  маңызды  атрибуттардың  бірі.  Бүгінгі  күнгі  адамзаттың 
жетістіктері,  ғылым  мен  білімнің  дамуы,  өзін  қоршаған  ортадан  ажыратуы 
т.б. барлығы сананың жемісі болып табылады. Сана  – обьективті шындықты 
бейнелеудің  адамға  ғана  тән  жоғары  формасы,  оның  дүниеге  және  өзіне 
адамдардың  қоғамдық  –  тарихи  қызметінің  жалпыға  бірдей  формаларының 
жанама  түрдегі  қатынасының  тәсілі.  Сана  объективті  дүниені  ой  елегінен 
өткізіп,  тұтас  дүниетаным  құрайды.  Ол  психикалық  үдерістердің  бірлігінен 
құралады:  ойлау,  тіл,  қиялдау  т.б.  және  бұлар  –  сананың  нақты  көріністері 
болып  табылады.  Сананың  пайда  болуы  жөнінде  әр  түрлі  көзөқарастар  бар: 
эволюцияның  нәтижесінде  жетіліп  шыққан  органикалық  –  физиологиялық 
мүше  мидың  басты  қызметі;  жаратушының  ықпалы  арқылы  адам 
жаратылысымен пайда болған ерекше құбылыс т.б. 
Материяның жалпы  қасиеті  бейнелеу  заттар  мен  құбылыстардың  жан- 
жақты  өзара  байланысты  әрекеттестікте  болуына  тәуелді.  Олар  бір-біріне 
әсер  ете  отырып,  сонымен  қатар  белгілі  бір  өзгерістерді  тудырады.  Бұл 
өзгерістер  белгілі  бір  «із»  түрінде  көрінеді  немесе  өзіндік  белгісін 
қабылдайды.  Бейнелеудің  формалары  өзара  әрекет  етуші  денелердің 
ерекшеліктері  мен  құрылымның  түзілу  дәрежесіне  байланысты.  Жансыз 
табиғатта  енжар  түрде  іске  асады. Мәселен,  құмдағы  із  басқа  сыртқы  әсерді 
өздігінше  қабылдаудың,  сыртқы  реакциясы  болып  табылады.  Бұл 
бейнелеудің  ең  қарапайым  формасы.  Бейнелеудің  жоғары  формалары  тірі 
материяның  маңызды  белгілері  мынандай:  тітіркену,  өсу,  көбею,  зат  алмасу 
т.б.  Тітіркену  –  бұл  барлық  тірі  организмдерге  тән  бейнелендірудің 
қарапайым және түпкі формасы. Мәселен, бір клеткалы жәндіктерден бастап, 
сүт  қоректілерге  дейінгілердің  барлығы  осы  тітіркену  қасиеті  ие.  Эволюция 
бойынша  тірі  организмдерде  бейнелеу  үшін  арнайы  бір  бір  мүше  пайда 
болады.  Нерв  жүйесі  осы  бейнелеуді  қабылдайтын  басты  мүше  болып 
табылады.  Ал  адам  миының  иірімдері  эволюция  нәтижесімен  көбейген 
немесе  тумысынан  берілген  болуы  мүмкін.  Осылардың  арқасыңда 
психикалық  бейнелеу  жүзеге  асады.  Психикалық  бейнелеудің  үш  формасы 
бар:  түйсік,  қабылдау  және  образдарды  елестету.  Түйсік  заттардың  жеке 
сапаларын бейнелесе, қабылдауда заттар  тұтас бейнеленеді. Елестету бұрын 
қабылданған  сезімнің  образы.  Осыдан  адам  санасының  бейнелеуінің 
формасы қалыптасады. 
3.2
 
 Сана  мимен,  психикамен,  ойлаумен,  тілмен,  сөйлеумен  тығыз 
байланысты.  Ми  –  нерв  жүйесінің  орталық  бөлігі  болып  табылатын 


27 
 
хайуанаттар  мен  адамдардың  психикалық  өмірімен  тығыз  байланысты 
физиологиялық  құрылымы.  Ми  тек  адамға  ғана  тән  емес,  көптеген  тіршілік 
иелеріне  де  берілген  органикалық  құрылғы.  Адам  миы  барынша  күрделі, 
миллиардтаған  нейрондық  клеткалардан  тұрады.  Дегенмен,  зерттеушілер 
дельфиннің  миы  адам  миына  қарағанда  күрделірек  екендігін  атап  көрсетіп 
жүр. Осыған байланысты миының күрделілігі жөнінен адам мен дельфиннен 
кейін маймыл, піл, ит болып жалғаса береді. Адам миы бес бөліктен тұрады: 
үлкен  ми  сыңарлары,  ортаңғы  ми,  сопақша  ми,  артқы  ми,  жұлын.  Үлкен  ми 
сыңарлары екіге бөлінеді: сол жақ жарты шар және оң жақ жарты шар. Үлкен 
ми  сыңарлары  санаға,  ойлауға  тікелей  қатысты,  мәселен,  оң  жақ  жарты  шар 
абстрактілі  ойлау  мен  теориялық  ойлауды  қамтамасыз  етсе,  сол  жақ  жарты 
шар сезім, эмоция, интуиция сияқты қызметтер атқарады. Демек, сана мидың 
өнімді жемісі, мисыз ойлау, сана жүзеге аспайды. 
Психика  адамға  ғана  емес,  жоғары  дәрежедегі  жануарларда  да  бар. 
Бірақ, олардың санасы жоқ. Сана адамда ғана бар болғанмен, ол психикамен, 
тығыз  байланысты.  Психика  тіршілік  жүйесі  мен  қоршаған  ортаның  белгі 
берушілік  қарым-қатнасының  жемісі  болып  табылатын  мидың  өнімді 
қызметі. Психика адам мен жануарлардың қоршаған ортамен белгі берушілік 
өзара  әсері  сипаты  тұрғысында  көріне  алады  және  ол  физиологиялық 
заңдылықтар  ретінде  қарастырылады.  Демек,  физиологиялық  үдерістердің 
барлығы  психикамен  атқарылғандықтан,  олар  жануарлар  мен  адамдарға 
ортақ.  Бұны  рефлекстер  бойынша  Павлов  пен  Сеченов  ашып  көрсетті  де, 
шартты  және  шартсыз  рефлекстерді  ажыратты.  Кейіннен  ол  психоанализде 
дағды,  яғни,  саналықтан  бейсаналылыққа  өту  үрдісімен  ұштасты.  Бірінші 
сигнал  жүйесі  мен  екінші  сигнал  жүйелері  психиканың  қызметінің  саналы 
деңгейге  өтуінің  көрінісі.  Осыдан  психика  құрылымының  рефлекс,  бірінші 
сигнал  жүйесі,  тітіркендіргіштер,  нервтер  т.б.  психикалық  үдерістерден 
құралатындығы  анықталды.  Сана  психикаға  қарағанда  жеке,  яғни,  сана  мен 
ойлаудың туындауы психикалық үдерістердің жоғарғы нәтижесі арқылы іске 
асады. Яғни, үлкен ми сыңарлары, әсіресе, оның оң жақ жарты шары арқылы, 
екінші сигнал жүйесі бойынша сана құрылымдары жүзеге асады. Оның бірі – 
ойлау  мен  сана  өзара  тең  емес,  ойлау  сананың  маңызды  және  қажетті 
айқындалу көрінісі мен негізгі қызметі болып табылады. Сана болмаса ойлау 
жүзеге аспайды және ойлаусыз сана да болмас еді. Бірақ ойлау сананың бар 
болатындығының  тікелей  нақты  куәсі  болмақ.  Ойлау  дискурсивті, 
продуктивті,  абстрактілі  деңгейлер  арқылы  барлық басқа  тіршілік  иелерінен 
елеулі  және  дихотомиялық  айырмашылыққа  енеді,  демек,  нақты  ара  жікті 
ашады.  Ойлау  тура  сәйкес  емес,  дегенмен,  олар  бір-бірінің  ішкі 
қажеттіліктерінен  туындап,  өзара  тең  деңгейде  анықталады.  Ойлаудың 
барлығы  тіл  арқылы  жүзеге  асады.  Тіл  арқылы  сыртқа  шығарылады. 
Оның сыртқа шығарылған нақты заттанған көрінісі тіл болып табылады. Тіл 
мен сана да тура сәйкес бола алмайды. Мәселен, интуиция иррационалдылық 
болып табылғанмен, интеллектуальді интуиция ойдың, ойлау дағдыларының 
сұрыпталған,  нығыздалған  түрі  деп  есептеледі.  Сананың  нақты  көрінісі  тіл 
және тіл арқылы барлық сана үдерістері жүзеге асып отырады. 


28 
 
Яғни,  адам  санасының  екі  деңгейі  бар:  сезім  сатылары  –  түйсік, 
қабылдау, образдарды елестету; теориялық немесе логикалық. Екінші денгей: 
ұғым, пікір, ой тұжырымы арқылы жүзеге асады. Сонымен сана тірі материя 
дамуының  жоғары  дәрежесінде  ғана  пайда  болған  жетістік.  Сананың 
мынадай  нақты  тұжырымдалу  үлгілері  материалистік  таным  да  былайша 
бағамдалады:  сана  материя  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде  пайда  болады; 
сана  неғұрлым  жоғары  ұйымдасқан  материяның  түрі,  адамның  бас  миымен 
ажырамас  байланыста  болады; өзінің  шығу  тегі  жағынан,  мазмұны  мен  ролі 
жағынан  материалдық  әлемнің  неғұрлым  жетілген  бейнесі;  адам  да,  оның 
санасы  да  еңбектің  нәтижесі,  ал  объективті  идеалистік  ұстанымдарда  ол 
құдыретті күштің ықпалындағы адамға берілген жетістік. 
Философияның  тарихында  психика,  сана,  жан  тек  адамдарда  ғана 
немесе  бүкіл  материяда  бар  деп  санайтын  философиялық  көзқарастар  бар. 
Бұны  гилозоизм  деп  атайды.  Гилозоизм  –  грек  тілінен  аударғанда  «тірі 
материя»  деген  ұғымды  береді.  Бұған  қарама-қарсы  сана  адамдардың 
барлығына  емес,  тек  санаулы  адамдардың  тобына  ғана  тән  деп  түсіндіретін 
көзқарастар  да  бар.  Сонымен  қатар  сананың  жеке  адамдығынан,  әлеуметтік 
деңгейінен  де  өрлей  түсіп,  оны  тұтас  әлемдік  табиғи  құбылыс  деп  қарау 
турасындағы  пікірлер  де  бар.  Жартылай  мистикалық,  жартылай  ғылыми 
болып  табылатын  ғарыштық  сана,  ғарыштық  эволюция  түсінігі  бүгінгі 
танымда  маңызды  орын  алып  келеді.  Оның  байырғы,  бастапқы  идеялары 
көне  Грекияда  –  әлемдік  ақыл,  нус,  логос  түрінде  айқындалса,  көне  Үндіде 
Брахман,  Қытайда  дао  түрінде  тұжырымдалған.  Әлемдік  ақыл  (әлемдік  рух) 
танитын,  жарататын,  өзінің  мақсат  коюынан  туындайтын,  барлық 
шындықтың  қағидасы  ретінде  ойлайтын  рухани  күш.  Әлемді  басқаратын 
бәрінен  үстем  ақыл  деп  түсінілетін  жаппы  ұғым.  Ол  әр  кезеңде  әр  ойшылда 
әртүрлі  түсіндірілген,  ал  әрекеті  жағынан  құдайлық  немесе  табиғи 
заңдылықтар  жүйесінде  болған.  Соның  бірі  «Нуус»  (ақыл  ой)  –  рух, 
интеллект, әлемдік жан деген сияқты құбылыстармен астасып жатырған, сана 
мен  ойлаудың  барлық  актілерінің,  әлемдік  жиынтығын  білдіретін  көне 
философия  дәуірінен  бергі  келе  жатырған  космологиялық  метафизикалық 
түсінік.  Мәселен,  бұл  Анаксагорда  –  формасыз  материя  жасаудың  және 
реттілік  формасы  болса,  Неоплатоншылдар  барлық  дүниені  ұғындыратын 
және белгілі бір форма беретін ерекше сезімнен тыс болмыс деген ой түйеді. 
Ал  Логос  (сөз,  сөйлеу,  тіл  мағынасында)  –  философияда  ой,  ұғым, 
ақыл,  мағына,  әлемдік  заң  деген  сияқты  түсініктерді  қамтитын  бәріне  ортақ 
ақыл  және  әлемді  реттейтін  құдыретті  ықпалды  күш.  Гераклит  түсінігінде 
әлемдік  ақыл,  арнайы  жақсыз,  тіпті  құдайдан  да  жоғары  көтерілетін  ғарыш 
заңдылықтары.  Бұл  стоиктерде  –  кейде  тұлға,  құдай  ретінде  ұғынылса, 
неоплатоншылдарда,  Филонда,  Көне  Өсиетте  құдай  ұғымымен  тоғысады, 
құдайлық  қасиеттегі  ақыл  күші,  құдайдың  мәңгі  ойы,  логос  ретінде  әлемді 
жаратқан,  байланыстырған  болып  түсініледі.  Логос  мистикада  адам  мен 
құдай  арасындағы  дәнекер  болып  табылады.  Бұдан  әлемдік  ақыл  түсінігі 
туындайды  да,  ол  бүгінгі  таңда  «сана  өрісін»  діни-мистикалық  тұрғыдан 
таразылауға  қарай  бағдарланып  отыр.  Демек,  сана  да  жоғары  ғарыштық 


29 
 
қабатты  арнайы  өріс  ретінде  обьективті,  адамдардан  тәуелсіз  өмір  сүретін 
қабат деген ойға келіп саяды. 
Осындай  метафизикалық  пайымдардың,  ойлардың  нәтижесі  бүгінгі 
күні барынша ғылымиланған формада космизм аясынан табылды. Космизм – 
Циолковский, Вернадский тәрізді ойшылдардың ғарыш пен адам бірлігі және 
оның санасының жеке адамдық қана емес, әлемдік ғарыштық деңгейі туралы 
философиялық  ілім.  Бұдан  ноосфера  туралы  ұғым  пайда  болады.  Ноосфера 
(ноус – ақыл, парасат, спайра  – сфера, аймақ деген мағынада) – планетаның 
адам  ақыл  парасаты  мен  саналы  іс-әрекетті  қамтитын  аймағы.  Бұл  ұғымды 
Тейяр  де  Шарден  мен  Э.Леруа  енгізіп,  Вернадский дамытқан.  Ноосфераның 
мәні  –  адамзат  қоғамының  дамуында  биосфера  ноосфераға  айналатындығы, 
адамның  ғарышқа  шығуына  байланысты  ноосфераның  өрістеу  беталысы 
жүріп 
отыратындығымен 
айшықталады. 
Мәселен, 
орыс 
жаратылыстанушысы, 
ойшылы 
В. 
Вернадский 
(1863-1945 
жж.) 
жаратылыстану  ғылымдарын  зерттеу  үшін  философия  мен  логикаға  және 
әдіснамаға  көңіл  бөліп,  биосфера  биологиялық  өмірмен  қамтылған  жер 
қабығы,  адам  дамуы  арқылы  биосфера  біртіндеп  ноосфераға,  демек,  сана 
өрісіне,  ақыл-ой  қабатына  өтеді,  сондықтан  ноосферада  үздіксіз  кеңею 
процесі  бар  дей  келе,  антропокосмизм  жүйесін  туғызды:  табиғилық  пен 
адамилық  ғылым  дамуының  беталысында  біртұтастыққа  құйылады  деп 
тұжырымдаса,  эволюционизмнің  көрнекті  өкілі  Т.Д.Шарден  «Христиандық 
эволюционизм»  теориясын  дәйектейді:  қарапайым  материядан  бастап 
күрделену,  адам  санасының  жетілу  және  ондағы  руханилық  туралы 
мәселелерді 
қозғап, 
оны 
эволюциялық, 
ғарыштық 
деңгеймен 
байланыстырады  да,  универсум  құрылымының  әрбір  бөлшегінде  ерекше 
рухани күш  жігер  бар,  ол  –  эволюцияның  қозғаушы  және  бағыттаушы  күші 
ғылым  дамуы  –  рух  эволюциясының  кезеңдерінің  бірі  деп  түсіндіреді. 
Кейіннен осы тұжырымдама «тейярдизм» деп аталған. 
Ал  ғылыми-техникалық  прогресс  жағдайында  кибернетиканың  дамуы 
жасанды  ми,  жасанды  интеллект  тудырумен  шұғылданып,  нақты 
нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Бұнда адам санасы мен ақылын алмастыратын 
техникалық  ми  жасау  мақсат  етілген.  Мәселен,  «саналы  типті»  роботтар, 
компьютерлер  осының  айғағы.  Қазір  мақсатына  жете  алмаса,  әрекетін 
қайтадан  бастап,    толық  аяқтағанша  қызметін  аяқтап  шығатын  роботтар 
жасақталуда.  Бірақ  бұндай  жетістіктер  мидың  тек  рационалды  жақтарына, 
стандартты ойлауына ғана сүйенеді, сезім мен шығармашылық ойлауды бұл 
жасанды  интеллект  атқара  алмайды.  Бірақ  олардың  адам  миынан 
артықшылық  жақтары  да  бар.  Мәселен,  жады,  есте  сақтау  жағынан  адам 
миынан  әлдеқайда  көбірек  ақпараттарды  алып  жүре  алады,  немесе  таңдау, 
іріктеу,  сұрыптау  сияқты  операцияларды  адамнан  әлдеқайда  тез,  яғни, 
автоматты түрде атқарады. 
3.3
 
Сананың  мәнін  ашу  үшін  оған  қарама-қарсы  құбылыс 
бейсаналылық  пен  оның  ең  жоғары  көрінісі  өзіндік  сана,  рефлексия 
мәселелері  таразыланатын  объектіге  айналдырылған.  Біздің  саналы,  әдейі 
іске  асыратын,  ойластырылып,  мақсат  койылып  барып  жүзеге  асыратын 


30 
 
кызметтерімізбен  қатар  түпкілікті  түсіндірілмейтін,  тылсым  күш  сияқты 
болып  көрінетін,  кейде  ырқымызды  да  билей  алатын  құбылыстың  бар 
екендігі  сөзсіз.  Бірақ  ол  объективті  факторлар  емес,  сананың  ішкі  қарама-
қарсы  көрінісі,  психиканың  басты  мазмұны  болып  табылатын  – 
бейсаналылық  аймақ.  Бұл  –  санадан  тысқарылық,  сана  астары,  санасыздық 
сияқты  мағыналас  құбылыстарды  зерделейтін  және  адам  өмірінде 
басымдылыққа ие болады деп санайтын ирррационализм бағытымен түйіседі. 
Санадан тысқарылық мынадай мағыналарда қолданылады: 

 
себеп санаға жетіп үлгермеген жағдайда автоматты түрде іске асатын 
құбылыстарда  сана  ажырап,  санадан  тысқарылық  іске  қосылады  – 
инстинкттер,  ұйқыдағы  түс  көру  мазмұндары,  гипноз  жағдайындағы 
әрекеттер т.б.; 

 
субъект  шындыққа  саналы  түрде  араласпаса  да,  адам  өзі  толықтай 
түсіндіріп  бере  алмайтын  сана-сезімдегі  құбылыстар.  Мәселен,  еріксіз  іске 
асатын әрекеттер мен сезімдер осыған жатқызылады; 

 
санадан  тыс  болып  табылатын  ұмтылыстар,  құмарлықтар, 
талпыныстардың барлығы. 
Бұл  фрейдизм  бағытында  басымдылық  берілген  негізгі    мәселелердің 
бірі  болып  саналады.  Ол  адамның  саналы  өмірін  және  тұтас  тарихты  да 
анықтайтын  жеке  адамдық,  әлеуметтік  үдерістердің  қозғаушы  күші  деп 
есептеледі.  Сана  астары  санадан  тысқарылық  пен  сананың  аралығындағы 
барлық  үдерістерді  қамтиды  деп  түсінілген.  Сана  санадан  тыс  күштерге 
тәуелді, ал бейсаналылық осылардың барлығын іске асыратын аймақ ретінде 
орнығады.  Волюнтаризм  ағымында,  мәселен,  Шопенгауэрде  ырық  саналы 
емес, адамның немесе әлемнің ықпалын өзінің ықпалына бағындыратын және 
болмай  қоймайтын,  бәрін  айқындайтын  жетелеуші  күш  болып  табылса, 
интуивизмде  санадан  тыс,  дискурсивті  ойланылмайтын,  таразыланбайтын 
нәтижелер  тез  қылаң  беріп,  оңды  шешімдерге  жетелейді,  танымда  ол  басты 
рөл  аткарады.  Шындығында  да,  саналы  таразыланбайтын  кұбылыстар  мен 
таным нәтижелері бар екендігін бүгінгі  ғылым мойындап отыр. Мәселен, ол 
көркемөнерде  аңық  байқалады,  оның  авторлары  өзінің  туындыларын  кей 
жағдайда  рационалды  түсіндіріп  бере  алмайды  немесе  идея  әуел  баста 
жүйелі,  арнайы  ойланылмаған,  еркін  ассоциациялар,  сананын  толқындары 
арқылы  жүзеге  асқан  болып  шығады.  Бүгін  интуициянын  санаға  қарағанда 
көбіне ақиқатка дәл, анық, тез жеткізетін тұстары мойындалады. Ер мен әйел 
психологиясын  салыстыра  зерттеудің  нәтижесі  әйелдерде  осы  интуициялық 
аймақтың  қызметінің  басым  екендігін  және  оның  сезімдік  интуиция 
бағдарында  қызметі  жоғарылау  екендігін  дәйектеп  отыр.  Бейсаналылыққа 
қарама-қарсы  түсінік,  сананың  жетілген  формасы,  шыны  болып  саналатын 
деңгей  –  өзіндік  сана.  рефлексия,  «Мен  –  Түжырымдамасы»  сияқты 
құбылыстармен  шартталады.  Өзіндік  сана  –  адамның  өзін-өзі  объективті 
дүниеден бөлуі, өзінің дүниемен қатынасын, істерін, әрекеттерін, ойлары мен 
сезімдерін,  тілектері  мен  мүдделерін,  әрі  өзін  тұлға  ретінде  ұғынуы  және 
бағалауы.  Өзіндік  сана  қоғамдық,  яғни,  қоғамның  өзіндік  санасы  мен  жеке 
адамдық,  тұлғаның  өзіндік  санасы  болып  ажырайды.  Қоғамдық  сол 


31 
 
қауымдастықтың  өзіне-өзі  рефлексиялық  түрде  үңіліп,  өзін  объектіге 
айналдыру  арқылы,  өзін  жеке  дара  бөліп  алып  қарастыру  арқылы  көрінеді. 
Мәселен,  Абайдын  қазақ  қоғамының  әлеуметтік  сыншысы  болуы  —  ұлттық 
өзіндік  сананың  көрінісі  болса,  жеке  адамның  өзіндің  санасы  сананын, 
ойлаудың  адамның  өзіне  бағытталуы  арқылы  анық  байқалады.  Өзіндік 
сананың  нақты  көріністері:  өзін-өзі  ажырату,  өзін-өзі  ойлау,  өзін-өзі  сынау, 
өзін-өзі  жетілдіру  сияқты  үдерістер  болып  табылыды.  Өзіндік  сана  сыртқы 
әлемге  қарсы  қойылған  өзінің  ойлайтындығы,  ұмтылыстары  мен  тілектері, 
сезімдері  мен  толқулары  бар  екендігін  сезінетін  Жеке  «МЕН»  ретінде 
түйсінілуден бастау алады. 
«Мен»  орталығымен  келіп  сабақтасатын  өзіндік  сана  сананың  жоғары 
дәрежеде  дамуының  көрінісі.  Мәселен,  адам  сыртқы  дүниені  тану  бағдарын 
кебінесе  өзіне  аударатын  болса,  өзін-өзі  шексіз  жетілдірумен  арнайы 
шұғылданса,  өзіндік  сананың  оң  бағыттағы  қызметі  болып  шығады.  Ал  ол 
эгоцентрлік,  солипсистік  денгейге  шығарылса,  яғни,  әлемнің  орталығы  мен 
ғана,  бәрі  тек  Мен  үшін  жаралған  деген  ұстаным,  бұл  өзіндік  сананың 
жағымсыз мәндегі көрінісі. 
Өзіндік  сана  мен  бірегейленудің  саяси-әлеуметтік  арнасында  ұлттық 
өзіндік  сана,  ұлтгық  бірегейлену  сияқты  ұғымдар  мен  түсініктер  бар. 
Мәселен,  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялылары  «біз  осы  кімбіз,  қайда 
бара  жатырмыз,  ұлтымызды  қалай  сақтап  қала  аламыз»  деген  сияқты 
сауалдар  қойып,  «ОЯН  ҚАЗАҚ»  деп  тастаған  ұраны  да  ұлттық  өзіндік 
сананың  айшықты  көрінісі.  Ал  жалпы  адамзаттық  сана  да  «адамзаттық 
өркениет  қайда  бара  жатыр,  адамзат  қалай,  қайдан  пайда  болған,  адамзат 
әлемде  осылай  өмір  сүру  керек  пе  еді,  әлде  басқа  да  жолдар  бар  ма»  деген 
сауалдар қоя отырып, бірегейленуді бастан өткізуге ұмтылады. 
Өзіндік сананың жоғары өрлеген көрінісі немесе өлшемі ол рефлексия 
болып  табылады.  Рефлексия  –  танымнан  кейін  адам  өзінің  ішкі  Менін, 
ықшамғарышын  тануға  ұмтылу  және  өзінің  ойлау  бағдарын  қадағалау. 
Сонымен  қатар  бұл  түсінік  кейде  ойланылу,  толғанылу  деген  мағынада 
қолданылады,  мәселен,  философиялық  рефлексия  –  философиялық 
ойтолғаныстар  түзілімі,  өзін-өзі  ойлау,  өзінің  ойларына  сыни    көзқарас 
арқылы оны жетілдіру т.б. Сана мен ойлау тек сыртқы дүние, өзгелерді ғана 
емес,  өзін  де  ойлайтын  феномен.  Мәселен,  «сана  дегеніміз  не»,  «менің 
саналы әрекеттерім қалай іске асып жатыр», немесе «ойлау деген не мен нені, 
қалай  ойлап  тұрмын»  деп  ойлаушылык,  нақты  өзінің  ойлауының  жүру 
бағытын  бақылау  мен  жетілдіру,  «мен  не  ойлап  отырмын»  деген  бағытта 
өзінің  ойының  жүру  бағытын  анықтап  ойлау  т.б.  осы  рефлексияның 
жетілгендігінің  өлшемі  болып  табылады.  Мәселен,  діни  әрекеттердегі 
ойлауды арнайы шоғырландыру, медитация, сезім мен интуицияға ерік беру 
толғанысы,  нұрлану  және  тіпті  ешнәрсе  ойламау,  абсолютті  бостықпен 
трансқа  түсу  белгілі  бір  деңгейде  рефлексияның  шыңы  болып  саналады 
ғылыми  мағынада,  мәселен,  психологияда  –  шығармашылық  ойлауға 
жаттығу,  жадыны  шынықтыру,  ойды  арнайы  объектіге  шоғырландыру, 
психологиялык  ой  ілістестіктерін  (ассоциацияларды)  тежеп,  объектіге 


32 
 
шүйлігу, мәселеден ауытқымау т.б. 
3.4
 
Сана  тек  жалғыз  адамға  ғана  тән  емес,  ол  бүкіл  адамзатқа 
бағдарланған,  орнықтырылған  жалпы  құбылыс.  Осыған  байланысты  сана 
қоғамдық  және  жеке  сана  болып  бөлінеді.  Қоғамдық  сана:  карапайым  және 
теориялық,  ғылыми  және  ғылыми  емес  сияқты  түрлерге  бөлінеді  және 
бірнеше формалардан тұрады: эстетикалық, моральдік, саяси, философиялық, 
құқықтық  т.б.  Теориялық  сана  арнайы  ғылыми  ұсынылған  жүйелерді, 
объективтілікті  қабылдауға  ұмтылатын  сана  болса,  қарапайым  сана 
күнделікті өмір тәжірибесінен жинақталған және сабақтасып, жалғасып келе 
жатқан  тұтас  ой  пікір.  Демек,  қарапайым  сана  ғасырлар  бойғы  қайталанып 
келе  жатқан  түсініктерден,  әдет-ғұрыптан,  үйреншікті  жағдайдан  пайда 
болады.  Қарапайым  сана  –  табиғат  пен  өмір  құбылыстарын  күнделікті 
байкаудың  нәтижесі.  Ол  жүйеленбеген,  белгілі  бір  құбылыстардың 
себептерін ашып көрсетпейді, дегенмен онда белгілі бір құндылықтар жүйесі, 
ғасырлар  бойғы  сақталып  келе  жатқан  тарихилық  үстемдік  еткендіктен, 
барынша  құрметтелетін  ұжымдық  көпшілікпен  бағаланатын  тұрпатқа  ие 
болады. Қарапайым сананы сақтап, тарататын халық. 
Теориялық  сананы  жасайтындар,  тарататындар  білімді  немесе  дана 
адамдар.  Теорияның  ғылыми  да,  ғылыми  емес  те  түрлері  бар,  сондықтан 
өмірдің барлық өзгерістері, ең алдымен қарапайым сана арқылы бейнеленеді, 
ал  оның  себебі,  заңдылықтары  ғылыми,  теориялық  сана  арқылы  ашылады. 
Көбіне қарапайым сананы «қоғамдық психологиямен», ал теориялық сананы 
«қоғамдық идеологиямен» байланыстырады. 
 Қоғамдық  сана  жеке  санаға  қарағанда  ауқымды,  бірақ,  ол  әрбір  жеке 
сананың  біріккен  жиынтығы  ғана  емес,  маңыздылықты,  объективтілікті 
бейнелеуге  ұмтылатын  күрделі  жүйе:  қоғамдық  ойлар,  қоғамдық  пікірлер, 
саяси  және  құқықтық  көзқарастар,  ғылыми  және  ғылыми  емес  тұжырымдар 
т.б.  Қоғамдық  сана  жеке  адамдардың  ыкпалы  арқылы  және  қоғамдық 
ақпараттар  алмасу  арқылы  қалыптасады.  Қоғамдық  сана  жеке  саналардан 
тұрғандықтан,  бұнда  жеке  адамның  өзіндік  пікірі,  ұстанымы,  дүниетанымы 
болады және оны әрбір тұлға сақтауға өзгертпеуге, өзгертуге құқылы. 
Қоғамдық  психология  адамдардың  өз  өмірлерінің  негізінде  болатын 
сезімдердің,  әдеттердің,  мінез-құлықтың  ерекше  жиынтығы  болғандықтан, 
онда  субъективтілік  немесе  өзара  психологиялық  келісімнен  туындаған 
шындықтар,  ғасырлар  бойы  мойындалған  ақиқаттар  үстемдік  етеді. 
Қоғамдық  идеология  дегеніміз  қоғамдық  болмыстың  теориялар  мен 
идеяларда  бейнеленуі  болғандықтан,  дамыған  түрінде  идеология  қоғамның 
теориялық жағынан бір жүйеге келтірілген санасы ретінде көрінеді. 
Қоғамдық  сананың  барлық  формалары  қоғамдық  болмысты 
бейнелейді.  Саясат  дегеніміз  –  топтар,  ұлттар,  мемлекеттер,  қатынастардың 
саласы  болғандықтан,  саяси  сана  паихологиялық  және  идеологиялық 
жақтардан  құралады.  Саяси  психологияға  ұжымдық  ынгымақтылық,  саяси 
күрестегі  психологиялық  бәсекелестік  т.б.  психологиялық  сапалар  кіреді. 
Саяси  идеология  дегеніміз  топтық  мақсаттар  мен  мүдделер  тікелей 
бейнеленетін және дәлелденетін идеялардың жиынтығы. Жүйеленген түрінде 


33 
 
саяси  идеология  партия  және  басқа  да  әлеуметтік  институтгардың 
бағдарламаларында,  жарғыларында,  сондай-ақ  түрлі  насихаттық  кұжаттарда 
қалыптасады.  Идеологиялардың  түрлері  қоғамдық  базиске  байланысты:  құл 
иеленуші құрылыста – құл иеленушілік, феодалдық құрылыста – феодалдық, 
капиталистік  құрылыста  –  буржуазиялық,  социалистік  кұрлыста  – 
коммунистік  идеологиялар  болды.  Демек,  идеология  саяси  қоғамдық  санаға 
белсенді  ықпал  етудің  құралына  айналады.  Саясаттың  қоғамдық  формада 
көріну себебі, сол қоғам мүшесі саясаттан тыс бола алмайды: «Сен саясатпен 
айналыспасаң,  саясат  сенімен  айналысады»  деген  қағида  үстемдік  етеді. 
Яғни,  қоғамдық  санада  саясат  белгілі  бір  деңгейде  маңызды  рөл  ойнайды: 
саяси  пікірталастар,  өзінің  саясатқа  қатынасты  түсінігі,  саяси  белсенділік, 
саясатты бағалау т.б. күнделікті өмірде үздіксіз жүріп жатқан құбылыстар. 
Құқықтық сана – қоғам мүшелерінің заңдық тәртіптерін дәлелдеу деген 
мағынада  туғанымен,  құкықтық  сана  сол  мемлекеттің  заңдары  мен  заңды 
кұжаттарының  негізінде  қалыптасады.  Жеке  адам  өзінің  құқықтарын  талап 
етуге  және  міндеттерін  орындауға  тиісті  болғандықтан,  құқықтық 
нормативтер  мен  заңдылықтарды  өзіне  қажетгі  деңгейде  ырықты-ырықсыз 
түрде  болсын  білуге  міндеттенеді.  Осы  әрбір  жеке  тұлғаны  бағалау  мен 
кұрметтеу  олардың  құқықтарын  сақтау  шынайы  құқықтық  мемлекеттің 
ұстанымы.  Адам  саясаттан  қаншалықты  тыс  бола  алмайтыны  сияқты 
құқықтан да тыс бола алмайды. 
Мораль  қазақ  тілінде  адамгершілік,  құлықтылық  сияқты  ұғымдармен 
шартталады.  Моральдің  ең  басты  қызметі  –  адамның  қоғамдағы  мінез- 
құлқын  барлық  салада  реттеу.  Моральдің  қызметін  түсіну  үшін  оны 
құқықпен  салыстыру  керек.  Мысалы,  бұзықтық,  жалқаулық,  парақорлық 
моральдік  тұрғыдан  да,  заң  тұрғысынан  да  айыпталады.  Бірақ  заң  орны 
өкімет,  билік  орындарында  мораль  қоғамдық пікір күшіне  сүйенеді.  Мораль 
мен құқықтың мынадай айырмашылықтары бар: құқықтық нормалар арнайы, 
ресмиленген болса, мораль қоғамдық санада ресмиленбеген болып бекітіледі. 
Сондықтан  мораль  нормаларын  бұзған  адам  тек  моральдік  жазаланады,  ал 
құқықты    бұзған  адам  арнайы  мемлекеттік  талаптармен  азаматтық, 
қылмыстық  жазаға  тартылады.  Екіншіден,  құқықты  арнайы  әлеуметтік 
институттар  жасайды,  қажет  кезінде  оған  өзгертулер  енгізіледі,  ал  мораль 
жалпы  халықтыкқ  оны  жасайтын  және  өзгертететін  арнайы  мекеме 
болмайды,  сондықтан  оның  кағидалары  барынша  тұрақты.  Мораль  дінге, 
діни сенімдерге, әдет ғұрыптарға табан тіресе, құқық заңдарға ғана сүйенеді 
т.б.  Көп  жағдайда  моральдік  нормалар  мен  құқықтық  қағидалар  сәйкес 
келеді, бірақ, кей тұстарда оның қағидаттары ажырайды, моральдік тұрғыдан 
«жазалы»  адам,  құқықтық  тұрғыдан  еркін  және  жазалы  емес  болып  шығуы 
мүмкін  және  керісінше.  Қазақ  халкының  дәстүрінде  әдет-ғұрып  пен  салт-
дәстүр  арнайы  емес  заңдар  ретінде,  әрі  моральдік  талаптар  ретінде  қызмет 
етумен қатар, құқықтық заңдар ретінде 
«Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» 
т.б. болған. «Ата салтын бұзды», «Ата-баба аруағын қорлады» деген айыптар 
ел  ішінде  билердің,  ру  ақсақалдарының  шешімімен,  көпшіліктің  келісімімен 


34 
 
өрескелдіктің деңгейіне  байланысты  қатаң  және  жеңіл  жазаларға  тартылған. 
Бұны халық мойындап, соған бас июге саналы, ерікті түрде келіскен. 
Эстетиканың  негізгі  түсініктері:  әсемдік  және  сұрықсыздық,  асқақтық 
және  пасықтық,  трагедиялық  және  комедиялық  сияқты  қарама-қарсы 
категориялар  мен  үйлесімділік,  теңдік,  кемелділік  сияқгы  косымша 
ұғымдарды  қамтиды.  Осы  түсініктер  арқасында  адамның  санасын  жоғарыға 
көтеріп, талғамы мен танымы кеңейеді. Әсемдікті танып білудің маңызы зор. 
Адам  және  табиғат  сұлулығы,  өнер  табиғаты,  адам  өміріндегі  эстетикалық 
құндылықтар  біздің  әсемдік  жайындағы  түсінігімізге  байланысты.  Бұл  да 
қоғамдық сипат  алады.  Мәселен,  өнер бұқаралық формада  жалпы  халықтың 
қолдауымен,  оған  сүйсінуімен,  оларды  бағалауымен  айшықталып  отырады 
немесе  көркемдік  тұрмыстық  бұйымдардың  әсемдігі,  жалпы  айтқанда, 
тұтастай  материалдық  мәдениет  әсемдік  шарттарын  қанағаттандыруға  бет 
түзейді.  Сұлулық  пен  әсемдік  халықтың  талғамы  арқылы  икемделіп, 
өркендейді. Сондай-ақ қайғылылық пен күлкілілік те жалпы қоғамдық таным 
түсінікте  біріңғай  қабылданады  және  сол  сезімдік  аймақты  баршаға  бірдей 
қоздыра  алады.  Мәселен,  қазақ  дүниетанымындағы  Қожанасыр  бейнесі 
жалпы халықтық деңгейдегі күлкіліліктің жиынтық көрінісі. Жалпы алғанда, 
адамның  рухани  қажеттіліктерінің  бірі  осы  эстетикалық  қажеттілік  болып 
табылғандықтан, ол жаппай коғамдық сипатын үнемі әйгілеп отарады. 
Философия  да  қоғамдық  сананың  формасы  болып  табылады.  Себебі 
философиялық  ой  мен  оның  объектісі  тек  кәсіби  мамандарды  ғана  емес, 
жалпы бұқара көпшіліктің де назарын еріксіз аударады. Мәселен, әрбір адам 
жеке  өзінің  өмірі,  болашағы,  бақыт  пен  бақытсыздығы,  адамзат  пен  ғарыш, 
әлем  жөнінде  белгілі  бір  түсініктер  мен  ұғымдарды  пайдалана  отырып, 
өзіндік  қорытындылар  жасап,  өмірлік  бағдарларын  өз  деңгейінде 
айқындайды.  Демек,  олар  философиялық  мәселелерден  тыс  бола 
алмағандықтан, философиялық ойлаудан да оқшау кала алмайды. Сондықтан 
кез келген адам өзінің деңгейіндегі ойтолғамдар аясында өмір сүріп, өмірлік 
ұстанымын,  заманның  жаңашылдығы  мен  бет  алысын,  өзі  және  өзгелер 
туралы көзқарасын, болашақта не істейгіндігін т.б. айқындай отыра, «дұрыс», 
«теріс», «пайдалы», «зиянды», «жақсы», «жаман» деген параметрлер арқылы 
бағдарланып  отырылады.  Өмірлік  тұйыққа  тірелген  сәтінде,  оның 
философиялық  толғанысы  күшейе  түседі.  Сайып  келгенде,  философияның 
қоғамдық  сана  деңгейі  экзистенциализммен  толықтырылады.  Қоғамдық 
сананың  бұл  формалары  бір-бірімен  тығыз  байланыста  өрбиді  және  бірін-
бірімен тоғысып отыратын қарапайым дүниетанымның негізін қалайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет