39
болмысқа айналып отырады, болмыстың дамуы, жоғалуы басқа түрге өтуі
өзінің бұрынғы болмысын терістеп, оны Бейболмысқа өткізіп, келешектегі
Бейболмысын қабылдағаннан кейін сол болмысты иеленеді; осыдан Ештеңе
өзінің таза мәнін қайталайды, демек, болмыстың сәт сайынғы Бейболмыспен
тоғысуы нәтижесінен екеуі бір-біріне сәйкес түсініктерге айналады. Ж.П.
Сартрда Ештеңенің өзіндік болмысы жоқ, егер барлық болмыс жойылса да,
Ештеңенің шексіз үстемдігі орнамайды, себебі оның билігі жоғалған
болмыспен бөлінген. Яғни, Ештеңенің мәні өмір сүріп тұрғандардың өмір
сүрмеуі, шынайы еместігі. Оның абсолюттілігі – өзіне-өзі үнемі қайта
оралып, абсолютті еркіндігімен және абсолюттіліктің болмыс үшін
салыстырмалы екендігіне байланысты Ештеңенің өзі абсолютке айналуымен
өлшенеді. Ештеңе болмыстық емес сапада: мәңгілікке дейін және одан кейін,
шексіздікке дейін және одан кейін болып айқандалуы Бейболмыстың бүткіл
өлшем атаулыдан тәуелсіз екендігін білдірсе, абсолютті еркіндік жайлаған
Ештеңе болмыстың ақырғы сәтін аяқтаушы және жекелеген болсын, тұтас
болсын, болмыстың бастауы және жойылуының сәтін қамтамасыз ететін
әлемнің субстанциясына айналады да, ең соңғы, түпкі, бірден-бір ақиқатты
жинақтайды, абсолютті ақиқат бола отырып, абсолюттің өзімен теңеседі.
Осыған орай, кейбір теологтар Құдайды Бейболмыстық сапаға теңейді де,
екеуін сәйкестендіріп жібереді.
Сонымен «Ештеңе дегеніміз не, оны қалай анықтай аламыз,
қаншалықты танымдық-практикалық маңызы бар» деген сауалдарға орай,
құрылымдық-функционалдық түрде былайша жүйелеп көрсетіледі.
Шынайы
сәйкес келетін концептуалды баламалық түсініктері
– өмір сүрмейтіндік,
болмыс еместік, бар болмайтындық, бар еместік, жоқтық, қатыспайтындық
.
Қазақ дүниетанымындағы бейнелі түсініктер
– «жоқ», «түк», «дым»,
«болмау», «дәнеңе»;
Шынайы сәйкес келмейтін баламалық
құбылыстары
– өзге болмыс, мистикалық әлем, виртуальдік әлем, о дүние,
баламалық физикалық әлемдер, антидүние т.б.
Ештеңенің нақты көрінісі мен аңғарылу сәті әртүрлі жазықтықта
ғылыми тұрғыдан да дәйектеледі: Мәселен, физикадағы – «вакуум»,
астрономияда –«хаос», математикадағы – барлық көптіктің астарында жатқан
көптік асты және Ештеңемен теңестірілетін «нөл» саны, тілдегі – терістеуші
есімдік «ешнәрсе», бейнелеу өнерінде – «қара квадрат», діндегі әлемнің
жаратылу тұжырымдамасындағы – «бастапқы жоқтық», геометриядағы –
«формасыздық», транспсихологиядағы – «бостыққа өту» т.б.
2)
Ештеңенің сипаттары
– алаңсыздық, тыныштық, бейтараптылық,
әрекетсіздік, тұтастық, бірлік, жалғыздық, абсолюттілік, еркіндік,
тексерілмейтіндік,
жоққа
шығарылмайтындық,
танылмайтындық,
тылсымдық,
өзімен-өзі, имманенттілік, асқақ, үрейлі, тұңғиықтық, құрдым, ең соңғы
абстракция, ақиқат, субстанционалдылық, абсолютті тура сәйкестік, басталмайтындық,
формасыздық т.б.
Достарыңызбен бөлісу: