Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  Ғылыми-техникалық  прогресс  және  қазіргі  ғылымның  даму

Pdf көрінісі
бет38/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

6.4  Ғылыми-техникалық  прогресс  және  қазіргі  ғылымның  даму 
болашағы мәселелері.  
Техника  философиясының  қазіргі  заманғы  философиялық  бағыттар 
шеңберінде дамуы 
Позитивизм.  Оның  дамуының  бірінші  кезеңінің  өкілдерінің,  негізінен 
алғанда  теориялық  физика,  математикалық  логика,  машиналар  теориясы, 
техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника 

64 
 
философиясының  негізгі  міндеті  математика,  механика,  физика, 
химияның  принциптеріне  сүйене  отырып,  көптеген  техникалық  әдіс-
құралдарды  реттеу  және  классификациялау,  техниканы  жасаушылыр  мен 
пайдаланушыларға 
арналған 
ұсыныстар 
дайындау. 
Э. 
Махтың 
тұжырымдауынша,  техника  философиясының  пәні  техникалық  тәжірибені 
зерттеу,  техниканың  қара-пайымдылығына,  көрнектілігіне  және  тиімділігіне 
басты назар аудару.  
Неопозитивистер «рациональді техника» немесе «ғылыми технология» 
сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни 
рационалист,  француз  философы  Г.  Башлар  (немесе  Башляр  1884-1962) 
рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше, олар 
бір-біріне  үнемі  әсер  етіп  отырады  деген  принципке  сүйене  отырып, 
идеялардың  ғылымдағы  маңызын  және  білімнің  қоғамда  алатын  орнын 
зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады: 
таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең – рациональдік абст-
рактылық ойлау кезеңі және жаңа «ғылыми рух» кезеңі  – ол тексерулер мен 
теріске  шығаруға,  жаңа  ғылыми  нәтижелерді  қорыту  мен  білімнің  әр  түрлі 
салаларының  арасында  байланыстар  орнатуға  ашық  кезең.  Бұл  ғылым 
табиғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру. 
Ағылшын позитивисі Б.Рассел осы ойды жалғастыра отырып, «техника 
дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника 
ғылымнан  туындайды  және  ғылым  техниканы  басшылыққа  алады,  яғни 
ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады. Б.Рассел, 
сонымен бірге, қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістігінің адамзат 
үшін аса қауіпті жағдай (ядролық соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті, оны 
болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге шақырды. 
Иррационализм  бағыты  антисциентистік  сипатта,  ғылыми  прогреске, 
дүниені  танып-білудің  және  өзгертудің  ғылыми  методтарына  қарсы. 
Олардың пікірінше, техникаландырылған қоғамда тұлғаның жаттануы пайда 
болады.  Бұл  көзқарас  «Өмір  философиясының  өкілі»,  француз  философы 
А.Бергсонның  философиясынан  анық  байқалады.  Бергсон  адамның  рухани 
дүниесі  болмыстың  ерекше  саласы,  оны  ғылыми  таным  арқылы  танып-білу 
және  техникалық  деңгейде  танып-білу  мүмкін  емес  деп  тұжырымдайды. 
Оның  пікірінше,  Өндірістің  машиналық-механикалық  сипаты,  ғылымның 
дамуы  адам  қызметінің  рациональдік-технологиялық  мазмұн  алуына  әкеліп 
соқты,  адам  жаттанды,  оның  бойында  қарама-қайшылықтар  пайда  болып, 
ішкі дүниесі екіге бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы ретінде Бергсон 
адамның  өзін-өзі  моральдық  жағынан  жетілдіруге  ұмтылуын,  өнер,  қолөнер 
және тағы басқа шығармашылық түрлерімен айналысуын атайды. 

65 
 
К.Ясперстін  пікірінше,  техника  –  адамдардың  материалдық  өмірін 
жеңіддету  мақсатымен  табиғатты  ғылыми  меңгеру  тәсілі,  адам  қызметінің 
«заттық»  саласы,  ол  тұлғаның  адамгершіліктік-психологиялық  дүниесіне 
қарама-қарсы,  бірақ  олар  бірін-бірі  толықтырады.  Техникалық  ойлау  тәсілі, 
Ясперстің  ойынша,  қоғам  мен  адам  қажеттілігінен  емес,  экзистенцияның  өз 
болмысын  қанағат  етпеуінен  туындады.  Ғылыми-техникалық  білім  дүниені 
діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, 
дүние  мен  табиғат  бірте-бірте  белгісіз  затқа,  технологиялық  қызмет 
объектісіне  айналды.  Адам  табиғатпен  бірлігін  жоғалтты,  еңбек  процесінің 
өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады. 
Неофрейдизм  бағыты  да  адамға  техниканың  типзіп  отырған  зиянды 
әсерін  атап  көрсетеді.  Олардың  ойынша,  техника  адамның  неврастениялық 
ауруларының  басты  себебі,  бұл  ауруды  жеңу  үшін  адамға  психоана-
литикалық көмек қажет. 
Философиялық  антропология  техниканы  адамның  әлсіздігінің  орнын 
толтыру  үшін  пайда  болған,  табиғи  заңдылықтарды  жүзеге  асыру  тәсілі 
ретінде  түсінеді,  адамға  әуелден  тән  «табиғи  технологияның»  іске  асуы  деп 
қарастырады.  Олар  техниканың  зиянды  жақтарын  да  ескереді,  бірақ  бұл 
құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға 
тырысып,  адамгершіліктік-ұлттық  құндылықтарын  дамытуы  тиіс  деп 
есептейді. 
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте 
маңызды,  сондықтан  техника  философиясы  жалпы  философияның  жаңа 
бағыты  және  ол  өзінен  басқа  онтология,  гносеология,  философиялық 
антропология,  экзистенциализм,  әлеуметтік  философия  және  тағы  басқа 
бағыттармен тығыз байланысты 
 
Технология  және  информатика.  Технология  қазіргі  уақытта 
өркениет  пен  мәдениетті  дамытатын,  қоғамының  қызметтік  құрылымын 
сипаттайтын,  жалпы  адамзаттың  қазіргі  даму  деңгейін  және  болашақта 
дамуының 
көкжиектерін 
анықтайтын 
феномен. 
Қазіргі 
заманғы 

66 
 
экономикалық  ойлаудың  басты  ұғымы  болып  есептелетін  «технология» 
ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат 
болып  келді.  Шындығында,  тағы  бір  іргелі  ұғым  «информациямен»  бірге 
технология  қоғамның  тарихы  мен  нақты  қызметін  түсінудің  концептуалды 
негізін құрайды. Технология мен техника бір нәрсе емес. Техниканың көне 
заманда  калыптасқан  екі  мағынасының  (бір  нәрсені  жасауға  қажетті 
инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы 
технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды, 
бірақ  онымен  шектеліп  қоймайды.  Қазіргі  заманғы  мағынасында 
технология  дегеніміз  инструментальдік  жүйе  (инструменттер,  машиналар, 
техникалық  және  транстпорттық  коммуникациялар  жүйесі),  операциялық 
әрекеттер  жиынтығы  және  инструментальдік  жүйеге  байланысты  туындаған 
және  оған  әсер  ететін  қызмет  жүйесі,  осы  қызметті  басқару  жүйесі, 
әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы. 
 
Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет