Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Тақырыбы: Жараның жіктелуі, Жара процессінің биологиясы. Түліктік жазылу ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты



бет46/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Тақырыбы: Жараның жіктелуі, Жара процессінің биологиясы. Түліктік жазылу ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге малдардың әр түрлі жараларының ерекшеліктерін көрсетіп, оларды зерттеу әдістері мен емін үйрету.
Жабдықтау. Жаралы малдар, тақырыпқа сәйкес суреттер, 5-10 мл шприцтер, инелер, қайшы, ұстара, скальпель, пинцеттер, жараның аузын кеңітетін /ашатын/ ілгіштер, әр түрлі түтікшелер /зондтар/, йодталған спирт, йод тұнығы, 0,5% новокаин ерітіндісі, антисептикалық ерітінділер, зарарсыздандырылған тампог, дәке, мата, антибиотиктер, 5% йод тұнығы, антибиотиктер, антисептикалық ерітінділер, стрептоцид, йодоформ, салицил ұнтақтары, синтомицин, цинк, ихтиол майлары, Вишневский эмульсиясы.
1 – ТАПСЫРМА. Жаралардың түрлерін анықтап, оларды зерттеу әдістерін игеру.
Жараның түрлері – операциялық, кездейсоқ және соғыс кезіндегі болып жіктеледі.
Кездейсоқ және соғыс жаралары себебіне қарай тағы бөлінеді.
Олар: түйрелген, тілінген, шабылған, соғылған, жыртылған, жаншылған, тістелген, атпақару және уланған жаралар.
Осы жаралардың клиникалық белгілерінің ерекшелігін айырып, одан кейін ауру малдың жарасын зерттеу әдістерін игеріңдер.
Ауру малды зерттеу жолы. Жараның пайда болған уақыты, немен жараланғаны, алғашқы дәрігерлік көмек жасалған-жасалмағанын анықтаңдар. Жараның пайда болған жері, оған байланысты қызметінің бұзылуы, жараны таңған дәке болса оның қалпына – бос байланған ба, тығыз ба, құрғақ немесе ірің, қан сіңіп дымқылдануына көңіл аударады.
Жараны сырттай зерттеу. Мұнда жараның белгілеріне, өзгерістеріне көңіл бөліп – жараның пайда болған жеріне, түріне, пішініне, көлеміне, аузының ажырауына, қан ағысына, бөгде заттар, ірің бар жоғына көңіл аударады. Жараның айналасындағы өзгерістерді қолмен басып көріп анықтайды /қызуы, сықырлауы, тығыздығы, жұмсақтығы/.
Жараның ішін зерттеу. Алдын ала жараның төңірегіне 0,5% новокаин ерітіндісін жіберіп жансыздандырады, осыдан кейін жара ілгіштермен аузын ашып, оның қуысын зерттейді, бөгде заттар бар жоғын анықтайды, гранулды ұлпаның өсуін байқайды. Жараның тереңдігін, бағытын, ұлпалардың ажырауын, темір немесе эбонит зондтардың көмегімен анықтайды. Ыңғайлысы бармақпен тексерген жөн.
Жара экссудатын зерттеу. Мұнда жара экссудатының түріне, қоюлығына, мөлшеріне, иісіне, PH көрсеткішіне тағы басқа жақтарына көңіл бөледі. PH көрсеткішін лакмус қағазымен айырып, соған байланысты дәрі-дәрмектер қолданады. Жарадағы микробтардың сапасы мен түрлерін және олардың тиісті антибиотиктерге сезімталдығын анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Жараның жұғым-таңбасын зерттеу. Бұл зерттеудің маңызы – жарадағы микробтардың белсенділігі мен патогендігін /зардаптылығы/ анықтау, жараның жазылу процессінің барысы мен соңын бақылау, қолданылған емнің нәтижесін білу.
Зерттеу алдында жараның айналасын, бетіндегі қоқым-ластануды физиологиялық ерітіндісіне суланған тампонмен тазартады. Содан кейін таза шыныны жараның бетіне тиістіріп жұғым алады. Жұғымды бір жерден 3-4 шыныға алады. Оны қан жұғымындай әдіспен кептіріп, бекітіп, Романовский-Гимза бойынша бояйды. Дайын болған жұғым таңбаларын микроскоп арқылы зерттейді.
2 – ТАПСЫРМА. Малдың жарасын механикалық әдіспен емдеуді игеру. Механикалық ем: 1. Жараның айналасын тазарту /туалет/.
2. Хирургиялық өңдеудің әдістері: - тілу; жараны жартылай сылу – өліеттерден тазарту; жараны толық сылу – өліеттерге қосып жараның қабырғасы мен түбінен сау еттерін де сылып алу; жараның тесігіне қарсы қосымша тесу /контрапертура/.
Бұл шаралар жасалар алдында жараның айналасын операцияға дайындап өңдейді, 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандырады.
Тілу – скальпель, пинцетті пайдаланып жараның аузын керегінше кеңітеді.
Жартылай сылу – жараның жиегіндегі, қабырғаларындағы өліеттерін жанды етке дейін қайшы, скальпельмен тіліп алып тастайды. Өліетті тілгенде ауырсыну болмайды, қан ақпайды.
Толық сылу – мұнда өліетпен бірге жараның жиегінің, қабырғаларының және түбінің жанды еті де қоса сылынып, толық ойылып алынады. Мұндай жара асептикалық болып есептелінеді, сондықтан оны тігіп емдеуге болады.
Контрапертура – жараның қуысы көлемді болып ірің төмен жағына жиналып, аузынан толық ақпаған жағдайда, оған қарама-қарсы қосымша тесік жасайды. Ол үшін жараның қуысына зонд жіберіп, тілетін жерін белгілейді де сырттан оның ұшын бағыттап тіліп қуысқа енеді, жарадан ірің ағатын қосымша тесік жасалады.
3 – ТАПСЫРМА. Малдың жарасын физикалық әдіспен игеру. Мұнда қолданылатын дәрі-дәрмектердің, заттардың физикалық қасиеттерін емге пайдаланады. Олар дәке, гипс, әр түрлі гипертоникалық ерітінділер, кәріздер, өзінің капиллярлық қасиеттерімен сұйық заттарды өзіне тартып жараның қуысын құрғатады.
Дәке қолдану әдістері: 1. Жараны дәкемен таңып байлау.

  1. Жараның қуысын тампонмен толтырып, сыртын дәкемен таңып байлау.

  2. 10-20% ас тұзының ерітіндісімен суланған дәкені пайдаланып жараны таңып байлау.

  3. Дәкені гипспен бірге қолданып жараны таңып байлайды.

Дәкемен бірге қолданған гипертоникалық ерітінділер мен гипстің де сұйықты өзіне тарту қасиеті бар.
Дренаж /кәрізді/ қолдану әдістері. Кәріздің екі түрі болады – дәкелі /марлелі/, құбырлы.

  1. Дәкелі дренаж /кәріз/. Жараның қуысына иректеп бос қылып дәкені енгізеді, кейде оны тұзды сумен немесе Вишневский линиментімен, майлар мен бірге қолданады.

  2. Құбырлы кәріз. Терең жараларда іріңнің тоқтаусыз ағуы үшін, жараның астыңғы жағын қосымша теседі. Егер осы екі тесіктің арасын жалғастырып жан-жағы тесілген құбырды пайдаланса, сол құбыр арқылы іріңнің сыртқа шығуы үдейді.

Осы емдердің барлығы басқа емдермен бірге жараның жазылуына әсер етеді. Бұдан басқа тұздардың ерітінділерін қолдануға болады.
4 – ТАПСЫРМА. Малдың жарасын химиялық әдіспен емдеуді игеру.
Жараны химиялық әдіспен емдеудің мәні-оташының қолын, операциялық алаңды, жараның айналасын және өзін антисептикалық және бактериостатикалық заттармен өңдеу. Негізінен жараның гидратация кезеңінде қолданады. Осы дәрілерді төменгі жолдармен қолданады.

  1. Жараны асептикалық ерітінділермен жуып-шаю. Бұл үшін ерітінділерді жылытып қолданады. Әдетте алдымен сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісін пайдаланады. Оның негізгі әсері көпіріп механикалық тазарту, ал антисептикалық қасиеті басқа дәрілерге қарағанда төмендеу болады. Бұдан кейін басқа күштірек антисептиктердің біреуін қолданады – этакридин лактат, калий перманганат, фурацилин тағы сол сияқты ерітінділер. Күрделі жарақаттанғанда анаэробты инфекция дамуына қауіп болса, 400 дейін жылытылған калий перманганаты, хлорамин ерітінділерін ұзақ жуып-шаюға қолданады.

  2. Жараға ұнта қолдану. Жараға дәрі ұзақ әсер ету үшін ерітінділерден кейін оны құрғатып төменгі ұнталарды қолданады: стрептоцид, йодоформ, трициллин немесе басқа антибиотик ұнталарын жарада өліет, ірің көп болған жағдайда салицил қышқылының ұнтасын пайдаланады. Оның антисептикалық қабілеті өте күшті және ол жараны өліеттен жақсы тазартады.

  3. Жараға май дәрілерін қолдану. Мұнда Вишневский эмульсиясы, стрептоцид, синтомицин тағы басқа май дәрілерін пайдаланады.

Бұл дәрілерді жараның дегидратация кезеңінде қолданады. Олар гранулды ұлпаның ылғалдылығын сақтап оның өсіп-дамуына әсер етеді, сонымен бірге антисептикалық қасиеттері де жақсы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жараны механикалық өңдеу дегеніміз не?

  2. Хирургиялық өңдеудің әдістері қандай?

  3. Кәріз қолдану әдістерін атаңыз?

  4. Химиялық антисептикалық ерітінділерді атап шығыңдар?

4 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет