Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Тақырыбы: «Абсцесс және флегмона»



бет44/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Тақырыбы: «Абсцесс және флегмона»
Сабақтың мақсаты: Хирургиялық инфекцияның жіктелуі және хирургиялық инфекцияның қоздырғыштары. Емі және алдын алу.Даму сатылары.
Жабдықтау. Ауру малдар, тақырыпқа сәйкес суреттер, инструменттер: ұстара, қан алатын ине, 5-10 мл шприцтер инелерімен;
Дәрі-дәрмектер: йодталған 700 спирт, йод тұнығы, 0,5% новокаин ерітіндісі және төменгі антисептикалық ерітінділер: этакридин лактат 1:50, калий перманганат, 0,5-10% фурациллин 1:5000, 3% сутегі асқын тотығы, ұнталар, стрептоцид, трициллин.
1 – ТАПСЫРМА. Абсцесстің клиникалық белгілерін, анықтау әдістерін
және емдеу тәсілдерін игеру.
Өткен дәрістер материалдарын және суреттерді пайдаланып абсцесстің клиникалық белгілерін анықтап, ауру малға дұрыс ем жасаңдар.
Абсцесс – дегеніміз ұлпалар мен ағзаларда болатын шектелген іріңге толы патологиялық қуыс.
Абсцесстің клиникалық белгілері:

  1. Шектелген домбығу /ісіну/

  2. Ауырсыну

  3. Қызару

  4. Жергілікті қызуының көтерілуі

  5. Алғашқы кезде қатты, кейіннен былқылдауы білінеді.

Абсцесстің клиникалық белгілері басқа ауруларға да ұқсайды, сондықтан оны төменгі аурулардан ажыратыңдар.
Гематомадан /қанды ісіктен/ - мұнда домбығу тез арада пайда болады, тесіп көргенде қан шығады.
Лимфоэкстравазаттан – басып көргенде қуыста шайқалған сұйықтық байқалады, ауырсыну, қызару, қызуы болмайды, тесіп көргенде инеден сөл /лимфа/ ағады.
Жарықтан /грыжадан/ - мұнда жарыққа тән белгілері болады – сақинасы, түсіндісі, қабшығы. Асқынбаған жарық қолмен басқанда ішке кіріп, домбығуы жойылады. Қабынудың клиникалық белгілері байқалмайды.
Флегмонадан – мұнда домбығу шектелмей жайылып пайда болады.
Қатерлі-қатерсіз ісіктерден – бұлар қолмен басып көргенде қатты болады, ауырсынбайды, қызуы, қызаруы болмайды, ұзақ уақыт өсіп-дамиды.
Абсцессті осы аурулардан ажырату үшін оның бетінің жұмсарған жерін алдын ала жүнін қырқып, қырып, йодталған спиртпен және йод тұнығымен өңдеп, өзегі кең инемен теседі, мұнда ірің шығуы керек. Кезекші студенттер іріңге сипаттама береді, қою-сұйықтығын, түсін, жағымсыз иісін, мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін ем қолданады.
Емдеу әдістері: 1. Инемен іріңді сорып алу /аспирация/ - өзегі кең инемен іріңдікті тесіп шприц арқылы іріңді сорып алу, сол ине арқылы әр түрлі антисептикалық ерітінділермен шаю.

  1. Қабымен сылып алу /экстирпация/ - операция алаңын дайындап, терісін жансыздандырады. Теріні іріңдіктің қабына дейін тіліп, айналасындағы терісін іреп, ірің толған қапты алып тастайды.

  2. Жару – терінің тілетін жерін операцияға дайындап өткір пышақпен жару. Іріңді ағызып шығарып, іріңдіктің қуысын 3% сутегі асқын тотығы, этакридин лактат 1:500, 2-3% хлорамин немесе перманганат калийдің 0,5-10% ерітінділерін, антисептикалық ұнтақтарды /стрептоцид, трициллин, йодоформ/ қолданады.

2 – ТАПСЫРМА. Флегмонаның клиникалық белгілерін анықтау және емдеу тәсілдерін игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет