84
қайталаулары Шопенгауэр айтқан періштелер дүниесін елестетеді»,-десе,
келесі бір орыс философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары
қарастырады деп санайды. Оның пікірінше, міндетті түрде орындауға тиісті
парыз адамның еркіндігін шектейді, адамды қоғамға, қоғамдық пікірге
тәуелді етеді. Ал кеңестік философия Кантты негізінен скептикалық
тұрғыдан ғана қабылдап, оған «идеалист» айдарын таққаны белгілі
Біздің ойымызша, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы Кант фи-
лософиясының, оның ішінде этикалық парыз ілімінің қазіргі заманда ма-
нызы зор. Соңғы, әсіресе елімізге кептеген өзгерістер әкелген 90-шы
жылдардың басынан бергі уақытта Кант философиясына деген бүрыннан да
күшті қызығушылықтың ұлғая түсуі кездейсоқтық емес. Жоғарыда
айтылғандай, Кант ілімі қазір моральдық ригоризм тапшылығын сезініп
отырған әрбір адамға, жалпы адамзатқа қажет болып отыр. Әрине, Канттың
парыз принципінің абстрактылығын, белгісіздеу жалпылығын жоққа
шығаруға болмайды. Жеке адамға оның бүкіл адамзат алдындағы парызы
тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір
елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз
белгілі бір топтар, қоғамдастықтар алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды
орындау адамнан ақылға негізделген үлкен күш-жігерді, рухани еңбекті,
адамгершіліктік өсуді талап етеді. Парыз принципі адамды өз ақылына,
рухани мүмкіндіктеріне сенуге, өз бойындағы жабайы, табиғи инстинктерді
жеңіп, парасатты жоғары қоя білуге, ар-ұждан парызын түсінуге, бір сөзбен
айтсақ, адам болуға үйретеді.
Кант осы принцип арқылы адамды отбасы, коллектив, мемлекет қана
емес, әлем шеңберінде тіл табыса білуге шақырады. Қазіргі таңда адамзат
алдында екі жол түр: халықаралық келісім арқылы мәңгілік бейбітшілікке
кол жеткізу және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету.
Адамзат Канттың парыз принципіне сүйеніп. алдыңғы жолды таңдауы тиіс.
Кант парыз идеясының және адам парасатының салтанатына сенеді, тіпті
басқа қасиеттердің бәрі бірігіп ақыл-ойдан туындайтын қүдыретті адам-
гершілік заңына төтеп бере алмайтындығына шүбә келтірмейді
Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант
философияны атайды. Казіргі философия езінің зерттеу объектісі — адам
проблемасына қайта оралып отыр. болып қана қойған жоқ, өзі осы
принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы болды. Осы ретте оны
Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты адамгершілікке
толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді.
Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл
философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық
ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: «Канттан бергі философия
көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ»,- деп. оның философиясын үлкен
көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі
заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: