Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

перспективті 
жақтары 
ұсынылады: 

 
гносеологиялық:  мәселені  парадоксальді  деп  тауып,  қайшылықты 
табиғатын ашу; 

 
лингвистикалық:  лингвистикалық  философия  объектісі  ретінде 
зерделеу; 

 
аксиологиялық:  ештеңе  аксиологиялық  игілік  ретінде.  Оны 
болашақтағы  көптеген  мәселелердің  шешілуіне  ықпал  ететін,  септігін 
тигізетін қажетті құндылық ретінде бағалау; 

 
онтологиялық:  метаонтология,  аэпистемология,  «Бейболмыс-
болмыс» ұстанымы т.б; 

 
космологиялық:  «әлем  Бейболмысты  қажетсіне  ме,  әлде 
қажетсінбей  ме?»,  «егер  болмыс  болмаса  ше?»  деген  сауалдар  осы 
метаонтологияның аумағындағы мәселелер; 

 
постпозитивистік:  әмбебаптығын,  концептуалдығын  жетілдіру 
перспективасы  оны  кез  келген  сала  бойынша  дамыту  қажеттілігіне  келіп 
тіреледі. 
7)
 
Сонымен қатар Ештеңенің практикалық мәнділігі: 

 
интеллектуальдік:  интеллектуальді  ойын,  ақылды  жаттықтыру 
тренингі,  радикалды  еркін  ойды  жетілдіру  –  болмыс  шеңберінен  шығып, 
Бейболмысты ойлау т.б.; 

 
гносеологиялық:  танымды  тереңдету,  мифтік,  философиялық, 
ғылыми  түрде  дүниенің  жаратылуы,  ұлы  жарылыстағы  алғашқы  нүкте,  қара 
тұңғиық (черная дыра), әлемнің жоғалуы т.б. мәселелер; 

 
компенсациялық:  таным  мен  ақыл  қуатын  қанағаттандырады, 
шабыт шегін толықтырады; 


42 
 

 
терапиялық:  бостық  медитациясы,  рухани  жетілу,  діни  экстаз  т.б. 
адамдық тұлғаны дамытып, көпшілік қол жеткізетін және мойындайтын жаңа 
мораль қалыптастыруға септігін тигізуі мүмкін екендігі; 

 
витальдік:  өлімді  терең  түйсіну,  болудың  құндылығын  сезіну  – 
өмірсүйгіштікті әйгілеу т.б. 
Өзге  болмыс  екі  түрлі  жағдайда  қарастырылады,  біріншісі,  өзге  әлем, 
тылсым дүние деген мазмұнды қамтиды. Бұл сәтте өзге болмыс болмыс пен 
ештеңеге  қатыссыз,  бірақ  болмыстың  өзгеше  құрылған  түрі  ретінде 
сипатталады. Өзге болмыс мистика мен оккультизмде кең орын алғандықтан, 
құпиялықты,  ғажайыптылықты  асқақтандыру  және  дәйектеу  үшін  бұл 
аймақты бөлек өзге дүние ретінде елестетеді. Қазіргі әлем үш өлшемді уақыт 
бойынша өмір сүретін әлем  – осы дүние, біздің дүние болса, бұдан басқа да 
өзге  өлшемдер  де  болуы  мүмкін  әлемдердің  өмір  сүруі  мүмкін  екендігі 
туралы қазіргі заманғы физикадағы теориялар кейде оккультизм мен дін үшін 
өзге  болмысты  дәйектеумен  ықпалдасады.  Екінші  нұсқа  бойынша,  өзге 
болмыс диалектикада, өзінің бұрынғы болмысын терістеген болмыстың түрі 
әзірге  өзгеге  айналады,  бірақ  ол  мүлде  өзге  емес,  «өзінің  өзгесі»  болып 
табылады  деген  сияқты  ілімдерде,  әсіресе,  Г.Ф.Гегельдің  дүниетанымында 
айқындалған. 
4.3 Материя туралы көзқарастар. 
Бізді  әртүрлі  қасиеттерді  иемденетін  сансыз  көп  заттар  қоршап  тұр: 
тіршілік  белгісі  барлар  мен  жоқтар,  яғни  өлі  табиғат,  кейбірі  қатты,  кейбірі 
жұмсақ,  қайсыбірі  ауыр,  қайсыбірі  жеңіл және  көлемдері  үлкен,  кіші.  Бұлар 
адамның  санасынан  тыс  объективті  шынайы  өмір  сүретін  заттар  мен 
құбылыстар  әлемін  құрайды.  Сондықтан  оларды  жалпы  атаумен  белгілеуге 
болатындықтан,  бәрін  қамтитын  ортақ  «материя»  деген  атау  берілген. 
Материя  дегеніміз  –  біздің  түйсіктеріміз  арқылы  мәлім  болатын  және  одан 
тәуелсіз  өмір  сүре  отырып,  түйсіктеріміз  арқылы  олардың  сәулесі,  бейнесі, 
көшірмесі түсірілетін объективті реалдылықты бейнелеу үшін қолданылатын 
категория  деген  дәстүрлі  жалпы  анықтама  белгілі.  Дегенмен,  философия 
тарихында  бұндай  анықтамаға  сәйкес  келмейтін  түсініктер  де  бар. Мәселен, 
XVIII  ғасырдағы  ағылшынның  субъективті  идеализмінің  көрнекті  өкілдері 
немесе эмпириокритицистер атап көрсеткендей, материя объективті емес, ол 
сананың  туындысы,  түйсіктердің  жиынтығынан  басқа  түк  те  емес  екендігі 
Д.Юмның,  Дж.Берклидің,  Э.Махтың  т.б.  көзқарастарында  айтылады. 
Сондықтан  материя  –  кеңістікте  өмір  сүретін,  руханилыққа  қарама-қарсы 
«заттық»  әлемдердің  бірлігі  мен  тұтастығын  айқындайтын  арнайы 
философиялық жалпы ұғым деп те анықтауға болады. 
Осы  тұста  «заттық»  дәрежеге  материяның  қатынасын  анықтап  алу 
қажеттілігі  туындайды.  Зат  пен  материя  бір  ұғым  емес,  мазмұндары  тура 
сәйкес  келе  алмайды.  Заттың  барлығы  материя  болып  табылады,  яғни 
материя  құрамына  сөзсіз  енеді,  материя  емес  зат  болмайды.  Бірақ 
материяның барлығы зат емес, материя болады. Мәселен, физикалық өрістер 
зат  емес  болғанмен,  материя  болып  табылады.  Демек,  материя  затқа 
қарағанда жалпы, ал зат материяға қарағанда жеке болып шығады. 


43 
 
Сонымен  физикалық  өрістер,  элементар  бөлшек,  атом,  молекула, 
химиялық  элементтер,  ағзалар,  геологиялық  формациялар,  ғарыштық  жүйе 
т.б. барлығы материя тобына жатқызылады. 
Материяның  құрылымы  көне  Үндідегі  вайшешика  ілімінен,  көне 
Грекиядағы  атомдық  теорияны  негіздеушілерден  белгілі  болғандай, 
атомдардан тұрады, ал атомдар – ядро мен электроннан құралған. Бірақ көне 
дәуірлерде атом ең соңғы бөлінбейтін бөлшек, тұтастық, одан кіші нәрсе жоқ 
деген түсінік белең алып, ол Н.Бордың атом құрылысын ашқан жаңалығына 
дейін  үстемдік  етіп  келді.  Соңғы  XX  ғасырдағы  физиктердің  жаңалығы 
атомдардың  электрон  мен  ядроға,  одан  соң  позитрон,  нейтрон  сияқты  өте 
ұсақ  кварк  бөлшектерге  шексіз  бөліне  алатындығын  тұжырымдауымен 
байланысты  болды.  Осыған  орай,  «материяның  аннигиляциясы»,  яғни, 
жоғалуы  туралы  көзқарастар  пайда  болды.  Бұны  өрістер  теориясының 
өкілдері  қолдап,  материя  деген  болмайды,  тек  өрістер  ғана  өмір  сүреді, 
материя дегеніміз өрістерге тәуелді болып келеді деп дәйектей келе, олардың 
негізгі  төрт  түрін  атап  көрсетеді:  гравитациялық,  электр,  магнит  және 
ядролық  өріс.  Бұл  энергетизм  бағытымен  орайласып,  бәрі  де  энергия  деген 
тұжырым  арқылы  дәйектелді.  Энергетизм  –  энергия  туралы  ілім. 
Жаратылыстанулық-ғылыми  энергетизмнің  негізін  салушы  –  Роберт  Майер. 
Философиялық  энергетизмде  –  материя,  рух  сияқты  барлық  өмір  сүріп 
тұрғандар  мен  өтіп  жатқандарды  энергияға  апарып  тірейді,  бәрі  энергияның 
көріну  формалары  деп  түсініледі.  Бұл  энергетизмнің  негізін  салушы 
В.Оствальд. 
Бұған  керісінше,  рухани  құбылыстардың  да  материалдық  негізі  бар 
екендігін  атап  көрсететін  көзқарастар  бар.  Мәселен,  биоэнергия, 
энерговампир, парапсихологиялық элементтер т.б. 
Материяның  қасиеттері  жоғалмайды,  пайда  болмайды,  бір  түрден 
екінші түрге ғана өтіп отырады, кеңістікте орналасады, уақыт бойынша өмір 
сүреді  және  мәңгі,  үнемі  қозғалыс  үстінде,  өзінің  құрылымы  мен  көрініс 
жағынан  әлемде  шексіз,  сан  алуан  т.б.  Бірақ  соңғы  уақыттарда  ғылымда  да, 
дінде  де  бұндай  қасиеттердің  кейбірі  жоққа  шығарылады.  Мәселен, 
теологияда  материя  жаратылғандығын,  пайда  болғандығын  айтпағанның 
өзінде оны жаратқан, бар қылған субъект, яғни, Құдай болып табылады және 
қажет кезінде жойып жібере де алады деген түсінік мойындалады. 
Космогенез,  яғни,  философия  тарихы  бойынша  қарастырылатын 
космологияның (ғарыш туралы ілім) даму эволюциясының тұтас өн бойында 
таразыланатын  мәнді  объектіге  де  айналған  «Хаос»  мәселесі  бүгінгі  күнге 
дейін  жалғасын  табуда.  Осыған  орай,  космологияға  әлемнің  жаңаша 
картинасын  құру  үлгісі  бойынша,  бүткіл  жаратылыс  пен  ғарыш  жөніндегі 
түсініктердің  ғылымдар  мен  пәнаралық  біріктірілген  әдіснамалары 
шеңберінде  қарастырылуы  арқылы,  дін  мен  ғылымның  үйлесімділігі  мен 
бірлігінің  жаңа  туындылар  мен  өнімді  идея  тудырушылығы  негізінде 
қайтадан  тануға  ұмтылыс  бойынша  қатынас  жасау  –  XXI  ғасырдағы 
ғылымдар  интеграциясының  да  басты  талабы  болып  отыр.  Мәселен, 
ғаламдық  эволюционизм  тұжырымдамасы,  синергетика,  материяның 


44 
 
қалыптасуының  жаңа  құрылымдарының  жобалары,  эволюциядағы  өздігінен 
ұйымдасу т.б. мәселелердің түпнегіздік шығу тегіне байланыстылығы  – хаос 
түсінігін  орталық  философиялық-ғылыми  айналымға  шығарады.  Қазіргі 
замандағы  жаратылыстану  мен  гуманитарлық  ғылымдар  желісіндегі 
космогенез  мәселесі - хаос пен тәртіптің диалектикасына және бір-біріне өту 
сатыларын зерделеуге де қатысты. 
Физикадағы  термодинамика  қағидаларының  энтропия  заңы  да  хаос 
мәселесіне  байланысты.  Термодинамикалық  хаос  –  космоэволюциядағы 
белсенді  жақ  ретінде  маңызды  буын  өлшеміне  өтеді  де,  «жылу  өлімі 
теориясы»  арқылы  өзіне  қайта  оралатын  Бейболмыстың  мәніне  тоғысады. 
Мәселен, бұл теорияның негізгі түйіндері бойынша, әлемнің жылу энергиясы 
таралып,  сейіліп,  тоқталу  мен  аяқталуға  келіп  тамамдалатындығы  туралы 
гипотезалық  тұжырым  ұсынылады.  Дегенмен,  энтропия  теориясын  да 
позитивті  және  негативті  екі  аспектіде  қарастыру  нұсқасындағы,  позитивті 
ұстанымдарда, әлемнің болашақтағы күйрейтіндігі туралы қайғылы бейнеден 
арылатын оңды теория да жасақталды. 
Материяның  осындай  сан  алуандығына  орай  оларды  былайша  жіктеп 
көрсету жолға қойылған: 

 
өлі табиғат (тіршілік белгісі жоқтар); 

 
тірі табиғат (биологиялық жүйелер); 

 
әлеуметтік жүйе (қоғамдасу, мемлекет т.б.). 
Бұндай  әлемнің  сан  алуандығы,  болмыстың  әртүрлілігі,  тіршіліктің 
көптеген формаларының өмір сүруінің бастапқы негізінде жатқан әлдене не, 
әуел баста бір ғана нәрседен бәрі тараған болуы мүмкін, қазір де бәрі бір ғана 
қағидаға,  табиғи  заңдылықтарға  бағындырылған  болса,  оларды  не  нәрсе, 
қандай  күш  біріктіріп  тұрады  деген  сияқты  көнеден  қалыптасқан 
ойтолғамдар  нақ  сол  нәрсені  іздестірушіге  әкеліп  саяды.  Бұл  философия 
тарихында  көне  замандардан  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  толғанылып  келе 
жатқан  маңызды  мәселелердің  бірі  саналады  және  сол  нәрсені,  құбылысты, 
құдіретті күшті «субстанция» деп атау жолға қойылған. 
Субстанция  дәстүрлі  түсінікте  материямен  синонимдес  болғанымен, 
бұны да жоққа шығаратын пікірлер жетерлік, сондықтан субстанцияның жиі 
қолданылатын  түсіндірмесі  былайша  ұсынылады:  өзінің  қалпы  мен 
қасиеттерін  өзгертетіндерге  қарама-қарсы,  өзгермейтін,  өзгеде  немесе 
өзгемен  емес,  өзімен-өзі,  өзінде-өзі  өмір  сүретін  әлдене,  дүниенің  бастапқы 
негізі,  бәрінің  негізінде  жатқан  мән.  Оны  қазақша  түсіндірмеде  «түпнегіз» 
деп  те  атайды.  Мәселен  көне  Қытай  философиясындағы  алғы  философия 
дәуірінде – алғашқы бес элемент, Инь-Ян субстанциялар түрінде айғақталса, 
даосизм  кезеңінде  ол  Дао  ұғымымен  толықтырылды,  көне  Үндідегі 
барахманизм ілімінде – Брахма, Милет мектебінде материалды нақты заттық 
субстанция  пайымдалады:  Анаксименде  –ауа,  Фалесте  –су,  Геркалитте  –от, 
Анаксимандрда  –  апейрон  т.б.  Жаңа  заманда  субстанция  ұғымы  арнайы 
толғанылды: Декартта –рух пен материя, Спинозада – түпкі себеп, Лейбницте 
–  монада,  Юмде  субстанция  жалған  мәселе  –  фикция  болып  табылады, 
позитивизмде  –  бұл  шешілмейтін  жалған  мәселе,  энергетизмде  –  энергия, 


45 
 
қазіргі  жаратылыстануда  –  құбылыстарды  алып  жүруші  формальді  мәні  бар 
нәрсе болып таразыланады. 
Қазақ  дүниетанымында  субстанция,  түпнегіз  арнайы  ұғымдар  ретінде 
қарастырылмаса  да,  түпбастау,  бәрін  бағындыратын,  билейтін  және 
айқындайтын бастапқылық деген мағыналарда қолданылатын түсініктер бар. 
Мәселен,  «Қара  Жер  –  Көк  Аспан»  дуализмдік  тұғырлары  және  олардың 
адамға ұқсатып кейіптелген (антропоморфтанған) формалары «Ұмай Ана мен 
Көк  Тәңірі»  осындай  жалпы  идеяны  қамтиды.  Бұлар  он  сегіз  мың  ғаламды 
тұтастандыратын,  жинақтайтын  және  дамуы  мен  өрлеуінің  қағидаттарын 
тұспалдайтын  ұстанымдар,  әрі  діни  сенімдік  сипатты,  қастерлілік  пен 
қасиеттілікті,  Адам  Ата  мен  Хауа  ананың  ұқсаушылық  сипатын 
бейнелейтіндікті білдіретін жалпы концепттер. 
Демек, егер де субстанция бар болатын болса, ол мынадай қасиеттерге 
ие  немесе  осындай  қасиеттер  арқылы  философтар  субстанцияны  іздеген: 
барлық  нәрсенің  бастапқы  негізі,  бүкіл  әлемді  айқындаушы,    бәрінен 
абсолютті  тәуелсіз,  ең  алғашқы  нәрсе,  түптің  түбінде  бүкіл  болмыс  келіп 
тоғысатын құбылыс немесе зат т.б. Сондықтан оған «субстрат»  – зат немесе 
құбылыстың 
жоғарғы 
үстем 
келбетінің, 
«жамылғысының» 
яғни, 
суперстраттың  түпкі  негізі;  базис  –  құбылыстың  іргесі  және  қосымша 
белгісі,  яғни,  қондырмасының  астарындағы  түп  тұғыр;  ядро  –  белгілі  бір 
жүйенің мүлтіксіздігі мен өмір сүруінің негізгі орталық нүктесі т.б. 
Субстанция мәселесін толғанушылар оның тек біреу ғана емес, екеу, не 
үшеу  немесе  тіпті  сансыз  көп  болуы  мүмкін  екендігіне  байланысты  да 
әртүрлі  пікірлерін  ұсынады.  Осыған  орай,  философияда;  монизм  –  бір  ғана 
мәнге  негізделген,  жалғыз  ғана  субстанция  бар  екендігі  туралы  түсінік, 
дуализм  –  субстанция  біреу  ғана  емес,  ол  екеу,  қосарланған,  яғни  олар 
бірімен-бірі  субстанциялық  мәртебесі  жөнінен  өзара  тең  келетіндігін 
ұстанатын  бағыт  және  субстанцияның  көптүрлігі  мен  әр  салалығын 
бағдарлайтын – плюрализм бағыттары қалыптасқан. 
Материяның өмір сүру формалары. 
Қозғалыс  –  материяның  өмір  сүру  тәсілі,  ажырамас  қасиеті  ретінде 
белгілі  бүкіл  жалпы  және  әмбебаптылыққа  құрылған  құбылыс,  қозғалыссыз 
материя  болмайды,  материясыз  қозғалыс  та  жоқ.  Қозғалыстың  айқындалу, 
көріну,  байқалу  сәтін  материя  ғана  ашып  бере  алады,  демек,  қозғалыс 
материядан  өзінің  қозғалуын  іске  асыра  алады.  Егер  материя  қозғалмайтын 
болса,  онда  ол  материя  емес  болып  шығады.  Демек,  қозғалыс  материяның 
атрибуты  және  материя  қозғалыстың  іске  асуының  көрінісі.  Сондықтан 
қозғалысқа  мынадай  дәстүрлі  анықтама  берілген:  Қозғалыс  дегеніміз  – 
кеңістіктегі  денелердің  қарапайым  орын  ауыстыруынан  бастап,  адам 
миындағы  болып  жатқан  өзгерістерге  дейінгі  құбылыстардың  барлығы. 
Әлемде  қозғалыссыз,  абсолютті  тыныштық  қалпын  сақтап  тұрған  ешқандай 
материя болмайды. Атомдардан бастап, адамдар жасаған екінші табиғат пен 
дайын күйіндегі бірінші табиғат, тұтас планетамыз бен күн жүйесі, галактика 
мен оның шоғыры, яғни бүкіл ғарыш тұтастай қозғалыс үстінде. Олай болса, 
қозғалыс  кең  ауқымда  барлық  өзгерістерді  қамтиды  және  кеңістікте  дене 


46 
 
жағдайларының  құбылуы  сәттерінен  анық  байқалады.  Бірақ  әрбір  дене 
немесе  олардың  қозғалу  түрлері  әртүрлі  болып  келеді.  Сондықтан 
қозғалыстың шартты түрде мынадай бес формасы анықталған: 
а)  механикалық  қозғалыс  –  денелердің  кеңістікте  қарапайым  орын 
ауыстыруы,  ол–  қозғалыс  формаларының  барлық  түріне  ортақ  және  түпкі 
негізі болып табылады; 
б)  физикалық  қозғалыс  –  жылу,  жарық,  магнетизм  т.б.  физикаға 
қатысты құбылыстардың барлығы; 
в) химиялық қозғалыс, яғни, бүкіл химиялық реакциялар түзілімі; 
г)  органикалық  қозғалыс  –организм  ішіндегі  барлық  ауысулар:  қан 
айналым, ас қорыту, жүрек соғысы т.б.; 
д) әлеуметтік қозғалыс – қоғамдағы болып жатқан барлық өзгерістерді 
қамтиды. Мәселен, төңкерістер, еңбек ету т.б. 
Сондай-ақ қозғалыс абсолютті  және салыстырмалы болып  та бөлінеді. 
Қозғалыстың абсолюттілігі: 
мәңгілігі, 
жойылмайтындығы, 
жаратылмағандығы,  қозғалыссыз  материя  өмір  сүре  алмайтындығы,  бәріне 
тән  жалпылығы,  барлық  жерде  іске  аса  алатындығы,  санадан  тәуелсіздігі, 
үнемі  өтіп  отыратындығы,  үздіксіздігі  т.б.  арқылы  айқындалса,  қозғалыс 
бірінен  соң  бірі  келетін  өтпелі,  аяқталатын,  келесі  бір  құбылыста 
басталатын,үздікті  айқындалған  нақты  үдеріс  ретінде  өмір  сүретін,  мәңгі 
емес  те  болып  келетін,  формалары  бірінен  соң  біріне  ауысып  отыратын 
болғандықтан ол – салыстырмалы деп те аталады. Мәселен, ядродан айналып 
жүретін  электронның  қозғалысы  абсолютті  болса,  қоғамның  бір  орында 
дамымай қалуы салыстырмалы қозғалысты білдіреді. 
Осыдан тыныштық пен қозғалыс мәселесінің ара-қатынасын таразылау 
қажеттігі  туындайды.  Тыныштық  дегеніміз  –  қозғалысқа  қарама-қарсы 
мағынада  қолданылатын  және  оның  бір  сәткі  тұрақты  қалпы.  Яғни, 
қозғалыссыз,  өзгеріссіз,  ауытқусыз,  дамусыз,  кейін  қарай  құлдыраусыз, 
бөлінусіз  болып  табылатын  мүлтіксіз  табиғи  қалыптың  тұрақтылығының 
кепіліндегі  нәрсе  немесе  құбылыс.  Бірақ  тыныштық  уақытша,  әрі 
салыстырмалы,  себебі,  абсолютті  тыныштықта  тұрған  дене  болмайды.  Ол 
тыныштықта  тұрған  күннің  өзінде  ішкі  қозғалыстары  бәрібір  жүзеге  асып 
тұрады.  Мәселен,  жүріп  бара  жатқан  адамға  қарағанда  отырған  адам 
қозғалыссыз, тыныштықта тұрады. Бірақ оның өзінде, ағзаішілік қозғалыстар 
үздіксіз жүріп отырады: ойлау, қан айналымы, зат алмасу т.б. Ішкі қозғалыс 
кей сәттерде жасанды жолмен немесе экстенсивті жағдайда баяулауы мүмкін, 
бірақ  түпкілікті  тоқтап  қала  алмайды.  Мәселен,  мыңдаған  жылдар  бойы 
бұзылмай  сақталған  мумияланған  өлік  денелер,  әртүрлі  химикаттар  арқылы 
кейіптелген  экспонат-хайуанаттар  т.б.  бір  қарағанда  қозғалыссыз,  бірақ  бұл 
тек  әлеуметтік  уақыт  тұрғысынан  ғана,  геологиялық  және  ғарыштық  уақыт 
жүйесінде қозғалыс үстінде болып келеді. Демек, тыныштық салыстырмалы, 
қозғалыс  абсолютті.  Себебі,  қозғалыс  үнемі,  үздіксіз  іске  асып  отырады, 
абсолютті, 
мәңгі 
тыныштық 
деген 
болмайды. 
Тыныштықтың 
салыстырмалылығы  қозғалыстың  абсолюттілігіне  салыстырылып  барып 
анықталады деп те айтуға болады. 


47 
 
Бірақ бұндай тыныштық пен қозғалыстың сипаттамалары кейіннен, XX 
ғасырдың  аяғына  таман  жаңа  танымдық  парадигмалар  бойынша  нақты 
тәжірибемен дәйектелмесе де, өзгерістерге ұшырап отыр, яғни, абсолюттілік 
пен салыстырмалылық қалыптар да өзгеруі мүмкін. 
Кез  келген  материалдық  объект  сыртқы  пішіні  бойынша  әртүрлі 
сапаларды  иеленеді:  ұзын,  қысқа,  биік,  аласа,  көлемді,  шағын,  біреуі  төмен, 
екіншісі  жоғары  болса,  қайсібірі  ілгері,  қайсібірі  кейін,  бір-біріне  жақын 
немесе алыс орналасады және қозғалыс сәтінде белгілі бір орыннан ауытқып, 
келесі  бір  орынға  қарай  өзгереді.  Бұның  бәрі  осы  кеңістік  арқылы  жүзеге 
асады  немесе  кеңістік  материяның  осы  сапаларының  болуына  алғышарт 
жасайды.  Сондықтан  кеңістік  дегеніміз  –  материалды  объектілердің  қатар 
өмір  сүруінің  тәртібін  білдіретін  орын  және  қозғалушы  дененің  бастапқы 
қалпынан ауытқуының шартын құрайтын мүмкіндік болып табылады. 
Әлемдегі әрбір құбылыс, бірінен соң бірі, біреуі кейіндеу, екіншісі одан 
бұрынырақ  өтіп  отырады,  ал  біреулері  ұзақ,  енді  біреулері  қысқа  мерзім 
ішінде  аяқталады  және  ол  кері  қарай  өзінің  бастапқы  қалпына  сол  ізбенен, 
дәл сол күйінде өзгеріссіз бара алмайды. Осыдан біз уақытты аңдай аламыз. 
Сайып  келгенде,  бұл  қозғалыстардың  осындай  өлшемдерін  уақыт  өз 
аясында  қамтамасыз  етіп  отырады.  Яғни,  құбылыстың  осындай 
сипаттарының  барлығына  уақыт  қана  мүмкіндік  жасайды.  Ендеше  уақыт 
дегеніміз  –  өткеннен  болашаққа  қарай  жүріп  отыратын  қайтымсыз  және 
үздіксіз үдеріс. 
Кеңістік  пен  уақыт  материяның  өмір  сүруінің  формалары  екендігін 
байыптағанда, кез келген материя қозғалысы белгілі бір уақыт ішінде жүзеге 
асып,  кеңістік  арқылы  орындалатындығы  басты  негізге  алынады.  Уақыттан 
тыс  қозғалыс  болмайды,  қозғалыс  болмағаннан  кейін  материя  да  болмайды, 
сәйкесінше,  қозғалыс  белгілі  бір  кеңістік  өлшемдерін  пайдалана  отырып, 
өзін-өзі  іске  асырады,  демек,  кеңістіктен  тыс  қозғалыстың  болуы  да  мүмкін 
емес,  бұндай  кеңістіксіз  қозғалыстың  мүлде  болмауы,  материяның да  мүлде 
өмір  сүрмеуіне  алып  келеді.  Сондықтан,  материяның  жалпы  өмір  сүруінің 
шарты – кеңістік, кеңістікте орналаспаған, одан тыс материя болуы да мүмкін 
емес,  ол белгілі  бір  уақыт  ішінде  өмір  сүреді,  мәңгі  болғанымен,  бір  түрден 
екінші бір түрге ауысу сәтінде уақытты пайдалана отырып, құбылады. 
Философия мен жаратылыстану құбылыстарында уақыт пен кеңістіктің 
шынайы-шынайы  еместігі  жөнінде  екі  түрлі  көзқарастар  бар:  Біріншісі  – 
уақыт  пен  кеңістік  объективті  өмір  сүрмейді,  біздің  санамызда  ғана  деп 
санайтын  субъективті  идеалистік  бағыт:  Дж.Беркли  –  оны  субъективті 
қабылдаудың  формасы;  Кант  –  біздің  санамыздың  априорлық  формалары; 
Э.Мах  –  түйсіктер  қатары  жүйесінің  тәртібі  деп  түсінеді.  Екіншісі  –  уақыт 
пен  кеңістік  біздің  санамыздан  тәуелсіз  шынайы  өмір  сүреді  деп  санайтын 
материализм,  неореализм  сияқты  бағыттар.  Ол  үшін  кеңістік  пен  уақыттың 
сипаттары мен қасиеттерін айырмашылықты түрде зерделеп алу қажет. 
Кеңістіктің  сипаттары:  үш  өлшемді  –  ені,  ұзындығы,  биіктігі  бар; 
қайтымды  –  қозғалушы  дене  өзінің  бастапқы  нүктесіне  қайта  орала  алады, 
қақ  жарылғандай  симметриялы  бола  алады,  екінші  бір  аймақта  айна  тәрізді 


48 
 
болып  көрінеді;  ал  уақыттың  сипаттары:  бір өлшемді  –  өткеннен  болашаққа 
қарай жүреді, шартты түрде үш кезеңнен тұрады – өткен, осы шақ, болашақ, 
қайтымсыз – дәл бұрынғы қалпына қайта орала алмайды. 
Ал  ортақ  қасиеттері  диалектикалық  негізде  құрылады:  шексіз,  әрі 
шекті,  шетсіз,  әрі  шетті,  субъективті  және  объективті,  абсолютті  және 
салыстырмалы, үздікті және үздіксіз т.б. 
Кеңістік  пен  уақыттың  абсолюттілігі  –  санамыздан  тәуелсіз 
объективтілігінен, 
үздіксіздігінен, 
шексіздігінен 
анық 
байқалса, 
салыстырмалылығы  кейбір  шектерде,  таным  түсініктерде  ол  белгілі  бір 
шарттармен айқындалатындығына байланысты болып  келеді. Мәселен, 1916 
жылы  А.Эйнштейн  абсолюттік  қозғалыс,  абсолюттік  уақыт,  абсолюттік 
кеңістік ұғымдарынан бас тарта отырып, өзінің салыстырмалылық теориясын 
ұсынды, бұның кеңістік пен уақытқа қатысты қыры уақыттың салыстырмалы 
екендігін  байыптауға  құрылған:  дененің  жылдамдығы  артқан  сайын,  оның 
массасы  ауырлап,  уақыттың  жүрісі  баяулай  түседі,  ол  қозғалыс  жарық 
жылдамдығына,  яғни,  300  000  км/сек  жеткен  сәтте  уақыттың 
жойылатындығын негіздеп, ол жарық жылдамдығымен шартталған екендігін 
дәйектейді. Осыдан кеңістіктің төртінші өлшемі уақыт болып айқындалды. 
XX  ғасырдың  орта  шеніне  таман  кеңістік  пен  уақыт  жөніндегі 
теориялар  жаңара  түсті,  әсіресе,  теориялық  жағынан  тым  жетіліп  кетті. 
Физико  -математикалық  теорияларда  4,  5,  6  тіпті  одан  да  көп  өлшемді 
кеңістіктің  болуы  мүмкін  екендігі  ұсынылды.  Олар  реалды  үш  өлшемді 
кеңістікке  қайшы  келмейді  және  осы  дүниеге  кірігіп,  мүлде  басқа 
парадигмалармен  барлығы  да  жарыспалы  түрде  бола  береді  деген  жоба 
ұсынылады.  Үшбұрыш  бұрыштарының  қосындысы  180°  тең  болатындығы 
жөніндегі  Евклид  геометриясының  орнын  евклидтік  емес  геометриялар 
басты.  Лобачевский  геометриясында  ол  үнемі  180°-тан  кем  болатындығы 
дәйектелсе,  Риман  кеңістігінде  ол  үнемі  асып  кететіндігі  сөз  болады.  Ал 
«әлемдік  сызық»  түсінігіндегі  Риман  ұсынған  төрт  өлшемді  кеңістіктің 
қисаюы  уақыты  жоқ  координатқа  айналады.  Минковский  ұсынған  әлемде 
уақыт  жоқ,  бірақ  ол  бар,  онда  бір  нәрсенің  өтуі  де  мүмкін  емес.  Эйнштейн 
тартылысқа  байланысты  кеңістіктің  қисаюын  ұсынса,  ол  1922  жылы 
Э.Картанның  айналмалы  кеңістік  теориясымен  жалғаса  түсті.  Бұндай 
теориялар  кеңістік  пен  уақытты  бірлікте  ғана  емес,  ажыратып  қарауға  да 
келмейтін одақтас болып табылатындығы туралы Минковский әлемі ұсынған 
тұжырымдамамен  үндесіп,  кеңістік  пен  уақыт  –  «континиум»  деген  ортақ 
атауға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет